14.3 Магистрлік диссертациялар әзірлеу және рәсімдеу
Магистрлік диссертация әзірлеу және рәсімдеу ережесі ЖОО ресми сайтында орналастырылады [8].
Магистрлік диссертация – магистрді дайындаудың қорытынды кезеңі. Ол түлектің көрнекілігін, сәйкес білім саласындағы ғылыми проблемаларды шеше алатын және шығармашылық қалыптастыра алатын ғылыми жұмысшы ретінде көрсетуі тиіс.
Магистрлік диссертация магистранттың жеке өзімен ғылыми жетекшінің басшылығымен дайындалуы керек.
Магистрлік диссертация ғылым мен іс-тәжірибенің заманауи теориялық, әдістемелік және технологиялық жетістіктеріне негізделуі, ғылыми зерттеулердің заманауи әдістерін қолдану арқылы жасалуы, негізгі қорғалатын ережелер бойынша ғылыми-зерттеулік (әдістемелік, іс-тәжірибелік) бөлімшелерден тұруы, сәйкес білім саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге негізделуі, нақты практикалық ұсыныстардан тұруы керек.
Магистрлік диссертацияның мазмұнына және безендірілуіне, оларды қорғауға және дайындауға талаптар білім саласындағы уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.
Магистрлік диссертация сәйкес ғылыми мамандықтың «магистр» академиялық дәрежесін түлекке тағайындау үшін негіз болып табылады.
Магистрлік диссертацияның негізгі мақсаты – магистранттың ғылыми біліктілігінің деңгейін көрсету, өзіндік ғылыми ізденіс жасай ала білу қабілеті, нақты ғылыми міндеттерді шешуге қабілеттерді тексеру, оларды шешудің көптеген әдістері мен тәсілдерін білу. Магистрлік диссертация ғылыми білімнің жалпы ғылыми және арнайы тәсілдерін бейнелеуі керек.
Осы мақсатқа жету жолында келесі принциптік сипаттағы міндеттерді шешу керек:
Библиографияны құрастыру, таңдалынған тақырып бойынша әбеди көздерді зерттеу және ғылыми жалпыландыру;
Зерттелінетін нысан бойынша динамикалық және құрылымдық өзгерістерді сипаттайтын, алғашқы, фактілік және статистикалық материалдарды жинау, өңдеу, талдау және синтез жасау;
Зерттелінетін нысанды сәтті дамуын болжау және тиімділігін бағалау үшін экономикалық-математикалық есептерді қолданудың мүмкіндіктерін және әдістерін анықтау;
магистрлік диссертацияның тақырыбын таңдаудың негізгі мотиві болып табылған - қорытындыларды, ұсыныстарды және ұстанымдарды іске асыру проблемаларын рационалды шешуге мүмкіндік беретін, ғылыми аргументация.
Достарыңызбен бөлісу: |