3. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға әсер етудің заңнамалық шаралары Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, қылмыстық қудалау органдарының және соттың оны таңдауы үнемі еліміздің Жоғарғы Сотының және Бас Прокурорының тиісті түсіндірмелерін шығару арқылы түзетіліп отырады. Конституцияның ең басты миссиясы - қабылданатын заңдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауын және құқық қолдану процесінде оларды қорғауды тиімді қамтамасыз етуі болып табылады.
4. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда азаматтық қоғам құрылымдарымен өзара іс-қимыл. Конституция – еліміздегі Негізгі заң. Оның анықтамасын ашып көрсетер болсақ, ең алдымен, Конституция – бұл мемлекеттік егемендіктің негізі, яғни мемлекеттік өз аумағында үстем болуы және халықаралық қатынастардағы оның тәуелсіздігін бекітеді. Конституция заң жүзінде белгіленген негізгі нормативтік құқықтық актілердің ішінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының жіктемесі жүйесінде бірінші орында тұрады.
Сонымен бірге ол барлық заңнамалық белгіленген нормативтік құқықтық актілер сатысында да бірінші орынды алады. Сәйкесінше, барлық қалған нормативтік құқықтық актілердің нормалары мен ережелері Конституцияның нормалары мен ережелеріне қайшы келмеуі тиіс.