Лекция тезистері 3 кредит


Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі



бет34/65
Дата07.02.2022
өлшемі311,82 Kb.
#96344
түріЛекция
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
Педагогика және тәрбие жұм әд лекция

Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі. Сыныптан тыс тәрбие
жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметін
ерекше сипат береді – білімділік, тәрбиелілік және дамытушылық.
Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметтінәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез – құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының  дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін, оқушылардың жеке – дара қабілеттерін дамытуды көздейді. Соған орай баланың жасырын қабілетін анықтау, бейімін, қызығушылығын дамытуды мақсат тұтады. Егерде оқушы бір нәрсеге қызығушылығы болса, онда мұғалім сол сұраққа қатысты қосымша қызықты мағлұмат беріп, оқуға қосымша әдебиет ұсынып, оған жағдай туғызып, сонымен бірге оның қызығушылығын арттырады.
Осындай жұмысты атқаруда белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін оның мақсатын нақты анықтау қажет. Мысалы, мұғалім “қонаққа барған жағдайда қандай мінез – құлық ережелерін сақтау” қажеттілігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік. Ол үшін оның мақсатына баланың “мінез – құлық ережесі” туралы ьілімдерді кеңейтуді белгілейді.Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады.Яғни, балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез – құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормаларын сақтауға үйрету; “мінез – құлық нормалары” деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын “мінез – құлық нормаларына” қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттердің түрін белгілейді.
Осы бағыттағыжұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау жұмыстары оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделеген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым – қатынаста, моральдық бейнесін бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды.Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады.

    • Біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл – ойына әсер етуді көздейді);

    • Екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіруді көздейді);

    • Үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.

    • Төртіншіден,коммуникативтік біліктілігі мен дағдарысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.).

    • Бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет