екiншiсiне өтуi (мыс.: түйсiктiң сезiмге, сезiмнiң ойға, ойдың сөзге т.с.с.), адам психикасындағы ашық
сана
аймағы мен бейсана байланысы, адам көңiл шарпуларының ерекшелiктерi, жеке адам
заңдылықтары т.б. осы тiлдестiк қатынастың негiзiнде жасалады. Тiлдесу деген не? Тiлдесу - бiркелiкi
iс-әрекет қа-жеттiгiнен туындаған адамдар арасындағы байланыстардың даму көзi.
Тiл қатынасы
негiзiнен әңгiмелесушiлердiң өзара ақпарат алмасуынан қалыптасады. Бұл ақпарат алмасу тiл
қатынасының коммуникативтiк сипатын құрайды. Тiлдесудiң екiншi тарапы - сөйлеушiлердiң өзара
ықпалы, яғни сөйлесу барысындағы сөз алмасу ғана емес, сонымен қатар бiр бiрiнiң әрекетiн, қылығын
танып,
оны өзгерiске келтiруi, жауап беруi. Үшiншi, ақырғы, тарапы тiл қатынасы сөйлесу арқылы
адамдардың бiрiн бiрi қабылдап, өздерiнiң психологиялық бейнесiн түзуi. Сонымен,
бiртұтас тiлдесу
процесiнде үш бағытты байқаймыз: коммуникативтi (ақпарат алмасу), интерактивтi (өзара ықпалды
әрекетке келу) және перцептивтi (адамның бiрiн бiрi қабылдап, түсiнiсуi). Осы үш,
бiр-бiрiне
байланысты тiлдесудiң қырлары бiрлiктi қызмет орындауымен сол қызметке араласқан адамдардың
өзара қатынасын ұйымдастырудың әдiстерiн құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: