Автор ізімен талдау, оның негізгі мақсаттары.
Бұл талдауда мұғалім көркем шығарма сюжеті, эпизодтары, автордың негізгі ойы, мазмұн мен форма жүйесін сақтай отырып, талдауа ерекше назар аударады.
Көркем туындыны образдар жүйесіне қарай талдау жолдары.
Образдар жүйесіне талдау , талдаудың мектеп тәжірибесінде дәстүрге айналған өте көп тараған түрі болып табылады. 5-8 сыныптар оқушылары көркем туындыдағы бас кейіпкерлерге толық талдау жасай алмаса да, олардың іс-әрекеттерін назардан тыс қалдыра алмайды.
Ең бастысы, авторлық көзқарас шығарма негізіндегі басты проблема – образдық талдауда ерекше назарға алатын проблемалар болып табылады. Мысалы, “Абай жолы” роман эпопеясындағы Абай бейнесі айрықша жағымды. Ал, Құнанбай бейнесі арқылы автор 19 ғасырдың екінші жартысындағы феодалдық қоғамды, оның бас өкілін сомдайды. Бұл образды жасаудағы автор мақсаты да сол. Құнанбай іс-әрекеттері, оның әр түрлі қылықтары сол қоғам сипаты дәрежесінде көрсетіледі. Олай болса, талдауда осы мәселелер еске алынуы керек. Образдық талдау жүйесінде де мұғалім көркем шығарманы тұтастай қарастырып, оның барлық компоненттерін (тақырып, идеясы, образдар жүйесі, идеялық эстетикалық табысын) бірлікте ала отырып, талдауды басшылыққа алады. Осы ретте видео жазбаларды көрсету ақылы оқушыларға көмек беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |