Лекция топтамасы «5В011400 Тарих»


Лекция № 11. Шыңғысхан, Әмір Темір және Қазақ хандығы тұсындағы әскери өнер



бет13/18
Дата08.02.2022
өлшемі1,56 Mb.
#98812
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК
ҚАЗАҚСТАН ТАР ӨЗЕК МӘСЕЛЕ ЛЕК, ҚМЖ Бернулли формуласы, American journalism, About my dream Тolegenova.B docx (копия), Қaтaң дaуыccыз дыбыстap сессия, Тарих Экзамен жауаптары по билетам
Лекция № 11. Шыңғысхан, Әмір Темір және Қазақ хандығы тұсындағы әскери өнер.
Жоспар:

  1. Шыңғысхан және Әмір Темір дәуіріндегі әскери өнері.

  2. Қазақ хандығы тұсындағы жалпыға бірдей әскери міндет, әскери ұйым, әскери өнердің дамуы, Орбұлақ шайқасы.

  3. Кенесары ханның әскери реформасы.

Монғолияда тұңғыш феодалдық мемлекетті құрушы оның негізін салушы Есугей Баһадурдың баласы Темучин болды Ол Монголияда тұратын бытыраңқы тайпалардың басын қосып қуатты феодалдық монғол мемлекетін құрады. 1206 жылы Онон өзенінің сағасында Монғол ақсүйектерінің жиналысы болып, онда Темучинге Шынғысхан деген атақ беріліп, ол монғол мемлекетінің әміршісі болып сайланды.


Шыңғысхан мемлекет билігін өз қолына алғаннан кейін көрші мемлекеттерді жаулап алып, соғыс олжалары арқылы мемлекетті күшейтуді көздеді, сонымен қатар соғыстар монғол ақсүйектері үшін қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтарды бәсеңдету құралы болып қызмет етті. Осы жағдайларды ескере отырып Шыңғысхан өз мемлекетін әскери тұрғыдан құрды. Осының нәтижесінде Шыңғысқан құрған әскери система жаулап алу жорықтарында өте маңызды роль атқарды. 1207-1209 жылдары монғолдар ІІІығыс Түркістан территориясындағы тұрған ұйғырларды бағындырып алып Цзинь мемлекетінің астанасы Чжундуды (Пекин) басып алды.
Шыңғысхан бұдан кейін Европа мен алдыңғы Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуға ерекше мән беріп даярланды.
1211 жылы Құбылай бастаған монғол әскері Жетісу жеріне, одан соң, Оңтүстік Қазақстанға, Орта Азияға баса көктеп кірді. 1219 жылы күзде Шыңғысхан 150 мың әскерімен Отырарды қоршауға алды. Нәтижеде "Отырар апаты" деген қайғылы оқиға болды. Отырар әміршісі Ғайырханның басшылығымен отырарлықтар бар күш-жігерін салып қорғанды. Кейбір деректерде Ғайырханның 20 мың әскері болды десе, басқа бір деректерде 50 мың әскері болған деген пікірлер бар. Отырар 5 ай бойы қоршауда болды. Тек әскер басы болған Қараджы Қаджибтің монғолдарға Отырардың қақпасын ашып беруі (сатқындығы), монғолдардың қалаға баса көктеп кіруге мүмкіндік берген.
Алайда Отырар бұдан кейін де бір ай бойы монғол басқыншыларына қарсылық көрсетіп қорғана білген. Тек қаланы қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін барып, 1220 жылы февральда алынды. Отырар әміршісі Ғайырхан қолға түсіп Шыңғысханның әмірімен көмейіне қорғасын құйылып өлтірілген. Отырар қаласы жермен жексен етілді. Сыр бойындағы басқа қалаларды да Монғол әскерлері басып алды. Сонымен Шыңғысхан әскерлері 1221 жылы Хорезмді жаулап алумен Орта Азиядағы соғысты аяқтады.
1219-1229 ж.ж. аралығында Монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына кірді.
Орасан зор империя құрған Шыңғысхан басып алған жерлерді өзінің баласына ұлыс етіп әрқайсысына үлестіріп берді. Қазақстанға жасаған монғол шапқыншылығының монғол жаулап алушылары көптеген халықтардың экономикалық және мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтік және этникалық дамуын ұзақ уақытқа шегереді. Монғолдардың жаулап алу салдарынан өндіргіш күштер талқандалып, адамдар жаппай қырғынға ұшырады, өркендеп тұрған қалалар жер бетімен жексен болып күйреді. Материалдық және мәдени байлықтар жойылды, экономиканың дамуы ұзақ уақытқа артқа шегініп кетті. Ондаған мың тамаша қолөнер шеберлері құлдыққа айналды. Ел ішінде індет меңдеді, ашаршылық, жоқшылық кең орын алды. Бағындырылған халық хан үйіне тиесілі деп саналып оларға ауыр салықтар мен міндеткерліктер жүктеліп отырды. Хан сарайы мен өзінің әміршілерінің пайдасы үшін көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданатын халық құшыр (ұшыр) салығын төлеуге тиісті болды.
Шыңғысханның және оның ізбасарларының соғыстары жаулап алынған елдердің ғана емес сондай-ақ бүкіл Монғолияның өздерінің де өндіргіш күштерін күйзеліске ұшыратып құлдыратты.
1827 жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты.
Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымұлы да мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді. Кенесары Қасымұлы өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838 жылы көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымұлы патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 183638 жж. Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды.
1841 жылы Кенесары хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
1841 жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген ЖүлекАқмешітЖаңақорғанСозақ қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты — азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 184445 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.
1846 жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Ортажүздер аумағынан ығыстырды.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20 000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол 18 ғ. соңы мен 19 ғ. басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843 жылы шілденің 27 І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843—44 жж. біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. Шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды. Кенесары сіңірген тарихи еңбегі — ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.
Қасымұлы Кенесары хан (1802-1847) – Қазақ хандығының соңғы ханы, ұлт азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы. Ол өзінің тегі жағынан төре тұқымынан. Бабасы – қазақтың атақты ханы Абылай. Арғы аталары Шыңғыс ханның Жошы деген үлкен баласынан тарайды. Абылайдың әйелі қалмақтың Хочу мерген нойанының қызы Топыштан Қасым сұлтан туады. Кенесары осы Қасым сұлтанның баласы.
1822 жылы Ресей өкіметі Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойып, аға сұлтан мен сұлтан әкімдер билігін енгізеді. Сөйтіп, Ресей өкіметі қазақ елінің ішкі тірлігіне тікелей араласып, өз үстемдіктерін жүргізе бастайды. Осыған қарсы шыққан Кенесары хандық басқару жүйесін қалпына келтіруге күш салады. Ол өз ойын Ресейдің жергілікті әкімшілігіне, сонымен қатар патшаның тікелей өзіне де жеткізеді. Бірақ патша өкіметі Кенесарының талаптарын орындаудан бас тартады. Сондықтан да ол өз мақсатын күшпен жүзеге асыруға кіріседі.
Кенесары көтерілісін жер жерден қолдаушылар көбейеді. Өйткені патша әкімшілігі қазақтардың жерін тартып алып, әскери бекіністер сала бастайды. Көшпелі ел ата қонысынан айырылып, мал жаятын жаңа жер іздеуге мәжбүр болды.Оның үстінен патша үкіметінің алым салығының ауыртпалығы да оларды діңкелетіп біткен еді. Осының бәрі қазақ қауымының наразылығын күшейтіп, оларды Кенесары бастаған көтерілісті жан жақты қолдауға итермеледі. Көпшіліктің қолдауымен Кенесары 1841 жылы Қазақ хандығының ханы болып сайланды.
Патша өкіметі кесіп алған жерлерді заңды иесіне қайтару жолындағы күресте Кенесары әскери күштерді ұйымдастыру барысында Орта Азия хандықтарының тәжірибесіне сүйенеді. Ол өз әскерін жүзге, мыңға бөліп жүзбасылар мен мыңбасыларды тағайындады. Әскер тәртібін бұзғандар қатал жазаланды.
Кенесарының сыртқы саясатының басты мақсаты Тәуелсіз Қазақ хандығын құру болатын. Ол осы мақсатын жүзеге асыру үшін Орта Азия хандықтарынан өзіне сүйеу іздейді, олардың ішкі ісіне араласып, билеушілерін өз жағына тартуға күш салады. Хиуа ханы мен Бұқар әміріне өз елшілерін жіберіп, байланыс орнатады. Орта Азия мемлекеттерімен сауда көлемін ұлғайтып, олардан өздеріне қажетті қару жарақ, оқ дәрі алып тұрады.
Кенесары өз хандығын нығайту үшін біраз экономикалық және саяси шараларды жүзеге асырады. Оның алым-салық саясаты шариғатқа негізделіп, мал өсіретін аудандарда зекетті, егіншілікті аудандарда ұшырды енгізеді. Халықтан алым-салық жинауды арнайы жасауылдар жүзеге асырды.
Отты қарумен қаруланған патша әскеріне қарусыз халық жасақтарының төтеп беруі қиын еді. Соған қарамастан Кенесары өзінің аса дарынды қолбасшы екендігін танытып, түрлі әскери тәсілдер арқылы оларға бірнеше рет ойсырата соққы беріп, бірнеше бекіністің талқанын шығарды. Солардың бірі Кенесарының Екатеринбург станциясына жасаған шабуылы. Шабуылдың тұтқиылдан болғандығы сондай, казактар, тіпті қарсылық көрсете алмай қалады. Осы жолы Кенесарының жігіттері 18 мылтық, 2 пистолет, 18 қылыш, 27 найза қолға түсіреді.
Көп жылға созылған күрес негізгі күшін әлсіреткен Кенесары патша әскерінің қысымымен 1846 жылы Орта жүзден Ұлы жүз қазақтарының жеріне кетуге мәжбүр болады. Мұнда ол қырғыз манаптарына Қоқандқа қарсы бірігіп соғысуға ұсыныс жасайды. Бірақ Орман мен Жантай бастаған манаптар оның бұл ұсынысын қабылдамай, орыстың генерал-губернаторы Капцевичке өздерінің Кенесарымен соғысатынын хабарлап, одан көмек сұрайды.
Ресей әскери күшінің дем беруімен болған Кекілік тауындағы қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыста Кенесары қолға түсіп, қаза табады. Кенесарының тәуелсіздік жолындағы күресі де және осы жолда тек қана түркі халықтарының күш біріктіруі арқылы оң нәтиже күтіп, әрекет етуі де оның кең қарымды саясаткер, көреген стратег екенін айқын аңғартады.
Қазақ халқының патшалық Ресейге, Қоқан және Хиуа хандықтарына қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресін басқарушы.
1827-жылдан бастап Абылайдың ұрпақтары қазақ хандығын патшалық Ресей езгісінен босату жолындағы күресте белсенділік танытты. Кенесарының әкесі Қасым мен үлкен ағасы Саржан бастаған жасақтар орыс ауылдары мен керуендеріне шабуыл жасап тұрды, қазақ ауылдарын отарлық бұғаудан босатты. Міне солардың жолын жалғастырушы Кенесары Қасымов та мемлекет тәуелсіздігінің өте маңызды іс екенін халық санасына құюда қыруар еңбектер атқарды. Мемлекет мүддесін қорғау жолында жауды жеңіп, тәуелсіздікке қол жеткізу үшін халықты біліктілікпен басқару көп септігін тигізетінін ол жете түсінді.
Кенесары Қасымов өз айналасына ең адал кеңесшілер мен батырларды, халық арасынан отарлық езгіге қарсы ең беделді, белсенді азаматтарды топтастыра білді.
Қиын-қыстау шақтағы ортақ мүдде – ұлттың азаттығы үшін осындай әрекетке баруының өзі ұлылық емес пе?! Патшаның «бөліп ал да, билей бер» деген саясаты қазақ даласына кеңінен таралуы, елдің қатты наразылығын туғызуы оның жақтастарын көбейтуі заңды еді. Сонымен бірге, Кенесарыға қарсы шыққан рулар да болды.
1841-жылы Кенесары Қасымов хан сайланды, оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Кенесары мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды.
Кенесары қатаң тәртіп пен басқару принциптеріне негізделген Абылай атасының саясатын жүргізді. 1846-жылы Ресей жасақтары мен отаршылдыққа бойұсынған қазақ сұлтандарының әскери құрылымдары оны Кіші және Орта жүздер аумағынан ығыстырды.
Кенесары қолы алғашқы әрекетін 1838-жылдың көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Қамал бастығы әскери старшина Карбышев пен Ақмола аумағының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин төнген ажалдан құтылып кетті. Кенесары енді Торғайға бет бұрды. Кенесары Қасымов патша өкілдеріне жазған хаттарында бұл әрекетін Ресей шекараларына жақындатуға ұмтылу, сол арқылы келіссөз процестерін жеңілдету деп түсіндірді. Шын мәнінде батырдың негізгі мақсаты 1836-1838 жылдары Исатай Тайманов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі болып өткен Кіші жүзді жалпыхалықтық көтеріліске қосу болды.
1841-жылы Кенесары хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.
Кенесары өзінің басты мақсаты – азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы үш жүздің күш біріктіре күрес жүргізуі керек екенін түсінді. Алайда ұлт-азаттық күрестің 1844-1845 жылдары қарқыны үдей түскен кезеңде де қазақтардың басы толық бірікпеді. Көтерілістің бас кезінде-ақ қазақтар қарама-қарсы екі топқа бөлінді: бірі Кенесары жағында болса, екіншісі патшаның жүргізген саясатын қолдады.
Кенесары Қасымов хан, саясаткер, дипломат ретінде қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды. Оның әскерінің жалпы саны кейде 20.000 адамға дейін жетті. Халықтың бас көтеруіне Орта жүздің көптеген сұлтандары мен билері қосылды.
Кенесары бастаған халық көтерілісінің ауқымы кең болды, ол XVIII ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы азаттық жолындағы өзге қозғалыстардан қазақ рулары көп қоныстанған негізгі аудандарды қамтуымен ерекшеленеді.
Кенесары мемлекет құрылымына көп көңіл бөлді, елді басқаруда жаңа құрылымдар мен ережелер енгізді, сонымен бірге істен шығарылған құрылымдарды қайта қалпына келтірді. Әскер қатарында қатаң тәртіп орнатты. Әскерді ұзақ дала соғыстарына бейімдеу үшін мыңдықтар мен жүздіктерге бөліп басқару құрылымын құрды. Ол қажет ақпараттарды жеткізіп тұратын тыңшыларына да сүйенді, саяси күрес пен дипломатияның тиімді әдістерін қолданды. Мемлекеттің ішкі саясатын хан өзі қатаң бақылауға алды, ру аралық қақтығыстардың жолын кесті.
Үш жүздің қазақтарының біріккен ұлт-азаттық қозғалысы Ресейді қатты алаңдатты. 1843-жылы 27 шілдеде І Николай империя құрамындағы қазақ хандығына қарсы ең көлемді әскери қозғалыстарға рұқсат беретін басқа мемлекет болмауы тиіс деген қағазға қол қойды.
Бір кезеңде патша әскерлерімен және ымыраға келмес сұлтандармен күрес жүргізген Кенесары 1843-1844 жылдары біраз жеңістерге қол жеткізсе де, шегінуге мәжбүр болды. шегіне келе Кенесары қырғыз жеріне шекаралас Ұлы жүздің аумағына орналасты. Ханның келесі бағыты қырғыз халқын орыс отаршылдығына қарсы ортақ күреске көтеру болды, алайда ол манаптар тарапынан күшті тойтарысқа тап болды.
Кенесары Қасымов Томақ маңындағы екі жақтың күші тең емес шайқаста қаза болды.
Кенесары Қасымовтың сіңірген тарихи еңбегі – ол қазақ халқының салт-дәстүрін сақтай отырып, оны бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары ханның саясаты және идеологиясы ұлттың даму жолындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.
Кенесары қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. К-ның өмірі мен азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау болды. Нысанбай ақынның «Кенесары – Наурызбай» дастаны (19 ғ.) 1875 ж. сұлтан Жантөриннің тәржімасымен «Орыс географиялық қоғамы Орынбор бөлімшесінің жазбаларында» орыс тілінде жарияланды. 20 ғ-дың 30-жылдары М.Әуезов «Хан Кене» пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым салынған), 60-жылдары И.Есенберлин «Қаһар» романын жазды. Алғашқы зерттеулер ішінде «Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі» деген тақырыппен Н.Середаның 1870 ж. «Вестник Европы» журналының бірнеше нөміріне бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте «Кенесары мен Садық» деген атпен шыққан К-ның баласы сұлтан Ахмет Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі тұсында К-ның күрес жолына іргелі ғыл. зерттеу арнаған тарихшы-ғалым Е.Бекмаханов («ХІХ ғасырдың 20 – 40-жылдарындағы Қазақстан», 1947) саяси қуғын-сүргінге ұшырады. К. тұлғасына жаңаша қарап, оның шынайы бағасын беру ісі Қазақстан тәуелсіз мемлекетке айналғаннан кейін ғана қолға алынды. Тарихшылар (Ж.Қасымбаев, т.б.) өз зерттеулерін жариялады. 2002 ж. К-ның туғанына 200 жыл толуына орай халықар. ғыл. конференция өтті. Астана қ-нда К-ға ескерткіш қойылған және оның есімімен аталатын көше бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет