Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері



бет17/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Жобалау әрекеті және оқыту мазмұны.Жобалау әрекетін оқыту мазмұнына сәйкестендіре жүргізу – мектеп әдістемесіндегі жаңа тұрғы. Өйткені, білім беру мазмұны өз заңдылығы бойынша жылдар бойында қалыптасқан тұтас білім беру жүйесінің маңызды бір компоненті. Мазмұндық компоненті ретінде ол оқыту әдістемесі, білім беруді ұйымдастыру кеңістігі мен уақыты, оқулықтар мен бағдарламалар, басқару мен қадағалау сияқты басқа да элементтермен үйлестіріліп, реттеліп отыратын тұтас құрылым немесе жүйеге қызмет етеді.
Сондықтан, білім беру мазмұнына өзгеріс ендіру білім беру жүйесінің барлық компоненттерін өзгертуді қажет етеді. Бұған қоса білім беруді басқару жүйесі, педагогтарды даярлау және қайта даярлау жүйесі құрылымдары да бұл жағдайда бұрынғы күйінде қала алмайды.
Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа талаптар оның мазмұнына өзгерістер ендіру қажеттігін тудырып отырғаны белгілі.
Барлығымызға белгілі, қазіргі білім пәндік принциппен құрылған, атап айтқанда, белгілі бір пәннің ғылыми – теориялық негізге алынып, ол мектеп бағдарламасына енгізілген. Оқушылар мектептен әр пәннің ғылыми негізін, игеріп, өз таңдаулары бойынша одан әрі тереңірек, кеңірек білуге мүмкіндік алады.
Оқушының игеретін білімі оқулықтарда негізінен теориялық, білімдік тұрғыдан құрылып, алған білімдерін пайдаға асыру жолдарына берілетін уақыт шектеулі болып келеді. Мысалы, физика сабағынан ток өткізгіштік теориялары мен формулаларын өте жақсы игерген оқушы сол білімі негізінде радиоқабылдағыштарды қандай жағдай алады деу қиын. Яғни, оқушылар «таза» білім алады: газ туралы біледі, элементтер қасиеттерін игереді, атмосфералық қысымның ережелерін жатқа айта алады, текстерді жаттайды, физикадағы заңдарды жақсы біледі, т.б. 
Жобалау әрекетінің білімдік тұрғыдағы әдістемелерден айырмашылығы сол, оның барысында оқушылар алған білімдерін тәжірибеде пайдаланады, яғни білім алу, жатқа білу – мақсат емес, теориялық білім жобалау әрекетін жүргізудің құрамына айналады.
Сол себепті, жобалау әрекетін ұйымдастыру үшін білім мазмұны практикалық жұмысты ұйымдастыруға құрал ретінде қарастырылуы тиіс. Бұл өз кезегінде сыныптың – сабақтың оқыту жүйесіне де, оқулықтар мен бағдарламаға да, оқушылар мен мұғалімдердің өзара қарым – қатынасы да, бағалау мен бақылауға да, басқару жүйесіне де өзгерістер енгізуді қажет етеді.
Шынайы өмірдегі қалыптасқан жағдайды біле отырып, дәл бүгін осы өзгерістер бола қалады дей алмаймыз, өйткені, білім мазмұны стандарттар арқылы ендіріледі, ал елімізде 12 – жылдық білім берудің құзыреттілікке бағытталған нәтижелерін көздейтін жаңа стандарттар 2015 жылдары дайын болады деп күтілуде.
Біз жарқын болашақтың келетініне сене отырып, дәл бүгінгі таңдағы білім мазмұны негізінде жобалау әрекетін ұйымдастырудың екі бағытын талдаймыз.
Біріншісі, мектептерде негізге алынып жүрген оқыту бағдарламаларының ішінен оқушылардың зерттеушілігін еркін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін тақырыптар таңдай білу. Яғни, жоба арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін «Ауылдың, ауданның, қаланың мандшафттың картасын жасау», немесе, «Аудан, ауыл мақтанышы» (адам, табиғат немесе ғимарат, т.б.) тақырыптарындағы жобалар пәндік проблемаларды шешумен қатар, оқушылардың сабақтағы игерген біліміне қоса (ландшафт туралы теория, карта туралы ұғымдар, шартты белгілер, өз ойын жаза білу, мәтін құру т.б.) өзіндік қажетті коммуникативтік, ақпараттық, т.б. қабілеттерін қалыптастыруға негіз болады.
Келесі бағыт – жобалаудың тұтас құрылымын орындауды мақсат етіп қоймастан, жобалауға тән – қалыптасқан жағдайды талдау, шағын тапсырмалар беру арқылы жаңа ақпаратты өз бетімен игеруге қызығушылық туғызу т.б. Яғни, бұл жерде тұтас жоба жасау маңыздылығынан гөрі, оқушының әрекетін ұйымдастыруға еркін кеңістік беру маңыздылығына көңіл аударылады. Оқушы берілген тапсырманы орындау барысында сабақта алған теориялық білімін тапсырманы орындау құралына айналғанда ғана оның тұлғалық дамуы жүзеге асырылады. Жоба шағын болуы мүмкін,бірақ ол біздің дәстүрлі түсініктегі «жаттығу орындау», «ереже жаттау» емес. Жобаның өнімі қолмен ұстайтын, көрінетін де болмауы мүмкін, бірақ ол дәстүрлі сабақтан ерекше шығармашылық, еркіндік тұрғыдағы тапсырмалар болуы тиіс.
Сыныптан тыс жобалар. Жоғарыда сөз болған білім беру мазмұны логикасында қарайтын болсақ, жобалауды толыққанды орындау мүмкіндігі сыныптан тыс жұмыстарда мол болады. (Мысалы, әлеуметтік мәнді жобалар, тәжірибелік жобалар, т.б.)
Бұл жерде көңіл аударарлық нәрсе – ондай жобалардың білім беру міндеттерін орындауға қаншалықты қатысты екені. Тереңге бармай, бір қарағанда сыныптан тыс жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын өнімдері өзгешелеу. Атап айтқанда, оқушылар жоба барысында коммуникативтік қатынас, топпен бірге жұмыс істеу, әлеуметтік проблемаларды шешуге араласу дағдылары қалыптасады. Мектеп газетін құрастыру, спектакль қою, мектеп ауласының дизайнын жасау, т.б. жобалау өнімдерді де жасауға болады. Осыларға қарап, сыныптан тыс, мектептен тыс жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына көбірек сай келеді деген пікір тууы да мүмкін.
Алайда, жобалауды тек тәрбие жұмысына ғана қатысты қарастыру оқушыларды білім беру мазмұнына қатысты жобаларға қарсы қоймау тиіс. Оқушының пәндік білімін қолдануға мүмкіндік берілмесе, онда оқушының білім алуға қызығушылығы төмендейді, оның өз білімін дамыту мүмкіндігі шектеліп, адамның даму потенциалы азаяды.

МАТЕМАТИКА
География сабақтарында жобалау әдісін қолдану.
Мәселенің өзектілігі Казіргі мектеп қөп мәселелерді мүмкіндігінше нақты айқындап, тиімді шешім таба білуді қалыптастыру және дамытуға шақырады Ол үшін жаңашыл қоғамға ойлай алатын ,шығармашыл, бәсекеге қабілетті, құзырлы, берік білімді, кең өрісті тұлға қажет.Ал бұндай тұлға қалыптастыру үшін не істеу керек? мәселені шешу жолдарының бірі — жобалау әдісін қолдана білу.
Мақсаты: Оқушыны өз бетімен жұмыс жасауға және ғылыми ойлауға үйрете отырып, шығармашылық қабілетін оқуға деген саналы ынтасын дамыту. Жауапкершілікке, ғылыми мәдениетке, ғылыми жұмыстың әлеуметтік ролін түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері : 1.Оқушының ой-өрісін дамыту, білім дәрежесін арттыру. Ойы орамды, тілі бай оқушы тұлғасын қалыптастыру.
2.Оқушы қызметін белсендіріп, қызығушылығын арттыру. Өз беттерімен білім алу дағдыларын қалыптастырып, қабілеттеріне деген сенімділіктерін жетілдіру.
3.Оқушыларды ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, өмірге көзқарастарын қалыптастыру, жаңа білімді игеруге ынтасын арттыру.
Зерттеу объектісі: географияны оқытуда жобалау әдісін оқу- тәрбиелілік үрдісте қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет