Лекция №12 Математика сабақтарында оқушылармен орындалатын жобалардың қысқаша мазмұны.
Жоспар:
1.Бүкіл сынып орындайтын жұмыс
2.Шағын топтардағы жұмыс
3.Жеке жұмыс
4.Ширату жаттығулары
5.Жалпы сабақтар
Лекция №13 Жобалау тәсілдері
Жоспар:
1. Ұқсап-бағу жобалау іс әрекеттері
2. Қайта жаңғырту жобалау іс әрекеттері
Лекция №14 Жобалау тәсілдері
Жоспар:
1. Іздену-орындаушылық жобалау іс әрекеттері
2.Зерттеу –шығармашылық жобалау іс әрекеттеріҚайта жаңғырту жобалау іс әрекеттері
Лекция №15
Лекция №15
|
Жобалау жұмыстарын қорытындылау және бағалау мәселелері
Жоспар:
1. Жобалау жұмыстарын бағалауға арналған нұсқаулықтар.
2. Оқушылардың жобалау жұмыстарының қорытындылары және жетістіктері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лекция №16
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналган жобалық жұмыстар(тапсырма) әзірлеу және тапсырмаларды бағалау
Жоспар:
Тоқсан бойынша жобалық жұмыстар
Тоқсандық бойынша жобалау жұмыстарын бағалауға
модерация өткізу
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жобалау іс-әрекеті негізінде оқушылардың функционалдық графикалық сауаттылығын қалыптастыру Сауаттылықтың негізі ретінде графикалық (белгілік) бейнелеуді қарастыруға болады, ол адамның интеллектуалдық дамуының негізін қалайды. Зерттеулер көрсеткендей, функционалдық графикалық сауаттылығы қалыптаспаған оқушылар өзінің құрбыларынан көптеген интеллектуалдық даму көрсеткіштері бойынша қалып қоятынын көрсетті: – кеңістікте елестетуді дамыту деңгейі (кеңістіктегі кейіптерге сүйену қабілеті), белгілік кескіндемелерді, абстрактылық символдарды қолдану, креативтік ойлау және ұғыну және жаңаны жасай білу [23,24,25]. «Өте ерте замандағы жасалған кескіндемелер ақылды адамдардың ісәрекетін көрсететін белгілердің бірі болып саналады. Қазіргі кезде бұл кескіндемелер визуалдық ақпаратты сипаттайтын өте күшті құралдарға айналды, олардың көмегінсіз қазіргі кездегі ғылымның, техниканың және өнердің бірде-бір түрін көз алдыда елестету мүмкін емес [6]. Графикалық, белгілік кескіндемелер адамға визуалдық ақпаратты тиянақтаудың, түрлендірудің және оны өзінің зерттеу және жобалау ісәрекеттерін жүргізудегі негізгі құралы болып табылады. Сонымен қатар ол коммуникация мен ақпарат берудің маңызды құралы ретінде белгілі. Уақыт пен кеңістікте өтіп жатқан объектілер, процестер және құбылыстар тікелей бақылаумен ғана зерделенбейді, сонымен қатар олар графикалық кескіндемелерін (схемаларын, сызбаларын, графиктерін, диаграммаларын, белгілік және басқа да кескіндемелерін) терең талдау арқылы да зерделенеді. Адам қызметтерінің көптеген салаларында графикалық (көзбен көретін) ақпараттардың сақтауға, түрлендіруге, өңдеуге және беруге қойылатын талаптар сапалық өзгерістерге ұшырауда және олардың функционалдық графикалық сауаттылыққа әсері мол екені даусыз. Кескіндемелерді инструменталдық (қолмен) тұрғызу көлемі жыл санап азайып келеді, оның үстіне оларды компьютерлік графика құралдарын қолдана отырып жасауға қойылатын талаптар артып келеді. Графикалық модельдеудің негізгі әдістерімен, кескіндемелерді олардан ақпарат алу үшін түрлендірумен танысу адамға қай салада қызмет істесе де: оқуда, ғылымда, техникада және өнерде болсын қажет. Ғылымның болжауы бойынша келешекте өңделетін ақпараттың 80–90% графикалық түрде берілетін болады. Технологиялық қоғамнан ақпараттық қоғамға өту қазірдің өзінде оқушылардың графикалық біліміне, ақпараттық технологияларды қолдануына жаңа талаптар қояды. Оқушылардың графикалық кескіндемелерге олардың бірыңғай мәдениет тілі (графикалық мәдениет) ретінде көзқарастарын қалыптастыру қажет. Сонымен функционалдық графикалық сауаттылық (графикалық мәдениет) деп көзбен көретін ақпаратты графикалық түрде беру әдісі мен тәсілін 34 меңгеруді, графиканы оқуда, ғылымда, өндірісте және жай өмірде қолданылатын ойды бейнелейтін құрал ретінде қолдана білуді айтады. 12 жылдыққа көшу жағдайында функционалдық графикалық сауаттылықты қалыптастыруда «Графика және жобалаудың» оқу пәнін оқу процесіне еңгізудің маңызы зор. Ол оқушылардың графикалық білімін жаңа концепциясын іске асырады. Концептуалдық ереженің негізін оқушылардың графикалық мәдениеті ретінде адамзаттың көзбен көретін ақпаратты графиканың дәстүрлік құралдарымен (қолмен, инструменттерді қолданып), сонымен қатар ақпараттық технологияларды (компьютерлік графика) қолданып өңдеу, түрлендіру және тасымалдау салаларындағы жетістіктерінің жиынтығын түсінеді. Жобалық «Графика және жобалау» оқу пәнінің жаңа бағдарламасының жобасы оқушылардың графикалық мәдениетін және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға бағытталған. 3 кестеде оқу пәнінің құрылымы мен логикасы берілген. «Графика және жобалау» оқу пәнінің мазмұнын реттейтін дидактикалық негізі оқушылардың графикалық білімінің жаңа концепциясы арқылы анықталады. Оның мағынасы «графика» және «жобалау» терминдеріне негізделіп, графикалық білімнің жаңа мазмұнын педагогикалық тұрғыда белгіленетін болады. «Графика» деп Үлкен энциклопедиялық сөздік (ҮЭС) бойынша көзбен көретін ақпаратты тиянақтау құралын, ал «жобалау» нақты тіл (графикалық) нысанында ақпараттық түрде белгіленген объектілерді жасауға бағытталған зерттеу-жобалық мазмұны бар кез келген интеллектуалдық іс-әрекетті айтады. Алайда жобалау процесі тек қана графикалық іс-әрекетпен ғана шектелмейтінін айта кету керек. Қазіргі заманда жобалаулық ақыл-ой мәдениеттің типтік сипаттарының аса маңызды бөлігі болып табылады, ол ғылымда, өнерде, білімде және адамның басқа да интеллектуалдық, шығармашылық қызмет салаларында кең қолданылады. «Графика және жобалау» пәні жобаланатын объектілерді тек қана жазықтықтарда кескіндеуді ғана үйретіп қана қоймай, сонымен қатар болашақтың кескінін, іс-әрекеттің (жобалаудың) нәтижесін кеңістікте көре білуге баулитын болады. 35 3-кесте – «Графика және жобалау» оқу пәнін құрастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі Кескіндердің жалпы теориясы Жобалау қызметінің саласы Графика құралдарымен ақпаратты көзбен көру, түрлендіру және бейнелеу Ақпаратты графиканың қол құралдарымен (инструменталдық) бейнелеу Ақпаратты машиналық графика құралдарымен (САПР) бейнелеу Геометриялық-графикалық модельдеу: - табиғи объектілердің графикалық көзбен көрінетін кескіні; - проекциялық кескіндерді тұрғызу; - кескіндерді елестету және қайта конструкциялау; - кескіндердің түрі мен құрамын түрлендіру; - объектілердің және олардың бөліктерінің кеңістіктегі орындары мен нысандарын түрлендіру; - жобалау және ғылыми-зерттеу іс-әрекетін көзбен көру және графикалық модельдеу Графикалық білімнің құрылымы және мазмұны Жалпы білімдік графикалық даярлық (базалық мазмұн) 7-10 сыныптар Бейіналды графикалық даярлық 9-10 сыныптар Бейіндік терең графикалық даярлық (вариативтік мазмұн) 11-12 сыныптар 36 «Графика және жобалау» - интегративтік пән болып табылады, ол «Сызу» пәнін өз компоненті ретінде қарай отырып, оқушылардың интеллектуалдық әлеуетінің дамуына жағдай жасайды, кескіндемелерді оймен түрлендіруге, жобалау-зерттеу іс-әрекетін жүргізуге үйретеді. Курсты оқудың барлық кезеңдерінде шығармашылық жұмыс жүргізу оқу бағдарламасының тұжырымдамалық идеясы болып табылады. Жаңа оқу пәнін 7-10 сыныптарда (негізгі орта білім), 11-12 сыныптарда (жалпы орта білім) вариативтік компонент есебінен оқыту ұсынылады. Мысалы, 7-10 сыныптарды аптасына 1 сағат, 11-12 сыныптарда аптасына 2 сағат оқыту ұсынылады. Оқушылардың жобалау іс-әрекетін жүргізу оқытудың барлық кезеңінде арнайы шығармашылық тапсырмалар («оқушылардың жобалау іс-әрекетіне жалпы даярлығын дамытуға арналған шығармашылық тапсырмалар», «кіші шығармашылық тапсырмалар», «жобалау іс-әрекетінің элементтері бар шығармашылық тапсырмалар») беру арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық графикалық іс-әрекеттен басқа курсты оқыту барысында сызу пәні бойынша дәстүрлі есептерді шығару үшін, орындаушылық графикалық іс-әрекетті жүргізу қажет болады. Жаңа оқу пәнінің мазмұны төмендегі білім бағыттары негізінде жасалатын болады: - ақпаратты көзбен көрудің графикалық жүйелері, әдістері және құралдары; - кескіндемелер. Графикалық кескіндемелердің типтері мен түрлері. Кескіндемелерді түрлендіру; - графикалық модельдеу. Нысандарды жасау. Конструкциялау; - жобалау. Жобалау әдістері. Жобалау графикасы; - компьютерлік графика. Автоматтанған жобалау жүйелері (САПР). 11-12 сыныптардағы «Графика және жобалау» пәнінің мазмұны жоғары оқу орындарының алғашқы екі курстарындағы графикалық пәндерді (мысалы, Инженерлік графика, Сызба геометриясы, Архитектуралық-құрылым графикасы) интеграциялау арқылы ЭЕМ базасында оқытылады. Ол курстың вариативті-модульдік негізде оқытылуы ұсынылады. Графикалық білім мазмұнының модульдері кәсіптік жобалау іс-әрекетінің ауқымдылығына байланысты анықталады. Әр модуль екі құрамдық компоненттен тұрады: 1 модуль. (Техника, технология және графика) - «Инженерлік графика», «Компьютерлік графика- I». 2 модуль. (Көркем образ және графика) - «Архитектуралық графика», «Компьютерлік графика- II». 3 модуль. (Жобалау графикасы) - «Сызба геометрияся және перспектива», «Компьютерлік графика- III». 4 модуль. (Ақпаратты, деректерді және білімді көзбен көру арқылы беру) - «Ақпараттық графика (Ақпаграфика)», «Компьютерлік графика- IV». «Компьютерлік графика - I, II, III, IV» пәндерінің бағыттары мынадай болады: - «Компьютерлік графика-I» - техника объектілерін конструкциялау және 37 көзбен көру барысында «КОМПАС», «AutoCAD» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру; - «Компьютерлік графика-II» - архитектура және монументалдық өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «AutoCAD», «Arch CAD», «КОМПАС» бағдарламаларының пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру; - «Компьютерлік графика-III» - дизайн және декоративтік-қосалқы өнер объектілерін конструкциялау және көзбен көру үшін «Adobe Photoshop», «Corel Draw» бағдарламалық пакеттерін қолдану тәсілдерін меңгеру. - «Компьютерлік графика-IV» - уақыт пен кеңістіктегі заттар мен фактілердің ара қатынасының деректік массивтерін графикалық кескіндеудің компьютерлік технологияларын қолдану тәсілдерін және олардың даму тенденцияларын меңгеру. «Графика және жобалау» пәні бойынша білім процесін ұйымдастыру ерекшеліктері Курстың оқу бағдарламаларының негізіне курстың әр бөліміне шығармашылық жұмыстарды кіргізу арқылы графикалық іс-әрекетті оқу шығармашылығымен байыту идеясы алынатын болады. Осы мақсатты іске асырудың дидактикалық құралы болып оқушылардың жобалау іс-әрекетінің жалпы дайындығын дамытудың арнайы пропедевтикалық есептері, тапсырмалары қолданылады. Пропедевтикалық есептердің бірінші категориясына қоршаған ортадан, жобалау-конструкторлық іс-әрекеттен, практикадан алынған есептер («қызықты проекциялар», «тілдік жұмбақтар», «модель-жұмбақтар», «ұқсастарды құрастыру», «ойша түрлендіру есептері», «эвристикалық графикалық есептер», «ойындық тапсырмалар» және т.б.) жатады, оларды оқытудың алғашқы кезеңінде қолдану ұсынылады. Пропедевтикалық тапсырмалардың әр түрі курстың нақты бөліміне арналады, олар графикалық білімді қалыптастыруға, бекітуге және қолдана білуге көмектеседі. Мұндай есептер жүйесі М.М. Хасеновтың, Л.В. Павлованың, Г.Ф. Хакимовтың және Р.Р. Вахитовтың оқулықтары мен әдістемелік құралдарында берілген [ 26 - 30]. Екінші категорияға шығармашылық кәсіп мамандарының графикалық ісәрекетін модельдейтін есептер жатады. Олардың ішіндегі маңыздыларының бірі - техникалық конструкциялаумен байланысты есептер, оған себеп ғылымитехникалық прогрестің басым бағыттарындағы мысалдар қолданылады. Оқушыларға есептеліп және курстың логикасына сәйкес жасалған есептерге: конструкцияның жетпейтін тетігін толықтыратын; ұқсас типтер негізінде конструкцияны жетілдіру (қайта конструкциялау); техникалық шарттарға байланысты конструкциялау (пәндік-графикалық негізде) есептері болып табылады. Осы көрсетілген ұсыныстарды еске ала отырып, архитектура мен дизайн салаларында конструкциялау ғана емес, сонымен қатар жобалау есептері де жасалып, қолданылуы мүмкін. Ұсынылатын тапсырмалар жүйесі оқушылардың шығармашылық графикалық іс-әрекетін дамытудың негізгі құралы болып табылады. Сондықтан 38 жобалау іс-әрекетінің элементтері бар шығармашылық графикалық тапсырмаларды жасау мен қолдануға қойылатын талаптар өте маңызды. Сонымен қатар мұғалімнің ондай тапсырмаларды орындаудың негізгі әдістемелерін білуі қажет болады. Сонымен қатар шығармашылық, негізгі компонент ретінде, заттардың кеңістіктегі орнына және оны ойша нысанын өзгертуге бағытталған түрлендіру іс-әрекетінің болуын көздейді. Графикалық негізде іске асырылатын адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің бұл жағын психологтар кеңістіктік ойлау деп анықтайды. Кеңістіктік ойлаудың негізгі көрсеткіші ретінде образды пайдалану түрлері алынады. Оқушылардың интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға уақтылы диагностика жасау графикалық және жобалау іс-әрекетін қалыптастыруға педагогикалық тиімді әсердің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Функционалдық графикалық сауаттылық бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау. Графикалық білімнің мазмұнының жаңаруына байланысты «Графика және жобалау» пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың жаңа жүйесі енгізілуі керек. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау әртүрлі кескіндерді қолдану және түрлендіру бойынша графикалық барлық ісәрекеттердің нәтижелілігін, сонымен қатар олардың жеке және тұлғалық қасиеттерін ескеруі қажет. Оқу жетістіктерінің нәтижелері графикалық іс-әрекеттің негізгі түрлерін: құру, қайта конструрциялау, кескіндерді әртүрлі жағдайда (типтік, вариативтік және жаңа жағдайларда) түрлендіре білуді меңгеру деңгейлері бойынша саралануы керек. Ол жетістіктердің әр деңгейі төрт қосынды көрсеткіштермен: 1 – ой ісәрекеті жетістіктерінің деңгейімен; 2 – туындайтын қиындықтармен; 3 – графикалық іс-әрекеттің арнайы әдістерін меңгерумен; 4 – оқушының өзіндік қызметінің көріну деңгейімен анықталады. Оқушылардың жобалау-графикалық іс-әрекетінің жетістіктерін бес баллдық шкаламен бағалау ұсынылады. Жүйелік-іс-әрекеттің қорытынды нәтижесі пән олимпиадаларымен, шығармашылық оқу жобаларын және басқа да жобалау-графикалық іс-әрекетті (портфолиода белгіленген) орындаумен анықталады. Оқушылардың оқу жетістіктері әртүрлі: типтік, вариативтік және жаңа (проблемалық) жағдайда бағалануы қажет. Жобалау-графикалық іс-әрекетте оқушылардың оқу жетістіктері мынадай түрде көрінеді: типтік жағдайда – проекциялау әдістерін қолдана біледі, заттардың аксонометриялық проекцияларға негізделе отырып заттардың кешенді сызбаларын жасау; көз алдыға елестете білу (кескіндердің аксонометриялық және тік бұрышты координаталардағы проекциялары арқылы заттардың нысандарын анықтай білу); заттардың контурлық кескіндері (толық, жартылай) бойынша осьтік симметрияны және сызбадағы шартты белгілерді қолдана отырып, олардың нысандарын қайта конструкциялау әдістерін меңгеру; 39 кескіндердің (берілген шарттар бойынша) құрамы мен түрлері бойынша олардың бастапқы кескіндерін анықтай білу; заттардың кеңістіктегі орындары мен нысандарын (түрлендірудің берілген шарттары бойынша) өзгерте алады; вариативтік жағдайда – заттың нысанын анықтау үшін кескіндеменің әртүрлерін қолдану мүмкіндігін ескереді; сызбалардың вариативтігін ескере отырып, оларды тиімді жолмен сызу жолдарын біледі; заттың нысанын анықтау үшін оның кескіндемесін түрлендірудің тиімді жолдарын біледі; заттың нысанын модельдеу үшін толық емес деректер бойынша кескіндемені қайта реконструкциялауды біледі; тапсырманың алғы шарттары өзгергенде заттың нысанын және кеңістіктегі орнын өзгерте білуі керек; жаңа (проблемалық) жағдайда – кескіндердің сипаттарын оларда белгіленген ақпаратты толық түсіну үшін еркін анықтай алады; тиісті графикалық ақпаратты толық көрсету үшін әртүрлі кескіндемелерді қолдана біледі; шығармашылық есептерді шешу үшін кескіндемелерді қайта реконструкциялау әдістерін қолдана біледі; заттың жаңа нысанының моделін жасау үшін берілген кескіндемелерді түрлендіру әдістерін өз бетімен анықтай біледі; кескіндемелер бойынша кеңістік қасиеттерін (модельдеудің, конструкциялаудың және жобалаудың сызбалары бойынша шығармашылық есептерді шешуде) түрлендіру әдістерін өз бетімен анықтай біледі. Оқу процесін қамтамасыз ету үшін жобалау-графикалық іс-әрекеттің элементтері бар тапсырмаларды орындау бойынша жетістіктерді бағалау критерийлері ұсынылады. Ұсынылатын бағалаудың деңгейлік критерийлері төмендегідей: І деңгей - минималдық (1-2 балл) – шығармашылық белсенділік танытады, бірақ сәтсіз болуы мүмкін деген қобалжу бар; кескіндемелерді ойша түрлендіру қабілеті бар, бірақ басқа шешу варианттарын өз бетімен іздемейді; – мұғалімнің көмегінсіз вариативтік шешімдерді жасауда қиындықтарды сезеді; қалыпты нысандарды кескіндеуде графикалық білімді қолдана біледі; объект нысанының ерекшелігін анықтау үшін кескіндердің тиімді санын анықтауда қиындықтарды сезінеді; – шығармашылық процесс сызбасын негіздей отырып жұмыс жүргізу және орындалатын тапсырма бойынша қосымша түсініктеме беру қабілеті бар; – тапсырманы түсіну және орындау үшін көбінесе мұғалімнің көмегі қажет. ІІ деңгей – орта (3 балл) – шығармашылық белсенділік; шығармашылық процесс сызбасына сүйене отырып, жұмыс жасау қабілеті; ойша түрлендіруді жүзеге асыра алады, бірақ есепті шешудің басқа варианттарын іздеуде шектеледі; – шектеу шеңберін ескере отырып, шешудің тек екі ғана варианты ұсынылады; кескіннің тиімді санын алуда қателіктер жібереді; – кескіндерді орындау барысында шығармашылық ерекшеліктеріне қатысы жоқ қателіктер жіберілуі мүмкін, графикалық білімді қолдана біледі; – есептердің шартын өзінше немесе жартылай мұғалімнің көмегімен түсіне алады; керекті қосымша білім алуға немесе тікелей мұғалімдерден анықтама алуға ұмтылады. 40 ІІІ деңгей – оңтайлы (4 балл) – жалпы шығармашылық белсенділік; шығармашылық процеске сүйене отырып, жұмысты жүргізуге қабілетті; – есептің шешуін іздеуде қиындықтарды сезіну; берілген шектеулер шеңберінде шешімнің екі, үш вариантын ұсынады; – кескіндемелерді жасау барысында шығармашылыққа қатысы жоқ қателіктердің болуы мүмкін, оның барысында графикалық білімді қолдана білу қабілетінің бар болуы; конструкцияда негізгіні анықтауға мүмкіндік беретін кескіндемелердің тиімді санын анықтауда қателіктер жіберіледі; – тапсырманың шартын өз бетімен немесе жартылай мұғалімнің көмегімен түсіне алады. ІV деңгей – жоғары (5 балл) 4.4.жалпы шығармашылық белсенділігі; есептің шартын өзінше түсіне білу; есеп шарттарының шектелу шеңберінде вариативтік шешім жолдарын және графикалық жұмыстар схемасын ұсыну; 4.5.кескіндерді жасау барысында графикалық білімді қолдануға қиналмайды; шығармашылық процестің схемасына сүйенбей-ақ жұмыс жүргізу қабілетінің бар; – курстың оқылған бөлімдеріне сүйеніп, айтарлықтай қате жібермей кескіндерді орындауға қабілетті; объекті нысанының ерекшеліктерін ашу үшін кескіндердің тиімді санын қолдана біледі; – өз бетімен немесе мұғалімнің жетекшілігімен білімін кеңейту, оқулықтарды, сөздіктерді және т.б. қолдана отырып, керекті анықтаманы алу қабілетінің бар. Бағалаудың көрсетілген критериалдық жүйесі оқушылардың графикалық сауаттылығын дамытуға байланысты 12 жылдық білімге көшуге жағдайында оқушылардың іс-әрекеті жетістіктерінің нәтижесін бағалау үшін жасалды. Соның негізінде білім алушылардың оқу жетістіктерінің диагностикасын және бағалауды қамтамасыз етеді.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Лекция №17 Оқытудың жобалау технологиясы және оның принциптері
Жоспар:
1.Оқушылардың жобалау жұмыстарын басқарудың үлгісі мен атқару тәртібін қайта қарау
2.Математика пәнінен оқу үрдісін жобалау, ұйымдастыру және басқару
|
Достарыңызбен бөлісу: |