Лекция.№1 Математиканы оқытуда жобалау технологиясы пәнінің мақсаттары және міндеттері



бет19/48
Дата05.01.2023
өлшемі483,33 Kb.
#165038
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48
Байланысты:
Лекция МОЖҚ 2

Педагогикалық жобалаудың түрлері.
Мақсаты: педагогикалық жобалаудың түрлері жайлы көріністерді өңдеп, олардың метеп аралық білім жүйесінде қолдануын қадағау.
Кілтті сөздер: оқу жобасы, жобалау фарматы, жобалау қорғанысы, жобалау әдісі.
Негізгі сұрақтар:
Оқу жобалары. Жобалау әрекеттінің ұйымдастырылу логикасы.
Пәндік сфера және осы жобаларды білім жүйесінде қолданудың жасөспірімдік диапазоны.
Сауықтыру жобасы. Жаздық лагерлердің өмірлік жобалауды жоспарлау.
1. Оқу жобалары. Жобалау әрекетінің ұйымдастырылу логикасы қазіргі кезде білім тәжіриблерімізде өте жиі кездесетін жобалаудың ерекшеліктеріне тоқталайық. Microsott компаниясының мамандарымен дайындалған. Жоспарлы түрде ұйымдастырылған анықтамаларға сәйкес, жобалаудың аяқталған оқу тақырыбын немесе оқу бөлімін меңгеруге бағытталған жұмыстың ұйымдастырылған формасы және стандартты оқу курсын немесе бірнеше курстарды құрайтын бөлшек болып табылады. Мұндай жобалаулы серіктестік сипатқа ие және жоба қатысушыларына маңызды мәслелерді шешуге бағытталған қатысушылардың бірлескен (оқу-танымдық, зерттемелік, ойын) әрекеттерінде жүйеленеді. Бұл әрекет жалпы ортақ мақсат пен әрекет мүмкіндіктеріне ие.
Жобалаудың оқу жүйесінде қолдану мәселесі бойынша, оқу жобалауларын жүйелендіру тәжірибесі мол мамандармен құрылған аса көп әдебиттерге ие. Сонымен қатар, осыған қатысты жалпы ақпаратты интернет жүйелерімен табуға болады. Осы материалды жалпылау негізінде осы жобалаудың мәні мен құрамын анықтайтын ерекшелігін, әмбебап кезеңі мен процедураларын бөлп көрсетуге болады.
Қазіргі оқу жобалау өзіне оқу мүмкіндіктері мен зерттеулерін және тәжірибелерін қамтиды. Мұғалім үшін оқу жоспарының негзгі мазмұнына жобалау әрекеті негізіндегі қатысушының (жаңа білім, ақыл, дағды, қарым-қатынас) өзгерісі жатады. Қатысушылар үшін оқу жобасын жүйелеу. Оқу жобалауларын қазір үздіксіз білім жүйелерінде: мектеп, жоғарғы оқу орны, дипломнан кейінгі, формальды емес жүйелер деңгейлерінде қолданылады.
Мақсат пен білім тапсырмаларына байланысты жобалау форматы бірнеше параметрлер бойынша беріледі.
Орны бойынша-мектептік, мектептен тыс.
Субьектінің үздіксіз жобалау әрекетіне қатысу маштабы бойынша: жеке индивидтік, топтық, ұжымдық, корпоративті.
Жобалауды жүйелеуге жұмсалатын уақыт бойынша: қысқа мерзімді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді.
Орналасу территориясы бойынша: халықаралық, мектеп ішілік, жоғарғы оқу орны аралық мазмұны бойынша пәндік, пәнаралық, интегративті жобалау әрекеті сипаты бойынша-зерттемелік, экспериментальді, іздеулер, қарым-қатынастық.
Оқу жобалауына қатысушылар белсенділігінің өнімдік сферасы пәндік немесе оқу мәселесімен беріледі, ал пәнаралық сипатқа ие. Мектеп аралық оқу кезінде тарихи, әдеби, географиялық жән тілдік жобалаулар орындалады. «саяхат» немсе «оқиға» деген тақырыптарда тарих, география, экономика, құқық, мәдениет, экология деген білім жинақтамаларын қозғауға болады.
20 жылдардың XX ғасырда жобалауды қолдау әдісі бойынша кез-келген жобалаудың құрылымы келесі кезеңдерді қамтиды.
Барлық еңбек процесінің жолын анықтайтын стимулдың құрылуы, зерттемелік стимул қоғамдық ортамен құрылған.
Қадамдық жоспардың құрылуы (индивидуалды, топтық, ұжымдық). Жоспар әр қадамның мұғалім қолдауымен құрылуын қарастырады. Осыған байланысты бақылаулар, материалдардың жинақтамалары, жұмыс нәтижелері бойынша шешімдер жүргізілді, осылайша ойын, әртиптік бейнелер, белсенді қарым-қатынастар сияқты формалар қолданылды.
Жоспардың орындалуы;
Орындаушылық критикалар.
Оқу жобалауларының ұйымы дәл осы логиканы қамтиды.
1.Оқу жобаларының тақырыбы әрекетті меңгеруге байланысты оқушылардың өздерімен жүйелендіріледі.
Мектеп жобалары бойынша, қоршаған ортаны меңгеру мүмкіндігі алуан түрлі болуы мүмкін. Бұл мұғалімдердің жобалауға қатысты кәсіби, әдістемелік, зерттемелік дайындығына тәуелді. Мұғалім осы жағдайда көмектесуге тиіс.
Тақырыптарды таңдауда оның әлеуметтік контекстін есепке алу өте маңызды. Американдық мұғалімдер мақсаттылы актінің қоғамдық ортаның қажеттілігін талап етеді дейді. Осыған бағытталатын тәрбие баланы өмірге тәрбиелеуге көмектеседі.
Жобалаудың алғашқы күннен қолданғаннан бастап, білім жүйесінде мақсат стимулының аса көп күшке ие екендігі анықталды, егер ол әрекет стимулын бекітетін болса, танымға деген қысым мен қызығушылық күшейеді. Е, Коллингстің жобалау әдісі бойынша, 1920 ж американдық мектептердің жұмыс тәжірибелерін анықтай келе, балаларға барлық нәрсені білу қызық екенін жазды. Балалар мектеп фартугін дайындауға, қуыршақ көйлектерін, суретке қатысты дәптерді дайындауға тырысады.

Журнал бөлімдерінің кейбір беттерінде 1920 жылдарғы жобалау әрекетінде жобалаудың география тапсырмаларымен тығыз байланыстылығына көп көңіл бөлінген. География әркезде қызығушылығы мол балаларды қамтиды.


Тіпті оның қатысушыларымен бейнеленген жағдайда да жобалау қоршаған әлемнің шынайы күй-жағдайымен қамтылып отырады және оның өзгеруіне қатысты әлеуметтік қажеттіліктерімен де байланысқа түсіп отырады. Осыған байланысты, оған қатыфсты жүргізілетін зерттеу жұмыстарын барлық қатысушылар үшін тиімді әрі қызықты етіп жасауға болады.
Мектеп оқушыларының статистикасына қатысты ағылшынның білім программасынан мысал келтіруге болады. «Сандвичті сату» оқу жоспары әрбір қатысушымен өзінің айналасындағы аймағын белгілі бір сандвич түрін таңдау жолымен ұйымдастырылған. Ол үшін әрқайсысына сұрақтама жүргізу мақсатында формализацияланған анкеталар беріледі. Кейін алынған нәтижелерді өңдеп, статистикалық әдістерді қолдана отырып, әр түрлі түрдегі диаграмма ретінде дайындау қажеттілігі туды. Бұл жерде кез-келген сандвич түрінің перстективалық сатылымын көрсетуге мүмкіндік туды. Оқушылардың статистикалық әдістерді практикалық тапсырмаларды шешуге қолдануға болатынына көздері жетті. Сонымен қатар, олар өздерінің коммуникативті дағдыларын, аналитикалық және графикалық әдістерін дамытуға деген мүмкіндіктерін алды. Осылайша, жоспар шынайы, тәжірибелік-бағытталған нүкте есебін қамтыды деп айтуға болады, ол тұрғындардың қажеттілігі туралы ақпаратқа негізделген.
Оқытушы үшін қазіргі сәтте балалардың жоспарлы әрекет мазмұнын мектеп білім мазмұнымен ұштастыру маңыздырақ. Оқу жоспарына қатысушының қосылуына мұғалімнің жобалау жұмысы әсер етеді. Мұғалім үшін бұл оқу бөлімдерімен, тақырып немесе курстармен қамтылған. тақырып кілттік мәселелік сұрақтамалардан туындайды, мұғалімдердің көзқарасы бойынша, қатысушылар пәннің мазмұндық бөлімін игеру үшін жауап табулары қажет. Сонымен бірге, мұғалім оқу жобасының педагогикалық потенциалы қандай күйде болатынын бағалауы керек.
С.Ч.Паркер өзінің «Бастауыш мектептегі білімнің жалпы әдісі деген кітабында мектеп практикасы бағытталатын қатысушылардың қызығушылықтарын көрсетеді.»

Романтикалық оқиғаларға деген қызығушылық


Адамдар мен жануарлардың әрекетіне деген қызығушылық
Ритм рифм және дыбысталу мен әнег деген қызығушылық
Қызығушылық, жұмбақ пен ақыл-ой жұмыстарына деген қызығушылық
Өз сезімін, ойын білдіруге деген қызығушылық
Физикалық әрекет пен қол еңбегіне деген ұмтылыс
Коллекциолерлік қызығушылық
Ойындарға деген қызығушылық
Ұқсастыққа деген ойын
2. Жобалау әрекетінің ұйымдастыру логикасы мынадай. Жобалау тақырыбы әрбір қатысушымен жәй ғана формулировкада беріледі. Тақырып бойынша жұмыс мерзімі көрсетіледі. Кейін әр қайсысы сол шекара аймағында өз мәселесін, өз сұрағын табулары керек. Жобалау тақырыбы кейін қатысушыларға оның жасы мен фантазиясына сай келетіндей тақырыпқа қатысты таңдалынады.
3. Келесі бір жұмысты ұйымдастыру үшін шығармашылық топ (2-3 адам) құрылады. Топ ішілік жұмыстың арқасында түрлі гипотезалар құрылады, әр қатысушының жоспарлды әрекетке деген үлесі конкретизицияланады, қажетті деген теориялық және практикалық тәжірибелердің «ревизиясы» жүргізіледі, соңғы жоспарлы өнімнің белгілі бір түрі анықталады. Оның сапасына қатысты қажеттіліктер талқыланады.
Осы этапта қатысушылар жағынан мұғалім адресіне қатысты ақпараттық сұрақтар туындауы керек. Мұғалімнің тапсырмасы –оқу-әдістемелік материалдарын ұсыну, жоспардағы жұмыс мазмұны мен мамандықтан түсіндіру, сонымен қатар әдебиет пен интернет ресурстармен байланысты консультативті көмек көрсету.
4. Кейін жобалауды жүйелендіруге байланысты өзіндік жұмыстар басталады, онда жеке және топтық әрекеттер ұштастырылады. Бұл жұмыс тақырыптарды игеруге қатысты уақытпен байланысатын оқу сабақтарында да жүргізіледі. Мұғалім міндетті түрде жұмыс формасын қайта қарау қажет, онда қатысушылар бір-бірімен және мұғалімдермен ақпарат алмаса алады. Бұл семинарлар, топтағы дискуссиялар, лабораториялық жұмыстар, имитациондық модельдердің алуан түрі болуы мүмкін.
5. Жобалау материалдарын дайындау кезіндегі жалпыламалар қандай да бір интегративті өнімді алуға мүмкіндік береді. Бұл өнім бастапқы кездегі этаптағы критериялармен ұштастырылып, жалпы ортақ талқылауларда көрсетіліп отырады.
6. Жобалау қорғанысы-қатысушының өміріндегі оқиға, сол себептен алдын-ала оның жолын, дайындығын шешу керек және әр қатысушыға дайындыққа деген өз жобалаудың нәтижелік процедурасын, нақты анықтау керек және сұрақтармен, дискуссия және бағалы талдау бөлігімен байланысты бөлігін де талқылау қажет.
7. Оқу жобасын аяқтайтын процедуралардың бірі бағалауға көмектесетін соңғы рефлекция.
Қатысушылар мен мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге жоспар бойынша құрылатын жұмыстардың құрылуы көмектесіп отырады. Мысалы: жұмыс этаптарының көрсетілуі.
Жобалау бойынша құрылатын жұмыстың мазмұны (мұғалім үшін)
Қатысушының жобалы әрекетке енуі
Жобалау тематикасының анықталуы мен тұжырымдалуы
Жобалау бойынша жұмыс графигінің құрылуы
Әдеби негізгілердің анализі
Жобалауды орындаудағы процестің анализі мен контролі.
Жобалауды дайындаудағы бақылау
Жобалауды ұйымдастыру және жүргізу тәсілі
Жобалауды бақылау
Жобалау қорғанысы
Жобалау қорытындысы
Жұмыс мазмұны
Жобалау жайлы ақпарат алу
Жобалау тақырыптарын таңдау
Жеке жұмыс графигін құру
Жобалаудың орындалуын қадағалау
Жобалауды дайындау
Топтағы қорғаныс
Жобалау жұмысы
Жобалау қорғанысы
2. Жобалауды мектептік білім жүйесінде қолданудың пәндік сферасы және жас ерекшелік диапазоны. Ол ешнәрсемен шектелмеген. Бастауыш, орта, жоғарғы білім жүйесінде жобалау режимінің білім, оқыту мысалдарын табуға болады.
Мысалы, «менің жануарым» деген экологилық жобалауда балаларға мынадай тапсырма беріледі, біз жануарды үйге асыраған кезімізде, оған кері әсерімізді тигізіп алмаймыз ба? Жұмыс мақсаты: үй жануаврын адаммен бірге меңгеру. Тап: міндетті түрде қажетті ақпаратты жинақтау, өмірге бақылау жүргізу және үй жануарын қадағалау, олардың өмірін жақсартуға байланысты практикалық рекамендацияларды өңдеу.
Әр қатысушыны бақылауға байланысты объект ретінде үй жануарын таңдайды: мысық, ит, хомяк, балық.
Жұмыс тақырыптарға байланысты топтарда жүргізіледі. «Алтын балық біздің сыныпта; Алтын хамячок» Жоспарлы жұмыстың нәтижесіне газет, альбом, плакат, үй жануарларымен жүру ережесінің кодексі жатады. Басқа мысал ретінде бизнес-жобалаудың оқу жобалары, ол «Бизнеске кіріспе» және «Экономика негізі» деген курспен байланысты. X сыныбының қатысушылары мен осы X сыныппен бір мезгілде оқитын қатысушылар үшін. Бастауыш этаптан кейінгі мұғалімнің жоспарлы тапсырмалары терминологиялық негізгілерімен бацйланыса отырып, экономикалық ойлаудынегізгі заңдармен байланысуды құра бастады, олар коммуникативті дағдыларды қамту. Мақсатына бағытталады. Бизнес-жобалаулар түрлі бөлшектер мен адам әрекетінің алуан түрлі сфераларымен құрылады. Жобалаудың арқасында қатысушылар әлеуметтік-экономикалық өмірдің көп және ең ауыр мәселелердің бірі екенін түсінеді.
Жобалау әдісі бұл жағдайда оқу процесінің бір бөлшегі болып табылатын гимназиялық тәжірибелердің бірінде қолданылады. Жобалауды қамтитын ұйымдық-басқару процедуралары мынаны қамтиды:
Тәжірибені жүргізуге қатысты сыныптарды таңдау
Мұғалімдерді интегративті курстарды дайындайтын авторлардың командасын және оқу жобаларын игеруі
Мақсаттардың сәйкестігі
Оқу процесін жоспарлау
өз тематикасына жақын пән бойынша интегративті курс программаларын құру.
3.Жазғы демалыс лагерлерінің өмірін жобалау программасы. Педагогикалық жобалау білім сферасындағы кез-келген маманның жұмыс жүйесіне кіре алады. Ол мұғалім мен тәжірибеленушілердің әрекетін қамтитын негізгі компоненттерін қамтиды. Соның нәтижесінде жобалаулардың алуан түрлері пайда болады. Соның бірі «каникулярлы» деген атаққа ие болды. Ол арқылы белгілі бір құжат қарастырылады. Онда құжат түрлі процестермен, педагогикалық жүйелермен бейнеленеді. Осы құжаттардың біріне жазғы демалыс лагерлерінің программалары мен мектептегі тәжірибелік жұмыстардың концепциясы, қандай да бір педагогикалық акцияның сценарийі, ауысымға байланысты жүргізілетін жұмыстың жобасы жатады. Каникулярлы жобалаудың негізгісіне-бала уақыты, оның демалысы жатады, ал оның мазмұны мен ұйымдастырылуы-тұлғаның белсенді өмірлік мәселесі болып табылады. Каникулярлы жобалаулар бала мен ересек адам өмірінің әрекетімен шектелсе белгілі бір мәнге ие болады. Жобалаудың түрі оларсыз мәнсіз болып келеді.
Кеңістіктегі педагогикалық жобалаудың логикасы жоспарлы әрекеттің жалпы логикасына тәуелді. Оның құрамы лагердің өміріне тәуелді каникулярлы жобалауға негізделеді және территорияға, жылдық белгілі бір уақытына да қатысты.
Каникулярлы жоба мақсат пен идеядан туындайды (уақыттың тематикасы, лагерь профилі, ұйымдастыру мәселесі). Сол жағдайда ғана жобалаудың пәніне мақсатты реализациялау мен осыған қатысудың формасы жатады. Ал егер оны жетекшілікке алатын оның негізгі принциптеріне келетін болсақ, олар: денсаулық, жай-күй жайлы ойлау, өмірдің демокрациясы, ол балалар мен кез-келген жастағы ересек адамдардың, әлеуметтік топтардың инициативалық қолдауын көрсетеді.
Каникулярлы жобалаудың кең таралған түріне лагердегі балалар мен ересектердің өмірлік программасы жатады. Осы программаға келесі қажеттілік комплекстері кіреді.
Белсенділік, ол балалардың ата-аналардың, тәрбиешілердің қызығушылықтарымен байланысты және де уақыт, территориясы мамандықтармен сәйкестендіріліп отырады. Оның құрамына демалыс кіреді.
Толықтылық алдын-ала жоспарланған логикалық әрекеттерде байқалады. (театрлық қойылымдар, реабилитациялық жүйелендірілген программа, жаңа шығармашылық ұжымның пайда болуы).
Болжамсыздық, көрсетілген мақсаттарға джеген ұмтылыс, болашақтағы әрекет.
Жүйелілік, белгілі бір жағдайдағы орындалатын шарт.
Оригинальность лагер, өмірінің мамандықтарына, оның салт-дәстүріне, шығармашылық ұмтылыстарына қызмет ету.
Жазғы демалыс лагерлерінің өмірлік жобасын жасау программасы уақыт пен әрекетті орнықтырумен байланысты. Осыған байланысты комплексті, профилді, қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді программаларды бөліп көрсету керек. Комплексті программа демалыстың алуан түрін, лагердегі ұйымшылдықты, балалар тәрбиесін көрсетеді. Профильді немесе специализацияланған программалық әрекеттің приоритетті бағытымен байланысты, ол белгілі бір контингеттің спецификасымен немесе пәндік бөлімге бағытталатын бағыттармен қамтылады. Мысалы, мүгедек-бала өмірлерін ұйымдастыруға қатысты әлеуметтік педагогикалық жоспарлар қалыптасқан экологиялық, өнер, спорттық, күрделі лагерь ауысымдарының программалары жобаланған.
Қысқа мерзімді программа қысқа мерзімді уақытты жүйелендіруге бағытталады. Ұзақ мерзімді программа 2 нұсқада көрсетіледі. Біріншісі әртү -лі балалармен жұмыс істеуге, ал екіншісі бірнеше жыл бойы жұмыс істеген еңбек әрекетіне бағытталады. Бұл жағдайда жобалаудың даму тиімділігі қатысушылардың жеке программаларына және лагерлерге бағытталады.
В.П.Бедерханова қоғамдық көзқарастарды бейнелей отырып, лагерлік жобалау процедурасын жазады, ол адамдардың кәсіби және өмірлік тәжірибесіне негізделеді. Жобалау алғашқыда ойын жанрында және функцианалдық қарым-қатынаста орындалған.
Балалардың, мұғалім мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру диогностикасымен қиыншылық және жеткіліксіз анализі.
Маңызды мсәселені шешу болжамы.
Ұжымдық шығармашылық әрекеттің түрлі механизмін қолдана отырып, активизациялық тәсілін игеру. Ойын 4 этаптан жүргізіледі 1-ші этаптың тапсырмасы лагердің болашақтағы жэоспарына байланысты банк идеясын құруға арналады. Ол үшін әр отряд 3-5 адамға бөлінеді. Әр топтың лоцманы болады. Ойынды жүргізу процедурасы қатысушылар арасында концептуалды тапсырмаларды ұсынады. Осы тапсырманы шешу мүмкіндігі бала, мұғалім мен қоғам позициясынан басталады. Бірлескен әрекеттің жолы ережелермен негізделеді: критикаға деген тыйым, айтылған, жұмсалған уақытты шектеу.
Күшпен құрылған ұйымдық орталықтардың идеясы жүйелендірілді, соның нәтижесінде шешімді қажет ететін мәселелер туындады. Нәтижесінде балалардың лагерге деген қанағатсыздық себептері, қарама-қайшылықтары көріне бастады. Ойынның 2-ші этапының тапсырмасы маңызды мәселені шешуге бағытталады. Ол үшін топтық дискуссия, қоғамдық экспертиза құрылды. Соңында жоспарға деген қажеттіліктер туындады. Қайта өңдеулер нәтижесінде бала мен ересектердің мәселелерге жаңаша қарауға әсер етті.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар.
1.Оқу жоспары жоспардың басқа түрінен қалай ерекшеленеді.
2.Жоспарлардың қандай ұйымдық-басқару процедуралары қамтиды.
3.Қандай жоспар программасына қажеттілік комплекстері жатқызылады.
Негізгі әдебиеттер:
Безрукова В.С. Проективная педагогика: Учеб. Пособие для инженерно-педагогических институтов и индустриально-педагогических техникумов.-Екатеринбург, 1996.
Ильин Г.Л. Проективное образование и реформация науки.-М. 1993.
Соколов В.М. и др. Проектирование и диогностика качества подготовки преподавателя: Монография. –М, 1993.
Қосымша:
Громыко Ю.В. Проектирование и программирование развития образования.- М. 1996.
Проектирование профессионального педагогического образования / В.А. Болотов, Е.И. Исаев, В.И. Слободчиков, Н.А.Шайденко // Педагогика.-1997. № 4.
Кулютшн Ю.Н. Сухобская Г.Р. Моделирование педагогических ситуаций.- М. 1981.

Лекция №9 Оқушылардың жобалау жұмыстарын ұйымдастыру кезеңдері


Жоспар:
1. Дайындық кезеңі
2. Жобаны жоспарлау
3. Зерттеу жұмысы. Нәтижені талқылау

Сыныптан тыс жобалар.Білім беру мазмұны логикасында қарайтын болсақ, жобалауды толыққанды орындау мүмкіндігі сыныптан тыс жұмыстарда мол болады. (Мысалы, әлеуметтік мәнді жобалар, тәжірибелік жобалар, т.б.)
Бұл жерде көңіл аударарлық нәрсе – ондай жобалардың білім беру міндеттерін орындауға қаншалықты қатысты екені. Тереңге бармай, бір қарағанда сыныптан тыс жобалар білім беруге құрылмайды, олардың алатын өнімдері өзгешелеу. Атап айтқанда, оқушылар жоба барысында коммуникативтік қатынас, топпен бірге жұмыс істеу, әлеуметтік проблемаларды шешуге араласу дағдылары қалыптасады. Мектеп газетін құрастыру, спектакль қою, мектеп ауласының дизайнын жасау, т.б. жобалау өнімдерді де жасауға болады. Осыларға қарап, сыныптан тыс, мектептен тыс жобалау оңайырақ және жобалау талаптарына көбірек сай келеді деген пікір тууы да мүмкін.
РЕКЛАМА
Алайда, жобалауды тек тәрбие жұмысына ғана қатысты қарастыру оқушыларды білім беру мазмұнына қатысты жобаларға қарсы қоймау тиіс. Оқушының пәндік білімін қолдануға мүмкіндік берілмесе, онда оқушының білім алуға қызығушылығы төмендейді, оның өз білімін дамыту мүмкіндігі шектеліп, адамның даму потенциалы азаяды.
Жобалау және рефлекция. Джон Дьюидің еңбектерінде жобалау әдісінің негізі қаланып, оның «тәжірибе» ұғымы арқылы таратылғаны белгілі. Адамның Дьюи түсіндірген «тәжірибесі» біздің барлық іс - әрекеттерінен пайда болады деуге болмайды, сонымен қатар, адамның бір нәрсемен танысу, тоқталу, талдау барысында қалыптасады. Бұл жердегі маңыздысы – тоқталу, назарын бөлу, жағдайды талдау әрекеттері.
Жобалау әрекеті оқушылардың практикалық жұмыстары сияқты өзіндік тәжірибе алуына негіз болады. Жоба өзінен өзі тәжірибеге айналмайды. Жобалау тәжірибе алуға кепілдік бермейді, өйткені ол рефлексия бола ма жоқ па, жобаға қатысушылар жобалық іс - әрекеттердің мән – маңызын жете түсініп те қамтамасыз ететіні белгісіз. Тәжірибе ретінде қалыптаспаған жоба өмірде болған оқиғаға ғана айналады.
«Тәжірибе алу» үшін – рефлексия деп аталатын тоқталу, қайта қарау, оқиғаны , құбылысты түсіну әрекеттерінің жүйесі қажет. Рефлексия – тек ойлану әрекетіне қарағанда күрделірек.
Сондықтан, жобалау әрекеттеріне қосымша ретінде арнайы ұйымдастырылатын рефлексиялық сессия – жоба алдындағы, жоба барысындағы толқулар, т.б. жұмыстарды қажет етеді.
«Рефлексия» ұғымы педагогикалық әрекеттерде соңғы жылдары қолданыла бастады. Бірақ олардың көбінде «ойлану, еске түсіру» ұғымдары ретінде түсіндіріледі. Рефлексия - әрекеттердің, оқиғаның болған ретін еске түсіру ғана емес, олай болу себебі мен мағынасын анықтау әрекеті.

Мақсат қою


Жоба кезеңдері


Нәтиже, өнім

13- сурет
Жоба идеясын дамытудың маңызды бөліктері
Рефлексияның мәні - жобаны қорыту емес. Ол, біріншіден, жобалау барысын түгел талдайды; екіншіден, жобаның тәжірибеге айналуына ықпал етеді, жобаны бағалауға негіз болады.
Рефлексия бақылау арқылы жасалады. Жобаның бақылау барысында негізге алынатын дайын үлгісі болмайтындықтан, рефлексияның іске кірісетін жері – проблеманың пайда болуы. Бұл педагогтың жұмысы, өйткені, оқушылар проблеманы байқамайды, не қиынсынып басқа оңай іске ауысып кетуі мүмкін. Педагог осы жағдайларды қадағалай отырып, рефлексия пайда болатын жерлерді белгілейді.
2.Оқыту үрдісіндегі жобалауәрекетін ұйымдастыру біздің педагогикалық қауым үшін жаңа, үйренбеген жұмыс, өйткені ол оқыту үрдісінің құрылымын түгелдей жаңаша құруға бағытталған. Жобалау әрекеті білім беру кеңістігі - әрекет субьектілерінің қарым – қатынасы, әрекеттері, әрекетке қатысушылар құралы мен әрекет ұйымдастырылатын бөлмені де құрайды.
Дәстүрлі білім беру жағдайында кеңістік мұғалімнің оқушыға тікелей білім беру мақсатына қызмет етеді, соған ыңғайластырады. Онда білім беруші, білім алушы ролдері өте нақты болғандықтан оның техникасы мен әдістемесі бір жақты болады.
Класс кеңістігінің ұйымдастырылу принципі педагогты басты тұлға ретінде ала отырып, оның көмекші құралдары тақта, демонстрациялық стол, соған қарама – қарсы отыратын оқушылар да мұғалімге ыңғайлы болуы үшін құрылады.
Оқушылардың қатар – қатар отыруы сабақ барысында бірлесіп әрекет етуге мүмкіндік бермейді, бұл кеңістік оқушы мен мұғалімнің қарым – қатынаста ғана қолайлы. Бұндай құрылымдық кеңістік дәстүрлі оқытудың міндеттеріне сай құрылған және онда оқушы сабақты түсіндіруші, балалар жазып алушы, орындаушы.
Жобалау әрекетіндегі уақыттың ұйымдастырылуы.
Оқытудың құрылымдық кеңістігінің тағы бір бөлігі – уақыт. Білім беруде уақыт өте нақты белгіленгені белгілі, мысалы, сабақтың класта, немесе үйде орындалу уақыты бар, мектепте және мектептен тыс орындалатын шаралар да уақыты, сабаққа даярлану уақыты, сондай – ақ жеке өзіне арналған уақыттары белгіленген. Тиімді ұйымдастырылған жобалау қызметінде қатысушылардың уақытты тиімді пайдалану жоспарланады. Өйткені, жобаға қызығу деңгейі жоғары болған жағдайда оқушылар беріле кірісіп, өз уақыттарының көбін оған арнауы мүмкін. Осы жағдайда оқушыларға уақытты пайдалану, өзге де маңызды істерді уақытында орындалуы қадағаланады.
Сондықтан, педагогтар жобаны орындаудағы компоненттері – жұмысты ыңғайлы кестемен орындау, уақытын , көлемін, ұзақтығын ескеруі қажет. Одан басқа, ресурс ретінде оның әрекеттері мен жобалау әрекеттерінің бірін – бірі толықтырып отыратын ерекшелігін пайдалануға болады.
Жобалау барысындағы уақытты басқару талаптары негізінен жоспарлау және бақылауды орындауда қойылады. Мысалы, белгілі бір әрекеттерді орындауда жүргізілетін мониторинг кейбір жұмыстардың өз мерзімінде аяқталмайтынын, кейбір әрекеттердің бірін – бірі қайталауға әкелетіні, ал кейбірін орындауға аз уақыт қажет болатыны, яғни тәжірибеде тиімсіз деп табылған істерді өзгерту керектігі анықталады.Одан кейін тиімділікпен ұйымдастыру қарастырылып, жаңа нұсқамен жұмыс істеуге болады.
Оқу жобасының құрылымы мен түрлері
Жасөспірімдердің негізгі әрекеттері жобалаушылық тұрғысынан жасалады. Мектеп жағдайында жобалау әрекеттерін ұйымдастыру сол мектептің дәстүрімен, тарихымен, қалыптасқан үрдістерімен ерекшеленеді. Жобалаудың басты белгісінің өзі қалыптасқан жағдайды нақты сол кезең бойынша талдау арқылы оның күтілетін өзгерістерін анықтайды, жобаланады, жүзеге асырылады. Оқушылардың жобалау әрекеттерін жобалау теориясы айтылатын тәжірибелік мәдениеттің ең дамыған түріне толықтай жатады деп айтуға болмайды. Жобалау, жоғарыда айтылғандай қалыптасқан жағдайды қайта құруға бағытталады. Ол белгілі бір жүйені сапалық тұрғыдан өзгертуді қамтамасыз ететін әрекеттерден тұрады. Ал оқушылар жобалары қалыптасқан жағдайды өзгерту, немесе жүйенің сапасын жаңару міндеттерін көздемейді. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың жобалау әрекеттері мен оқудағы жобаларды жобалық-ойындық әрекеттер деп атауға да болар еді. Кейбір ғалымдардың «квазижобалар» деп атауды ұсынатындары да сондықтан. Мектеп тәжірибесінде жобалау екі түрлі жоспарланады: білім беру жобалары немесе педагогикалық жобалар, оның субъектісі педагог немесе педагогикалық ұжым болады, екіншісі мектеп оқушылары жобасы, оның субъектісі - оқушылар. Аталған жобалардың бір-бірімен байланыстылығы сондай, кейде оларды ажырату да қиын.
Жалпы жобалау теориясында берілетін көрсеткіштердің дәл орындалуы оқушылар жобасының өз ерекшеліктеріне байланысты нақты болмауы мүмкін екенін ескерсек, онда мектептегі жобалардың ерекшеліктерін анықтап алу қажет.
Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет