Мектеп оқушылары жобаларының құрылымы:
1. Жағдайды талдау,түпкі идея мақсатты анықтау
- жағдайды талдау; (жобалау идеясын талдау, жаңа өнім алуға қажеттіліктің пайда болуы)
- проблеманы нақтылау; (жобалау мақсатын құрастыру)
- проблеманы шешудің болжамын жасау,проблемадан шығатын міндеттерді анықтау;
2. Жобаны орындау(жүзеге асыру);
- жобаны орындаудың кезеңдерін жоспарлау;
- міндеттерді орындау жолдарын талдау; проблеманы шешу жолын таңдау,
- зерттеу жүргізу, зерттеу әдістерін таңдау (статистикалық, эксперименттік, бақылау т.б;)
- жобаны орындау;
3. Қорытынды өнімді даярлау:
- қорытынды нәтижелерді рәсімдеу жолдарын талдау (презентация,жобаны қорғау, шығармашылық есеп т.б)
- алынған нәтижелерді жинақтау,жүйелеу,талдау,қорыту;
- қорытынды жасау, нәтижені рәсімдеу, топ алдында қорғау,
- презентациялау;
- қорытынды түйіндеу,зерттеу жобаларының жаңа проблемаларын ұсыну.
Берілген негізгі кезеңдерден басқа жобаның қосымша сипаттамаларыда бар,оны оқушылардың жобалау әрекеттерін ұйымдастыруды ескеру қажет.
Оқушылар жобасының сипаттамалары:
- оның нақты нәтиже алуға бағытталғаны;
- күтілетін нәтижелердің алдын-ала эскиз, сұлба ретінде белгіленуі, белгілі
- бір деңгейде нақтылануы және детальдары анықталады;
- орындалу мезгілі нақтылануы;
- нәтижені алуға бағытталған іс - әрекеттердің алдын – ала жоспарлануы;
- бағдарламасы жасалуы – жобаның жалпы өнімін алуды қамтамасыз ететін түрлі әрекеттердің белгілі бір мерзімде орындалатын нәтижелері анықталуы; жоспарлануы;
- жобалау әрекеттерін орындау барысында оның кезеңдері бойынша мониторинг жасалып, түзетулер жүргізіліп отыруы;
- жобалаудың қорытынды өнімін ала отырып, оны жоспарланған бастапқы жағдайға байланысты талдау, сәйкестендіру, одан арғы жұмыстарды жағдайға сай жоспарлау;
Оқушылар жобасының сипаттамалары
Оқушылар жобаларының түрлері сан алуан идеялардан туындайды, пайда болады. Оған жаңа жағдайлар, жаңадан алынған ақпарат, жаңадан алынған құралдар да негіз бола алады.
Біздің тәжірибеміздегі жобалау оқушылардың «кітап шығару» идеясынан туындаған түрін қарастырып көрейін. Ойша елестетуден (идеядан) пайда болған болашақ кітаптың (өнімнің) бейнесі оқушылардың осы жұмысты бастап кетуіне түрткі болды. Бұл жағдайды бақылау барысында балалардың тек қана кітап үшін мәтіндер даярлаумен ғана емес, кітапты тұтастай елестете отырып, онда болуы тиіс суреттер, фотолар, т.б кітаптың мазмұнына қарай құрастыруға тырысқаны байқалды.
Сондай – ақ, жобалау әрекетін бастау үшін белгілі бір тарихи оқиғамен танысу да себеп бола алады. Оның мысалы ретінде, біз бақылаған оқушылардың қаладағы «жұмбақ» үйдің тарихы туралы алынған аз мағлұмат қызықтырғандығын бір сынып үшін үлкен жобаны бастауға негіз болғанын айта кетуге болады.
Оқушыларды өз әрекеттерін бақылауға үйрету, жобаның идеясын қайта құру, дамыту арқылы бастамасындағы жоба мүлдем өзгеріп те кетуі мүмкін. Оны да біздің тәжірибеміздегі балалардың, ең әуелі, өз күштеріне сеніп бастаған «компьютерлік ойындар құрастыру» идеясының өзгеріп кеткені туралы мысалмен түсіндіруге болады. Атап айтқанда, «компьютерлік ойын бағдарламасын» жасау барысында графикалық элементтер құру қажет болды. Оның бірнеше нұсқаларының сәтті жасалуы оқушылардың жаңа өнім жасау шешім қабылдап, «компьютерлік ойындар құру» идеясы «графикалық өнімдер» жасап, тәжірибеге ұсынумен ауыстырылды. Міне, осылайша жобалаудың өте күрделі түрі таңдалатын болса, оған қызығу бірте – бірте азайып, басқа жобаға ауысып кету, не жобаны аяқтамау сияқты жағдайлар да болуы мүмкін.
Жобалау типтері
Білім беру құралдары ретінде қолданылатын жобаларды бірнеше типке бөле аламыз. Мысалы, оқу пәндеріне сай типке бөлу, тәрбиелік, немесе әдістемелік т.б. жобалар.
Жалпы алғанда жобалар моножоба (бір пән аумағында), полижоба (пәндер аралық), пәннен тыс (сабақтан тыс) жобалар т.б. Осы бағытта қарастырсақ білім беру жобалары, тәрбие жобалары деп те бөлінеді.
Жобаның басты белгісі – оның ұзақтығы. Жобалар қысқа мерзімге (мысалы, бір аптаға дейін), орта мерзімді (бір айға дейін), ұзақ мерзімдік (1 тоқсаннан бастап – жарты жылға дейін). Одан ұзаққа созылатын жобаларды да жоққа шығаруға болмайды. Ұзақ мерзімді жобалар бірнеше кезеңге бөлініп, әр кезең өз алдына бөлек жоба бола алады.
Жобаның қатысушыларына қарап та оны типтерге бөлуге болады: топтық, жеке, ішкі топтар, кіші топтармен орындалатын жобалар.Жобалауға қатысушылар соны 12 – ден асса, олар кіші топтарға бөлуге болады. Сондай – ақ, топтар туралы өзгеріп отыратын немесе құрамы өзгермей отыратын деп те бөлінеді. Өзгермелі құрамды топтар арнайы да ұйымдастырылады, оның құрамы белгілі бір кезеңдер үшін ғана құрылуы мүмкін.
Басқару түріне байланысты жобалар педагогтың тікелей басқарумен орындалатын, немесе педагог кеңес берушілік қызмет қана атқаратын жобалар болып та бөлінеді.
Жобаларды дифференциялаудың тағы бір түрі – жобалау әрекетінің түрлері. Мысалы, жобалар зерттеушілік немесе қолданбалы да болып бөлінеді. Сондай – ақ, шығармашылық, тәжірибелік болып та бөлуге болады.
Жобалауды типтерге бөлу неліктен қажет? Әрине, тұрақты типтік түрлері болмаған соң оларды типке бөлмесе де болар еді. Жобалау әрекеті ұйымдастыруда да, орындауда да типтерге бөле аламыз. Мысалы, жоспарлау арқылы жобаның соңғы кезеңінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілеттері артатынын ескере отырып, оқушының жобалаудың барлық кезеңдерінен өтуін қадағалауға болады.Сондай – ақ, жобалау типтеріне сүйене отырып, педагогтың тікелей жетекшілік ететін жобаларынан – кеңес берушілік роліне өтуге, сол арқылы қатысушылардың субъектілігін арттыру амалдарын жүзеге асыруға болады.
1) Оқушылардың өз бетіндік жұмысын жеке жұппен, топпен орындалуы;
2) Жобаның мазмұндық құрылымы, аралық нәтижелері мен кезеңдері болуы;
3) Әрбір кезеңнің бірізділігіне негізделген төмендегі зерттеушілік әдістердің қолданылуы:
4) проблеманы анықтау және одан туындайтын міндеттерді белгілеу (оның барысында «ойға шабуыл», «дөңгелек үстел» әдістері қолданылады);
5) міндеттерді орындаудың болжамы жасалады;
6) зерттеу әдістері (статистикалық бақылау, диагностикалау, тәжірибе жасау, т.б.) талқыланып, белгіленеді;
7) алынған нәтижелерді жинақтау, жүйелеу, талдау жасалады;
8) соңғы нәтижені рәсімдеу тәсілі анықталады (презентация, жоба қорғау, шығ. есеп, қойылым т.б.)
9) қорытындылау, нәтижені рәсімдеу, презентациялау;
10) қорытынды жасау, жаңа зерттеу проблемаларын анықтау.
Оқушылар жобаларының өзгеру түрлері
Жобалау әрекеті оқушының нақты ситуацияларда жол таба білуіне бағытталған мақсатты іс–әрекеттерді ұйымдастырудан көрініс табады. Осыдан шығатын оқыту мақсаты – оқушыларды проблеманы шешудің, ізденіс–зерттеулердің әдіс–тәсілдерімен қаруландыру. В.Х.Килпатрик еңбектерінде жобаның төрт түрі көрсетілген:
5) өндірістік, немесе жасампаздық;
6) тұтынушылық;
7) интеллектуалдық, немесе басқа да проблемаларды шешуге бағытталған;
8) жоба–жаттығулар.
Өткен ғасырдағы педагогикада гуманитарлық идеялардың дамуы жобалауды кәсіби әрекеттің ерекше түрі ретінде қабылдап, білім беруде жобалау мәдениетінің қалыптасып дамуына ықпал етті. Батыстық педагогикада (К.Роджерс, Э.Фромм) оқытудың жобалау мәдениеті тұрғысынан қарастырылуы білім алушының жобалау әрекеттеріне қатысуы арқылы тұлғалық өсуіне, жеке әлеуметтік тәжірибесінің дамуына, шығармашылық еркіндігін көтермелеуге бағытталған педагогикалық жағдайлар туғызылады деп қарастырылды.
Оқытудағы жобалау әдістерімен қатар, жобалаудың өзі педагогтар үшін жаңа міндеттер пайда болуына негіз болды. Мысалы, мектеп өмірінің демократиялануына байланысты жобалау оқушылар мен мұғалімдердің бірлескен өнімді әрекеті түріне айналды, өзара тең дәрежедегі жаңа қарым–қатынастар құруға мүмкіндіктер туғызды. Джон Дьюидің «Демократия және тәжірибе» атты еңбегінде оқытудың қоғамдық сипаты қарастырылуына байланысты, жобалау әрекеті қоршаған ортада, шынайы өмірде туған проблемаларды шешуге негізделген білім мазмұнын әлеуметтендіру амалы ретінде мақсатты түре дамытыла бастады. Үнемі өзгеріп отыратын өмір шындығы әлеуметтік тәжірибені тұтас меңгеруге негізделген дағдыларды талап ететін болды, ол мектептердің де өзгеруіне ықпал ете бастады.
Әлеуметтік жобалау және модельдеу
• Әлеуметтік–педагогикалық жобалау: Әлеуметтік ортаны педагогикалық тәсілдермен өзгеруі Әлеуметтік проблемаларды педагогикалық құралдармен шешуМодельдеу шынайы түрде бар процестер мен құбылыстардың логикалық, информациялық және графикалық құрылымын жасау, яғни объектілерді жеңілдетілген түрінде бейнелеу; модельдеу – түпнұсқаның зерттеушіні қызықтыратын қажетті жақтарының дәлме – дәл көшірмесін түсіру арқылы зерттеу; Модельдердің бірнеше түрлерін бар: 1 танымдық эвристикалық 2 болашақ моделі 3 қажет болатын модель Модельдеу түрлі функциялар атқарады:
• эвристикалық,
• прогностикалық
• прагматикалық..
Жобалау мерзімі
Ғылыми–әдістемелік әдебиеттерде «жоба», «жобалау» ұғымдарынан тарайтын түрлі сөз тіркестері мен терминологиялық түсініктер көбеюде. Олар бір қарағанда мәндес сияқты болғанымен әрқайсысының қолдану аясы бар, сондықтан жобалау әрекеті барысында пайда болуы мүмкін қайшылықтарды болдырмау мақсатында нақтылауды қажет етеді. Оларды төмендегі сипаттары бойыша ажырата аламыз:
− «жобалық» – бұл сипат белгілі бір нәрсенің жоба аясында қолданылатынын түсіндіретін, жоба категориясына жататынын білдіретін ұғым, мысалы, жобалық шешім, жобалақ құжаттар, жобалық тұрғы, жобалық мәдениет, т.б.
− «жобалай алушылық» – бұл сипат адамның ой түріндегі объект бейнесінің тәжірибеде іске асырылу моделін көре алатын қабілеті. Ол белгілі бір әдістер мен процедуралар негізінде іске қосылатын тұлғалық сапасы ретінде көрінеді, мысалы, жобалай алатын ой-сана, жобалай алу әдістемесі, жобалай алуды тексеру, т.б.
− «жобалаушылық» – бұл сипат ерекше әрекет ретіндегі жобалауға жататын ұғымдарды білдіреді, мысалы «жобалаушылық кезең» деп белгілі бір үрдістегі жобалау әрекетін пайдалануға мүмкіндік бар кезеңді, «жобалаушылық біліктілік» –жобалау қызметін іске асыру мүмкіндігін білдіреді. «жобалау әдісі» – оқушыны бірте - бірте күрделене түсетін практикалқ тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі» деп түсіндіріледі. Енді «жоба» ұғымына келсек, қазақ тілінде оны «жасалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге тиісті нысандардың макеттері, есептеулері және ұстанымды дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар. Жоба болашақ жоспар негізінде жасалып, қабылданады».
Оқытудағы жобалау әдісі: идеядан – орындалуына дейін
Жобалау әдісін педагогикалық технология ретінде қарастыратын болсақ, бұл зерттеушілік, ізденістік, шығармашылық, проблемалық әдістердің жиынтығы ретінде білімнің өзін интеграциялауды ғана емес, оларды қолдануда интеграциялау және ол арқылы жаңа білімге қол жеткізуді қамтамасыз ететін технология. Ресей ғалымы Б.С.Полаттың айтуынша, «жоба әдісін пайдалана білу – мұғалімнің жоғары кәсібилігінің көрсеткіші, өйткені бұл әдіс – оқушыларды оқыту мен дамытудың алдыңғы қатарлы озық әдісі.
Жобалау – XXI ғасырдың бірден бір технологиясы, ол, ең алдымен адамның постиндустриялық қоғамның үдемелі өзгермелі жағдайларына бейімделе білуін көздейді».Сондай – ақ, жобалау әдісін оқытуда пайдалану ерекшеліктерін міндетті түрде ескеру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |