Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Құқықты оқыту әдістемесі мен құрылымдары



бет10/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Құқықты оқыту әдістемесі мен құрылымдары

Құқық нысанын жақсы түсіну үшін әуелі философиялық категория «мазмұн мен нысанын» жақсы білу қажет. Негіз құқықтың мазмұны мен сыртқы көрінісін және өмір сүру тәсілін көрсетеді. Сонымен қатар құқықтың мазмұнының қалыптасу негіздерін, себептерін факторларын көрсетеді. Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады: материалдық, идеалдық, заңды. 1) Материалдық негізгі қоғамдағы экономикалық базисте меншіктердің талаптарына сәйкес қабылдаған нормативтік актілер жатады; 2) Идеалдық негізге қоғамдық идеологияның сананың талаптарына сәйкес қабылданған құқықтық нормалар; 3) заңды негізге қоғам жақсы сапалы дамуымен талаптарына сәйкес қабылданған нормалар құқықтық жүйелер. Бұл көрсетілген үш түрлі бағыттан басқа құқықтың негіздерінің тағы бірнеше түрлері бар. Әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, корпоративтік, діни нормалар, заң ғылымының қорытынды ұсыныстары. Құқықтың негіздері құқықтың жақсы сапалы дамуына зор әсер етеді. Сапалы дамыған құқық өзінің негіздері мен нысандарына қолайлы жағдайларын жасап қоғамды жақсы реттеп басқаруды қамтамасыз етеді. Құқықтың сапалы дамуына әсер ететін жағдайлар сан қырлы болады. Қоғамның саяси экономикалық мәдени-әлеуметтік ұлттық даму процесі адамдардың рухани сана сенімін құқыққа әсері іштей де, сырттай да объективтік және субъективтік тұрғыдан да болып жатады. Олардың әсері әртүрлі деңгейде болады, және өзгеріп отырады, бірде күшейіп, бірде бәсеңдеп әсіресе елде экономикалық, әлеуметтік жағдайы төмендесе, нашарласа халықтың тұрақсыздығы күшейеді. Құқықтың негіздері құқықтың мазмұнына, нысанына, сапасына әсер етеді. Сонымен әр елде әртүрлі құқықтың негіздері мен нысандары қалыптасты. Бір елде парламенттің, екінші елде – президенттің, үкіметтің, үшінші елде – соттың ролі күшейіп отырды. Бәрі бірігіп құқықтың, мемлекеттің қоғамды басқаруын жақсартты. Құқықтың мазмұнына, нысанына, белгі нысандарына, функцияларына, қағидаларына жан-жақты түсінік беруді аяқтап құқықтық қоғамдағы құндылығына қысқаша тоқталайық. Құқықсыз қоғам дұрыс прогрестік жолмен жақсы дами алмады. Құқық пен мемлекет қоғамды дағдарысқа ұшыратпай дұрыс басқарып дамытылып келеді. Құқықты оқыту – күрделі үрдіс, ол өзара байланысты: оқытудың мақсатын анықтау, білім мазмұнын іріктеуге басшылық ету білімгерлердің оқу қызметін және оқытудың нәтижесі сияқты құрамдас бөлімдерден құралады. Оқыту үрдісі үнемі қозғалыста болады. Демек, дамып отырады. Ол туындаған қайшылықтарды шешу арқылы жетеді. Оқытудың мақсатын анықтауда кейінгі маңызды мәселе білім мазмұнын анықтау, іріктеу. Құқықты оқытуда тікелей қатысты осы және басқа да мәселеге көшеді. Құқықты оқыту теориясы мен әдістемесі ғылыми пән болғандықтан ол осы пәннің аса маңызды проблемаларын зерттеумен де шұғылданады. Ол проблемаларды шешу үшін эксперимент жүргізіледі. Әдістеме – дүниені философиялық тұрғыдан түсіндіретін ілім. Ғылыми әдістемелік оның ғылыми зерттеу әдіс-тәсілдері. Жалпы ғылым дегеніміз – негізінен екі мәселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді – теория және әдістеме, әдіс-ғылыми қандай тәсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? – деген сұраққа жауап береді. Теория мен әдіс өмірде тығыз байланысты дамиды. Бұл объективтік байланыс ғылымның мыңдаған саласындағы тәжірибеде дәлелденген. Адам қоғамының даму процесінде бір-біріне байланысты миллиондаған қарым-қатынастар қалыптасып, жаңарып, ескіріп жатады. Бұл объективті диалектикалық процесс. Сондықтан құқық қоғамдағы нормативтік актілердің тек жиынтығы ғана емес, ол қоғамның әр саласына сәйкес объективтік диалектикалық даму процесі арқылы қалыптасатын әлеуметтік көпсалалық көп жүйелі құбылыс. Бұл күрделі құқық процесі салалық, жүйелік дамуды зерттейді. Қоғамдағы барлық нормативтік актілердің мазмұнына сәйкес қалыптасады және сол құқықтық нормаларға қалай іске асуын, орындалу тәсілдері мен әдістерін анықтап отырады. Құқық құрылымының жақсы дұрыс дамуына қоғамның мемлекеттік құрылысы, саяси-экономикалық, әлеуметтік, рухани, демократиялық даму деңгейі зор әсер етеді. Қоғамдағы демократия бостандық, әділеттік, теңдік, әлеуметтік- экономикалық жағдай жақсы дәрежеде болады. Ал бұл жағдайлардың дәрежесі төмен болса, құқық құрылымы жүйесінің де нашар дамуы мүмкін. Қылмыстық нормалардың элементтері бірігіп оның құрамын қалыптастырады. Бірақ ол элементтердің болуы тізілу қатары, бағыты, мақсаты, нормативтік актілердің түрлеріне байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет