Білім беруді ұйымдастыру жүйесі
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі Заң бойынша білім беру ұйымдарының оқыту бағдарламалары мен әр деңгейдегі мемлекеттік білім беру стандарттары, басқару орындары мен оларға бағынышты ұйымдардың өзара байланысы негізінде құрылады.
Білім беру жүйесінің жаңа міндеттері:
Оқыту бағдарламасының жүзеге асыруына жағдай жасау.
Жеке тұлғаның шығармашылық рухани мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салты мен адамгершіліктің берік негізін қалыптастыру, жеке даралық қасиетті дамытуға жағдай жасау арқылы ақыл-ойын дамыту.
Отан сүйгіштік пен азаматтыққа өз Отаны Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін сыйлауға, конституцияға, қоғамға қарсы жасалған кез- келген іс-әрекетті болдырмауға тәрбиелеу.
Республикамыздың қоғамдық, саяси-экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуға, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарас қажеттілігін қалыптастыру.
Әлемдік және отандық мәдени жетістіктерге қатыстыру; Республика тарихын, қазақ және басқа да халықтардың салт-дәстүрлерін білу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйрену.
Оқытудың жаңа технологиясын енгізу, білімді ақпараттандыру, халықаралық коммуникация жүйесіне шығу.
Еңбек рыногында бәсекелесе алатын жоғары дәрежелі жұмысшылар мен мамандарды даярлау және қайта даярлау.
Білім беру ұйымдарының түрлі қызметкерлерінің қарқынды дамуына көмектесу.
Достарыңызбен бөлісу: |