Бүгінгі мұғалімнің ролі.
Қазіргі кезде елімізде білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасы деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Бүгінгі жас ұрпақ – ертеңгі ел болашағы.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан болашағы – қоғамның идеалық бірлігінде» атты еңбегінде Қазақстанның азаматтарын отансүйгіштікке тәрбиелеу ісін, азаматтардың еліміздің рәміздерін қастерлеуге, заңды құрметтеуге, тәрбиелеуден бастауымыз керек, - деді. Сондықтан жеке тұлғаға ұлттық сананы ояту арқылы, тарихи білім қалыптастырып, шыдамдылық қабілетін жоғарғы деңгейге жеткізуіміз керек. Азамат қоғамы дамуының басты құралы – білім мен ғылым. Адам өз ұрпағының болашағы үшін қалай жауапты болса, қоғамның болашақ алдындағы жауапкершілігі одан да жоғары болатыны баршаға аян.қазіргі кездегі басты қағидалардың бірі - әр жеткіншектің шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін жетілдіре беру, олардың тұлға ретінде дамуыүшін жағдай тудыра отырып, ой-өрісін байыта түсу.
Біздің елімізде білім берудің отандық және шетелдік оқыту технологиясы педагогика мен психологиядағы ізгілік дәстүрлер,ой-пікірлер зерделеніп, адамның әлеуметтік психологиялық танымы артып келеді. Адамзат жинақтаған өз тәжірибесін жас ұрпаққа беру мақсатында, оқушының азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға көңіл аударып жатыр.
Білім берудің алғашқы шарты – білім мазмұнына демократияға білім мен тәрбие берудің гуманистік сипаты. Гуманизм – бұл жеке тұлғаның мүддесіне көңіл бөлу арқылы, оны қамқорлыққа ала отырып, тәрбиелеу. Оны дамытушы – ұлттық білімнің негізін салушы – жаңа ғасырдың жаңаша ұстаздары. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары деңгейде болуы тиіс. Мұғалімнің басты міндеті – баланың ой-өрісін өсіріп, шығармашылық жұмыс істейтіндей жағдай туғызу. Сөйтіп, әрбір оқушының өзін-өзі дамуына өз мүддесі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, ынтасын арттыруға, бойындағы қабілетке сай білімін тереңдетуге ықпал жасау.
Қазақстан мемлекетінің болашағы бүгінгі ұрпақ тәрбиесіментікелей байланысты. Шәкірттің рухани әлемі ғаламдық біліммен, өз халқының ғасырлар бойы жинақтаған асыл қазынасымен, ұлтының салт-дәстүрінің айрықша үлгісімен сусындату міндетіне тәуелді болып отыр. Қазақ ұлтының тілін, мәдениетін, рухани болмысын, әлемдік өркениетті жетістіктермен ұштастыру бүінгі күннің талабы.
Бүгінгі қоғамдағы саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын мұғалімнің іс-әрекетін жаңа тұрғыда ұйымдастыру басты рөл атқарады. Ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов өзінің бір өлеңінде, «рухсыз бостандықтан шаршадым» деген. Осыған орай, елемезде рухы биік, өз жерінің, өз елініңтарихын жан-жақты талдай білетін, өз тілін құрметтейтін, бойында отаншылдық, ұлтжандылықсезімі басым азаматтарды тәрбиелеу - ұстаздар қауымының парызы. Ұстазы жақсы елдің, ұстамы жақсы. Дүниеде көп қажымас еңбекті, сүйіспеншілік пен мейірімділікті, шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін жалпы адамзат ғұмырындағы мәңгі керек мамндықтың бірі – ұстаз. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ұлы Абай.
Достарыңызбен бөлісу: |