Қазақстан Республикасындағы несиелік жүйені жетілдіру жолдары.
Халық өз мұқтаждығына қажетті қаржы ресурстарын несие алу арқылы қамтамасыз етеді. Халық несиені өздерінің жеке кәсіпшілігіне, шаруашылығына және отбасы бюджетін толықтыруға алады. Ал отбасы бюджетінің несиелеу түрлерін: материалдық шығындарды, тұрмыстық шығындарды, және рухани шығындарды несиелендіру деп бөлуге болады. Халықтың несие алуы тағы да жеке кәсіпшіліктер мен шаруашылықты дамыту арқылы пайда табуына бағыттылған түрлері бар.
Несие-банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада да өте маңызды рөл атқарады. Осы арқылы шаруашылық субъектілері халықтың үлкен мөлшердегі ақшалай есептері мен төлемдері жүргізіледі. Ол ақшалай қаражаттарды шоғырландырып, халықтың табысын активті жұмыс істейтін капиталға айналдырады. Несие қатынастары қоғамдық ұдайы өндірістің барлық механизмін қамтып, өндірістің шоғырлануы мен капиталдың орталықтануын күшейтіп, бос ақша қаржыларын елдің экономикасына қолдануға септігін тигізеді.
Несие ұйымдарына сақталынатын ақша, яғни ол несие ресурстарының қалыптастырылуы, ал олардың экономикаға және халықтардың қажеттіліктеріне беру ол – несие беру болып табылады. Ал несиенің қажеттілігі, ол:
несие алатын ақша айналысы қоғамдық өндірістің шеңберін кеңейтеді;
несиенің қайтара үлестіру функциясын атқарады, ол арқылы жеке адамның жинақтаған ақшалары, кәсіпорынның табыстары мен пайдалары, мемлекеттің табысы қарыз капиталына айналып, экономиканың табыс түсіретін салаларына құйылады;
айналым шығындарын үнемдеуге көмектеседі, несиенің дамуының барысында әртүрлі банктік шарттар мен салымдар пайда болып, нақтысыз ақша айналымының өсуіне артады;
ақша ағымдарының қозғалысын жылдамдаты.
Қазіргі таңда халыққа несие беру екі жүйемен жүргізетіндігі белгілі: бюджет арқылы несие беру және банк арқылы несие беру.
Халыққа бюджет тарапынан несиелендіру төмендегідей мақсаттарды қаржыландыру үшін беріледі:
лизингті ұйымдастыру бағдарламасы шеңберінде;
шағын және орта бизнесті қолдау жобасын іске асыруға;
инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруға;
ауыл шаруашылық жобаларын бірлесіп қаржыландыруға.
Халыққа банк арқылы несие беруді ұйымдастыру бірнеше түрге бөлінеді: тұтыну, лизинг, ауылшаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық, мемлекеттік, халықаралық және т.б.
Несиенің берілетін мерзіміне байланысты – қысқа мерзімді (1 жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (бес жылдан жоғары) несие. Қысқа мерзімді несие айналмалы капиталдық қозғалысынан туындайтын қарыздардың ағымдағы қажетіне беріледі. Орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер өндірісті жоғарылату, оны кеңейтуге байланысты туындайтын ұзақ мерзімді қажеттіліктерге беріледі.
Бюджеттік несие бағыттары – отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсету шаралары шеңберінде несие ресурстары негізгі және айналыс қорларын толықтыруға, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдейтін фирмалар мен цехтарды қайта құруға, республикалық және жергілікті инвестициялық бағдарламаларды іске асыруға бөлінеді.
Жарғылық капиталының 51 %-дан кем емес бөлігі Қазақстандық заңды және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын ауыл шарушылық кәсіпорындары жобалары мынандай өлшемдері басшылыққа алына отырып несиеленеді. Олар:
жобаның шарртарын алмастырушы бағыты;
өндірілетін тауардың ішкі және сыртқы нарықтағы толық өтімділігіне сенімді және негізгі қажетті нарық көлемі болуы;
жаңадан ашылатын және қалпына келтірілетін жұмыс орындарының саны;
жобаның тиімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: |