Экономикалық дамудың индустриалдық инновациялық дамуы.
Мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының алдағы 30 жылға арналған бағдарламасында болашақтағы Қазақстан дамуының стратегиясы көрсетілген. Онда 2030 жылға дейінгі ҚР-ң экономикалық саясатының негізгі 7 басымдықтары анықталған. Бұл бағдарламаның басты стратегиялық мақсаты – жоғары индустриялды дамуға қол жеткізу және Қаз-ң дамушы елдерінің қатарынан дамыған индустриялдық елдердің қатарына көшуін қамтамасыз ету.
ҚР-ң «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы мақсаттарға қол жеткізу жолдары:
1) өтпелі экономиканың барлық салаларда ғылым-техникалық жетістіктерді ашу мен енгізу жолында ішкі және сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік іс-әрекеттегі бизнестің барлық төрт деңгейін – шағын, орта, ірі бизнесті және мемлекеттің кәсіпкерлік қызметті қалыптастыру, әсіресе ынталандыру саясатын жалғастыру;
2) экономикада құрылымдық салалық қайта құруды жүзеге асыру. Қазақстандағы зерттеушілердің айтуынша кезінде жүзеге асырылған индустрияландыру ірі экономикалық потенциалдық қалыптасуына мүмкіндік берді. Ғалым-экономистер ұсынғандай әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының басты бағыты қазіргі ғылыми-техникалық революия жетістіктері негізінде индустриалдық-ақпараттық жүйеге көшу болу тиіс.
Индустриалдық саясатты жүзеге асырудың экономикалық механизмі экономикалық стимулдарды барынша қолдана білуге негізделуге тиіс: баж салығы, несие ставкалары, жеңілдікті салық салу. Сонымен қатар, индустриалдық саясаттың нақты стимулдары қажетті құрылымдық өзгерістердің мақсатына, тереңдігіне және қарқынына байланысты әркелкі қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |