Оқу процесінің құрылымы, жүйесі, функциялары.
Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологтиялық процесс т.б. Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтиженің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерег білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, таным, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, оның құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады. Олар: 1. Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі (білім беру мазмұны);
Мұғалім, оның өмірге, ғылымға көзқарасы және оқушылармен қарым-қатынасы (сабақ беру);
Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс-әрекеті);
Оқыту әдістері;
Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары;
Оқыту нәтижелері.
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оны ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың таным іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |