Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Қазақстандағы жоғарғы білім жүйесінің даму тарихы (1975-1990 жж.)



бет14/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Қазақстандағы жоғарғы білім жүйесінің даму тарихы (1975-1990 жж.)

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы еліміздің саяси, экономикалық және мәдени өміріндегі түбегейлі бетбұрыстарға алып келді. Сондықтанда тәуелсіз еліміздің қазіргі дағдарыстан шығуы үшін өткен күннің қорытындылары мен сабақтан ой елегінен өткізу өте қажет. Құбылыстың қашан пайда болып, қандай кезеңдерден өткенін дұрыс ұқпайынша алға басу мүмкін емес, яғни жаңа уақыт талап-тілектеріне сай өткенді жаңғырту бүгінгі ізденушілер міндеті.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, өткен өмірдің мәнін, сарынын айқындайтын әрі сараптап беретінкомпас-құрал».

Осы орайда, республиканың мәдени құрылысындағы ерекше орынды жоғары білім беру жүйесінің дамуы алады. Себебі, мұның өзі халқымыздың рухани байығандығын, оның интеллектуалдық потенциалының өскендігін сипаттайтын бірден-бір фактор болып табылады.

Шындығында, барлық ағарту салаларымен бірге жоғары мектеп қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени прогресіне айтарлықтай үлес қосады. Ол маңызды әлеуметтік міндетті орындап, жастарға іргелі ғылыми білім мен кәсіби мамандық береді, дүниеге көзқарастарын қалыптастырады, елдің экономикасы мен мәдениетінің дамуына шешуші ықпал ете алатын жоғары білікті мамандар дайындайтын база болып табылып, жаңа интеллектуалдық потенциалын толықтырады.

Республикада жоғары білім берудің барлық негізгі түрлері мен бағыттары – университеттік, политехникалық, аграрлық, медициналық, педагогикалық, мәдени-ағарту т.б., әсіресе 70-80 ж.ж. жан-жақты даму алды. Осы кезеңде Қазақстандағы 55 жоғарға оқу орындарында 200-дей мамандық бойынша әртүрлі саланың өкілдері дайындалады. әрине, уақыт талабынан қалып қойып, жалпы республиканың экономикалық қуатын арттыруға мүмкіндік беретін салаларға мамандар дайындауға мән бермеген орталықтың кемшілігі болмаса, бұл табыстардың бүгінгі егемен еліміздің қуттылығын арттыруға үлес қосып жатқандығы өтірік емес. Яғни, бүгінгі нарық жағдайында қызмет жасап жатқан оқу орындарының барлығының жуық іргетасы сол Кеңес дәуірінде қаланғанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Еліміздің тарихи даму тәжиребесі көрсеткендей қоғамдағы кез-келген құбылыстың пайда болуы, нығаюы, орнын табуы белгілі бір себептермен анықталады, ірілі-ұсақты заңдылықтарға бағынады. Сондықтан, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының ашылуы мен дамуы да тарихи сабақтастықтың арқасында мүмкін болды. Ол елдегі әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси үрдістер мен тығыз байланыста өрбіді. Демек, жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарындағы оңды тәжиребелермен бірге, мұндағы қиғаштықтар да жоғары мектеп дамуының жалпы сипатын анықтады.

Жоғары білімді жан-жақты дамыту жөніндегі саясат 70-80-ші жылдарыпартиялық-мемлекеттік органдардың жариялаған қаулы-қарарларының негізінде жүзеге асырылып, ол халық шаруашылығының барлық салаларындағы жұмыс сапасы мен тиімділігін арттыруға, жоғары мектепті ғылыми-техникалық прогресс талабына сәйкес дамыту бағытында жүзеге асырады. Әсіресе, ғылым мен техниканың жаңа бағыттары бойынша және өндірістің жедел дамып жатқан салалары үшін мамандар дайындауға ерекше көңіл бөлінді. Мәселен, жаңадан бой көтеріп жатқан өндіріс орындары мен құрылыс объектілерін үйлестіріп, жүргізетін білікті мамандарға сұранысты қанағаттандыру басты міндеттердің бірі болды. Өйткені, экстенсивті экономикаға негізделген еліміздің халық шаруашылығы оның әртүрлі аймақтарындағы өндірістік орындарды жоғары білімді мамандармен қамтамасыз етуді қатаң талап етті. Сондықтан, Қазақстанда бұған дейін жоғары білімді мамандар дайындап келген техникалық және технологиялық бағыттағы оқу орындары өздеріне жүктелген міндетті толық орындай алмады. 70-ші жылдары инженер-металургтерге, энергетиктерге, технолог, химиктер, геологтерге деген сұранысты қанағаттандыру мақсатында көптеген жаңа оқу орындары шаңырақ көтерді. Мұның алғашқысы 1975 жылы ашылған Алматы энергетика институты болды. Ол Қазақ политехникалық институтының энергетика факультетінің негізінде құрылды. Бұл институт ашылуының маңызды болғандығы сол, ол осындай бағытта арнайы мамандар дайындаған Кеңес еліндегі тек үшінші ғана оқу орны еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет