Құқық тиімділігін оқытудағы ғылымның алға қойған мақсаты
Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет, оның азаматтарының өміріне тірек болатын барша құқықтық негізін қайта құру қажеттігі туды. Мемлекетті басқару экономиканың әлеуметтік саласы өмір, мәдениет құқықтық тәртіпті сақтау, елді қорғау, сыртқы саясат салаларын реттейтін көптеген заңдар мен жарлықтар қабылданып, жүзеге асырылды. Сонымен қатар демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекетті азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырмай олардың қоғам мен мемлекет алдында өз міндеттерін түсінбей қоғамдық өмірдің маңызды жақтарын заң арқылы ретке келтірмей құру мүмкін емес. Сондықтан заң білімін насихаттаудың халықты құқықтық тұрғыдан тәрбиелеудің үлкен маңызы бар.
ҚР Президентінің 1995ж 21 маусымда қабылданған «Жалпыға құқықты оқытуды жүзеге асыру шаралары» туралы қаулысының зор саяси маңызы бар. Мектеп жасына дейінгі құқықты оқыту және құқықтық тәрбие мәселесінің мемлекеттік маңызы бар дәрежеге көтеріліп отыр. Құқықты оқыту мен құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы Қазақстан халқының алдына қойып отырған тарихи мақсатына - құқықтық мемлекет құруға байланысты. Құқықықтық мемлекет құру үшін – жаңа құқықтық жүйе қалыптастыру қажет, ол қоғам өмірін демократизациялауға, адамгершілікке баулуға, адамдардың жағдайына, ұлтына, мүліктік жағдайына, қызметіне тағы да сондай белгілеріне қарап кемсітугді жоюға бағытталады. Жаңа құқық қоғамды адамның дамуына, оның барлық қабілет мүмкіндігін өзінің және қоғамның игілігі үшін пайдалануға бағыттауы керек. Осындай құқықтық жүйе Қазақстан Республикасы өз егемендігін иеленіп, тәуелсіз болғаннан бастап қалыптаса бастады. Барлық қабылданатын заңдардың, басқа да нормативті актілердің басым көпшілігі тікелей және жанамалап азаматтарға, жеке адамға туғаннан бастап қатысы бар. Заң адамның өмірін, денсаулығын, бостандығын, ар-намысын оларға қол сұғушылықтан қорғайды, яғни заң адамның өмірімен қатар жүреді, оның өмір сүруіне лайықты жағдай туғызып отырады. Осыдан мынандай тұжырым шығады: «Әрбір адам өзіне қажетті құқықтар мен бостандықтан қорғанатын заңдарды білу қажет».
Сондай-ақ заң адамға міндеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзбауы қажет, олардың өміріне, денсаулығына, ар-намысына қол сұқпауы қажет. Адам түрлі жағдайларда өмір сүреді: отбасында, жұмыста, мектепте т.б. Барлық жерде белгіленген құқықтық тәртіп бар, соны сақтау керек. Адамның қоғам мен мемлекет алдында міндеттері бар: мемлекетті қорғау, салық төлеу, мемлекет рәміздерін құрметтеу. Оларды мүлтіксіз орындау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |