Лекциялар: 15 Тәжірибелік сабақтар: 15 обсөЖ: 30 СӨЖ: 30 Қорытынды бақылау түрі: емтихан Тараз 2011 ж


Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру



бет9/91
Дата26.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#64758
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91
Байланысты:
Оқитындарды кәсіпке дайындау

Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру.

Қазақстан Республикасы ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі болып табылатын қоғамды ақпараттандырудың жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру - еліміздің экономикасын, мәдениетінің, ғылымының дамуының негізгі алғы шарты. Қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін канағаттандыру үшін білім беру саласына төмендегідей міндеттерді қойып отыр: білім сапасын арттыру, әлемдік білім беру кеністігіне ену, білім беру жүйесін ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондык оқулықтар, мультимедиалық технологияларды пайдалану, телекоммуникациялык технологияларды пайдалану, қашықтықтан басқару және т.б. Қазіргі танда білім саласы кызметкерлерінің алдында түрған басты мақсат - жаңа ақпараттык технологиялар арқылы білім мазмұнын жаңарту. Қазіргі заман қоғамын ақпараттандырудың басты бір бағыты білім беру жүйесін ақпараттандыру болып табылады. Бүл процесс автоматтандырылған ғылыми педагогикалық банктер деректерін, ақпараттық байланыс қүралдарын пайдалану арқылы білім беру жүйесін жетілдіруге көмегін тигізеді. Білім беруді ақпараттандыру жеке түлғаның заман талабына сай дамуын кдмтамасыз ететін окыту, тәрбиелеу міндеттерінің мазмүнын, әдістері мен үйымдастыру формаларын таңдаудың методологиясы мен стратегиясын жетілдіруді талап етеді. Ақпараттық технология дегеніміз адам қызметінің барлық түрінің ақпаратын өңдейтін жүйелі және бұқаралық әдіс-тәсілдері мен амалдарының жиынтығы. Кез келген педагогикалық технология ақпараттық технология болып табылады. Жаңа ақпараттық технологияға көшпей оқу-тәрбие процесінде білім беруді меңгеру мүмкін емес. Білім берудегі жаңа ақпараттық технология - оқу мен оқу-тәрбие материалдарын үйретуге арналған есептегіш техника мен инструменттік құралдардың жиынтығы, сондай-ақ ол есептегіш техника қүралдарының оку процесіндегі ролі мен орны, мүғалімдер мен оқушылардың еңбегін жетілдіруде оларды пайдаланудың түрі мен әдістері туралы ғылыми білімнің жүйесі. Жаңа ақпараттық технология - мүғалімнің өз жүмыстарының әдістері мен үйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттелігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастыруды үнемі жаңартып отыруға мүмкіндік береді. Жаңа ақпараттык технологияның негізгі ерекшелігі мүғалімдер мен оқушыларға өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге шексіз мүмкіншілік туғызады. ЖАКТ жағдайындағы жалпы оқыту үрдісінің функциялары оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ақпараттық, болжамдау және шығармашылық қабілеттерін дамытумен анықталады. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды оқу-тәрбие үрдісіне енгізуде мүғалім алдына жаңа бағытгағы мақсаттар қойылады: 1.Өз пәні бойынша оқу-әдістемелік электронды кешендер қүру, әдістемелік пәндік \Веб-сайттар ашу; Жалпы компьютерлік желілерді пайдалану; Бағдарламалау ортасында инновациялық әдістерді пайдаланып, бағдарламалық сайттар, қүралдар жасау. (мультимедиалық және гипермәтіндік технологиялар). Қашықтықтан оқыту (Интернет желісі) барысында өздігінен қосымша білім алуды қамтамасыз ету. Оқу - тәрбие үрдісінде телекоммуникациялық технологияларды қолданудың 2 жолы бар: оқушылар мен мүғалімдерді желімен жүмыс жасауға үйрету, дайын телекоммуникациялық жобалармен жүмыс жасауды үйымдастыру, пәндік - әдістемелік Веб -сайттар, \Веб –бетін құру. Телекоммуникациялық технологияларды қолдану мұғалімнің білімін өздігінен жетілдіруге көмектеседі, мұғалімнің әдістемелік шеберлігі артады, сондай-ақ оқушылардың шығармашылықтарының қалыптасуына өз үлесін қосады, олар әртүрлі телекоммуникациялык жобалар байқауына қатысуына мүмкіндік алады. Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны пайдаланудың артықшылығы: білім мазмұнын заман талабына сай болуы, болашақта қажетті білімді толығымен алу, білімді өздігімен меңгеру, өзін-өзі бағалай алуы, өз күшіне сенімділіктің болуы, өз жетістігін көре алуы, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа бағыттайды. Жаңа ақпараттық комминикативтік технологияда оқыту қүралы ретінде электрондық оқулық және интернет жүйесі маңызды орын алады. Осыған сәйкес «оқушы - электронды оқулық» және «мектеп-интернет» жүйесін қүруға болады. Оқушылар үшін электрондық оқулық - мектеп қабырғасында өздігінен білімін толықтырып отыруға және мақсатты түрде бітіру емтихандарына дайындауға мүмкіндік беретін ақпарат көзі. Электрондық оқулықтар бойынша окушы тапсырманы қызыға орындайды. Ал мультимедиялық технология оқушыға экран арқылы компьютер жаңа сабақты түсіндіріп, оқу процесін өзі атқаруымен сипатталады. Қашықтықтан оқыту технологиясы белгілі бір қашықтықта отырып, компьютерлік телекоммуникация және басқа байланысу орталықтары көмегімен оқып үйрену мақсатындағы ақпараттармен өзара тәжірибе алмасу тәсіліне негізделген. Қашықтықтан оқыту электрондық және телекоммуникациялық қүрылғыларды пайдалану арқылы оқу-танымдық қызметтері әдістемелік түрғыдан жан-жақты және жеке түлғаны дамыту барысында алыстағы білім беру мекемелеріндегі үйымдастырылған оқыту процесі болып табылады. Бүндай оқыту оқу процесіндегі қүралдар, әдістер, формалар арқылы педагогикалық қарым-қатынас мұғалім мен үйренуші арасында жүргізілетінімен ерекшеленеді. Қашықтықтан оқытудың дидактикалық кұралдарына электрондық және мультимедиялық оқулыктар мен оқу-қүралдары, теле, видео - аудиодәрістер және т.б. оқу-танымдық қызметі үйымдастырудың формалары жатады. Ал қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологияларына оқу материалдарын жасақтау, күру, беру және оларды сақтау қашықтан оқу процесін үйымдастыру мен оны жүргізу жатады, сондай-ақ қашықтықтан оқытудың педагогикалық технологияларына қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиялары жатады. Қашықтықтан оқыту технологиясы қазіргі кезде бүкіл әлем бойынша алдыңғы катарлы технологиялардың бірі болып табылады. Қашықтықтан оқыту технологиясьшың артьщшылығы - оқыту барысында қолданылатын мультимедия жүйесінде оқытылатын оқыту бағдарламаларын оқушылар тез қабылдайды және оқу өзіне ыңғайлы жерде, тиімді уақытта жүргізіледі.

ЖАКТ-ны оқу-тәрбие ендіру 3 кезеңнен түрады:

1-кезең: компьютердегі бар жекеленген тақырып, тақырыпшаларды, гипертексті қолдану, яғни «сіңіру» технологиясы.

2-кезең: Окушының өзіне қажетті мәліметтерді алу, яғни «жинақтау» технологиясы

3-кезең: монотехнология, яғни барлык оқыту, басқару, бақылау тек қана компьютерді қолдануға сүйенеді.

ЖАКТ-ның түжырымдық ережелері: оқыту - оқушының компьютермен жүмыс істеуі; бейімдеу - компьютерлік бағдарламаны баланың жеке ерекшеліктеріне қарай ыңғайлау; диалогтъщ сухбаттасу - оқушының компьютермен өзара қатынасы; басқару - кез келген уақыттағы оқушының енгізген түзетуі; оқытушының нүсқау беруі, сыныпішілік желіні басқаруы; дидактикалық басқару - жеке және топтық жүмыстың тиімді үйлестірілуі; психологиялық басқару - окушының компьютермен жүмысы кезінде қолайлы жағдай туғызу; бағалау - оқушылардың алған білім дәрежесін анықтау. ЖАКТ оқытудың әр кезеңінде де (жаңа тақырып түсіндіру, бекіту, қайталау, білім, білік, дағдыны тексеру) колданылады.

ЖАКТ - да компьютер: мұғалім мен окулықты толықтай ішінара алмастыратындай білім алудың ақпарат көзі, мультимедия және телекоммуникацияның жаңа мүмкіндіктері негізіндегі көрнекі құрал, жеке ақпараттық кеңістік, талдау және тексеру құралы ролін атқарады.

ЖАКТ жағдайында компьютер жұмыс құралы ретінде: мәтінді дайындау және есте сақтау құралы; мәтіндік редактор; сызба, кесте құралы; графиктік редактор; есептегіш машина; модельдеу құралы сияқты қазметтерді атқарады. ЖАКТ жағдайында компьютер оқыту объектісі ретінде берілген тапсырмаға сәйес бағдарлама түзу, бағдарламалар жинағын жасау сияқты қызметтерді атқарады. ЖАКТ жағдайындағы оку үрдісі - электронды оқулықтар мен Интернет технологиясын кеңінен қолдана отырып білімді, іскерлікті және қашыктықты меңгеретін күрделі үрдіс, ол оқушының ой-өрісін, жігерін, күш-кайратын қажет етеді және олардың дамуына жағдай жасайды. ЖАКТ өз бетімен білім алу үрдісі дамуына нақты жағдай жасауда. Өйткені, электронды оқулықтар өзінің негізгі ерекшеліктер бойынша оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауына ықпал етеді. Бұл жағдайда мұғалім кеңесші функциясын атқарады. ЖАКТ жағдайында қолданылатын негізгі әдіс бейнеәдіс - оқу орындарының жұмыс практикаларына ақпараттык мәліметтерді экран арқылы жеткізу көздерінің интенсивті (кодоскоптар, проекторлар, киноаппараттар, оку телевизиясы, бейнетаспалар, мәліметтерді дисплейлік бейнелейтін компьютерлер және т.б.) кіруі, бейнеәдісті бөліп көрсету және оны жеке оқыту әдісі ретінде кдрастыру мүмкіндігін береді. Бейнеәдіс білім беру қызметін атқара отырып, сонымен бірге оны тексеру, бекіту, қайталау, жинақтап қорыту, жүйеге келтіру жүмыстарын, яғни барлық дидактикалық функцияларды табысты орындайды. Бүл әдіс көбінесе мәліметтерді көрнекілігімен қабылдауға негізделген. Ол білімді меңгерудің индуктивті және дедуктивті жолдарын, оқушылардың өз бетімен жүмыс істеуін және танымдық белсенділігін әр түрлі дәрежеде қарастырады, танымдылық үрдісі басқарудың әр түрлі әдістерін, амалдарын анықтайды. Оқыту үрдісінде мектептер, жоғары оқу орындары компьютерлік техниканы пайдаланудың локальды және ғаламдық жүйе мүмкіндіктерін кеңінен қолдануда. Оның ішінде электронды кітапхана, электронды басылымдар, электронды оқулықтар және тағы басқалар. Интернет ресурстарын жан-жақты меңгеру мүмкіндіктері пайда болады, қашықтан оқыту орталықтарына шығу жолдары анықталады. Мектепте, жоғары оқу орындарында телекоммуникациялық жүйені қолдана отырып, электронды пошта арқылы түрлі телеконференцияларға қатыса алады. Қазіргі кезде ғалымдар мен тәжірибелі мамандар оқушылардың виртуалды кластарда басқа қаладағы, басқа елдегі өздерінің замандастарымен байланысып, қашықтык олимпиадалар мен байқауларға қатысып, оқуға деген мотивациясын жоғарылата алады. Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге үшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық-коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңаланған жолмен XXI ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын түлғаны қалыптастыруға бағытталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет