Лекциялар: 5 сағ. Практикалық сабақтар: 40 сағ: СӨЖ: 45 сағ. ОбсөЖ: 45 сағ. Барлық сағат саны: 135 сағ



бет3/4
Дата25.08.2017
өлшемі0,56 Mb.
#27056
түріЛекция
1   2   3   4

ЛЕКЦИЯ ҚЫСҚАША КУРСЫ





      1. кредит.

Лекция :1.

Тақырыбы: Графикалық өнер облысындағы қолданбалы графиканың маңыздылығы.

Жоспар.

Қолданбалы графика тарихы, ерекшелігі , берілген облыстағы суретші жұмысының ерекшелігі, мәселелер және түрлері, жұмысқа арналған құралдармен материалдар.

«Графика» деген сөз гректің «praphо» - «жазамын», «суретке саламын» деген сөзінен шыққан. Ол - сурет салу өнері. Қарындашпен, тушьпен салынған суреттер немесе әлгінде ғана әңгіме болған гравюралар графикаға жатады.

Графика өнерінің туындыларын тек көрмелерде ғана емес, күнделікті тұрмысқа да жиі ұшрастырамыз.

Бала кезімізден кітапқа , оның ішіне , мұқабасына салынған түрлі түсті суреттерге сүйсінеміз.

Кітапқағы сол суреттердің бәрі кітап графикасы деп аталады. Сонымен қатар қосалқы , қолданылмалы графика да болады. Мәселен , біреудің мерекемен құттықтағанымыз келсе, қатырма ашық хат пен оған жапсыратын марка сатып аламыз. Ашық хат та, марка да суретшінің қолынан шыққан.

Ал, әлгі әр қораптардың , пакеттер мен шыны сауыттардың сыртындағы алабажақ жапсырынды қағаздарға – жарлықтарға назар аудара да бермейміз. Шынтуайтқа келгенде , олар да суретшілердің туындылары.

Міне , осының бәрі қолданылмалы графикаға жатады.



Лекция: 2

Тақырыбы: Қолданбалы графикадағы композиция.

Жоспар:

Композиция туралы негізгі түсінгіктер манерлігі, толықтығы, тектоника , композициялық орта, гармоника және тепетеңділік, ритм. Симметрия және осьсимметрия. Контраст және нюанс. Орнаменттің композициялық негізі. Стилизация, шығармашылық процесстегі эскиздің ролі.

Үйлестіру қолданбалы графикада өзіндік ерекшелігімен сипатталады атап айтқанда, бүріндік, тепе – теңдік, ырғар.

Суретшілердің көркем шығармаларын айқындауда үйлестіру заңдылықтарының негізі ретінде мыналарды атауға болады:


  1. бүтіндік заңдылықы;

  2. үлгі ( типизация ) заңдылығы;

  3. қарама – қарсылық ( контраст ) заңдылығы;

  4. үйлестіруді идеялық негізгі ойға бағындыру;

Б ү т і н д і к з а ң д ы л ы ғ ы н ы ң мәні үйлестірудің тұтастығын

көрсетеді. Бүтіндік заңының сақталуының нәтижесінде өнер туындыларының біртұтас қалпында қабылданады.

Ү л г і з а ң д ы л ы ғ ы бейнелеу өнері шығармаларындағы жағдай үлгісінің нақты берілуін үйлестірудегі іс-әрекеттің өрістеуін көрсетеді.

Қ а р а м а – қ а р с ы л ы қ з а ң д ы л ы ғ ы түс қарама-қайшылығын, пішінінің айырмашылығын, бейнелейтін адамдардың психологиялық жағдайының бейнелеуін қарастырады.

Ү й л е с і м д і л і к т і ң б а р л ы қ з а ң д ы л ы қ т а р ы м е н

а м а л д а р ы н ы ң н е г і з г і т ү п т і о й ғ а б а ғ ы н у ы, шығармашылық айқындығы көркем шеберлікті байланыстырады.

Үйлестірудің маңызын ашатын амалдар – ырғақ, үйлестірудің сюжеттік ортасы, симметриясы.

Ы р ғ а қ – ү й л е с т і р у д е г і б е й н е л е г е н нақты нәрселердің кезектесіп орналасуын, әсіресе, ою-өрнектерде реттілігін көрсетеді. Адамдар мен жануарлардың қимыл үстінде берілуін көрсетеді.

Ерекше назар аударатын, үйлесімділіктің идеялық мазмұнын ашатын басты бөлігі ү й л е с т і р у д і ң с юж е т т і к о р т а с ы болып табылады.

С и м м е т р и я үйлестірудің оң және сол жақ бөлігінің салмағын, пішінінің түсі мен реңінің тепе-теңдігін сақтайды.

Оқытушы үйлестіруді оқытудағы негізгі міндеті суреттің қағаз бетіне орналасуына байланысты болатынына студенттердің назарын аудару. Суретті қағаз бетіне үйлестіруде бейнелейтін заттардың пішінін қағаздың пішініне сәйкес орналастыру көз мөлшерді,бақылауды қажет етеді.
Лекция: 3

Тақырыбы: Қолданбалы графикадағы шрифтерге қойылатын негізгі талаптар.

Жоспар:

Шрифт , декоративті –шрифті композицияның манерлі бөлімі. Шрифті классификациясы және шрифт гарнитурасы жайлы түсінік. Шрифт құралдарымен жұмыс істеу. Әртүрлі шрифт орындау. Графикалық шрифтің композициялық құралы.

ХҮІІІ ғасырдағы аяқ кезінен бастап шрифтердің жаңа суреттерін жасау өте тез қарқында өсті. Бұл процесс полиграфиалық техниканың өсуімен бастап ісінің дамуынан қатар , әсіресе , гахеттердің барған сайын кең тарауына байланысты өріс алады. Капиталыстік жарнамаға бас болды. Бұл кезеңде айта қаларлықтай жетістіктерге де қол жетті. Сонымен қатар бәсеке рухы , қайткен күнде де өзіне көңіл аудару және буржуаның пасық талғамын табуға тырысушылық бүгінгі орынды ұмыт болған көптеген мағынасыз , әсіре қызыл шрифттердің пайда болуына апарып соқтырды.

Шрифт екі түрлі жолмен өркендеді: бір суретші антикалық дәстүрлерді жалғастырып , классикалық формалады дамытты, екіншілері мүмкіндігінше жаңа , шрифт тарихында ұқсас үлгісі болмаған шрифтерді жасауға талпынды. Бұлардың біріншісінің қатарына негізінен ХІХ ғасырдың басында шыққан ағылшын шрифтін жатқызуға болады. Штрихтарының арасындағы айырмашылық өте үлкейтілген бұлар әсіресе газет тақырыптарының көзге ұрып тұруы үшін өте ыңғайлы еді. Содан кейін ХІХ ғасырдың бірінші жартысында декоратциялық шрифт пайда болды. Ал екіншілер қаратына ХІХ ғасыр бойында пайда болған, мұртшалары шрифтердің жуандығына дейін жеткізілген египет шрифті , мұртшалары негізгі штрихтардан да жуанырақ итальян шрифті , штрихтардың арасы контрассыз , ешқашандай мұртшаларсыз гротескі шабылған , шрифтерді тұтас тобы және , ақырында , мұртшаларсыз , бірақ қалған жағында антикваның барлық белгілерін сақтап қалған ленталы антиква деп аталатын шрифт жатады.

Қазіргі заманғы шрифтерге қойылатын негізі талап – ол қарапайым , айқын болып , жеңіл оқылуы тиіс. Тек кейбір жаңдайларда ғана көп детальды , күрделі суретті шрифтілер қолданылады.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі


«Сырдария» университеті



«Педагогика және экономика» факультеті


«Бейнелеу өнері және дизайн» кафедрасы

«Қолданбалы графика » пәні бойынша

050107 «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтанының студенттері үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет