ЛЕКЦИЯ 8
РҚҚ-ның құрылымдық-эксплуатациялық сипаттамалары
Оларға келесі сипаттамалар жатады:
Параметрлер мен көрсеткіштердің тұрақтылығы
Эргономикалық (ұтымдылық)
Сенімділік
Жөндеуге жарамдылық
Энергетикалық үнемділік
Габариттік көрсеткіштер
Құны
Ұтымдылық
Тұрақтылық – радиоқабылдағыштың пайдалану кезінде негізгі параметрлерін (химиялық және радиоактивті әсерлесу кезінде қоректену кернеуі, температурасы, ылғалдылығы, атмосфералық қысымы) сақтау қабілеті. Бапталу жиілігіның орнатылуы дәлдігіне және күшейту коэффициентінің тұрақтылығына үлкен мағына беріледі.
Жиілікті орнатудың дәлдігі fу қателігімен сипатталады, онымен РҚҚ Uс кіріс сигналы болмаған кезде де баптала алады. Жиілікті орнату сандық немесе кәдімгі шкаламен өндіріледі: ашық, жабық, оптикалық, үздіксіз немесе дискретті.
Рауалы қате (допустимая ошибка) гетеродиннің тұрақсыздығымен анықталады, ол стабилизация әдісіне байланысты тәулігіне 10-1-ден 10-8-ге дейін жетеді.
10-2–СВ, ДВ диапазондары үшін параметрлік стабилизация қолданылады
10-4-нен 10-6-не дейін – КВ, УКВ диапазондары үшін кварцты стабилизация қолданылады
10-7-нен 10-8-не дейін – магистралды байланыс, жиілік синтезаторлары қолданылады.
Күшейту коэффициентінің тұрақтылығы үшін қойылатын талаптар қатаң емес. Жобалау кезінде күшейту коэффициентін әдеттегіден 1,5÷2 есе көп алады, содан кейін артығын АРУ және РРУ көмегімен жояды. Кус тұрақтылығы ООС (теріс кері байланыс), калибровка, қоректену стабилизация көмегімен алынады.
Эргономикалық – адам-оператормен динамикалық өзара қатынасты қамтамасыз ететін қасиеттер жиынтығы. РҚҚ жұмысына әсер ететін келесі көрсеткіштермен сипатталады:
Көрермендік қабылдау (жарықтандыру шкаласы, түс жарығы)
Тактілі қабылдау (басқару мүшелеріне қойылатын күшейту)
Басқарудың қозғалмалы келісімі (тікелей, дистанционды, басқару мүшелерінің мөлшері, оларды орнату дәлдігі)
Құрылғымен пайдалану шарты (жұмыс температуралар диапазоны, ылғалдылық, жұмыс орнының ыңғайлылығы).
Сенімділік – құрылғының механикалық және электрлік төзімділігі. Магистралды РҚҚ үшін температураны -10°С-тан +50°-қа дейін өзгергенде 1000 сағатқа дейін жетеді.
Жөндеуге жарамдылық–тексеру мен ауыстыру үшін бөлек блоктар мен элементтерді алмастыру ыңғайлығымен бағаланады.
Энергетикалық үнемділік – тұтынушы қуатпен анықталады. РҚҚ-ның элементтік базасына тәуелді.
Қоректену – батареялы немесе аккумуляторлы, айнымалы ток желісінен немесе әмбебап болуы мүмкін.
Габариттік көрсеткіштер – радиоқабылдағыштың тағайындалуына және оның классына байланысты. II және III классты магистралды радиоқабылдағыштар элементтік базаға байланысты, көлемі 15дм3-тан 90дм3-қа дейін 15кг-нан 370кг-ға дейін салмақта болады.
Барлық көрсеткіштердің оңтайлылығын қамтамасыз ету мүмкін емес, сондықтан РҚҚ-ны жобалау кезінде оның тағайындалуына байланысты кейбір көрсеткіштерін оңтайлайды. Бұл процесс локальды оптимизация деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |