Гетеродин контурының параметрлеріне сигнал контурының параметрлерінің әсер етуіне байланысты жоғары гетеродин тұрақтылығын қамтмасыз ету.
Аралық жиілікті келесі тәртіппен таңдау керек:
1. Қабылданушы жиіліктердің диапазонынан тыс таңдалу керек және оның шекараларынан алысырақ орналасуы қажет. Бұл оның айналы канал бойынша таңдаушылығын арттырады.
2. Радиостанцияға жақын қуатты жиіліктен неғұрлым алысырақ орналасуы қажет.
Аралық жиілік ГОСТ-пен орнықтырылады:
Радиотаратылым және трансляциялық қабылдағыштар үшін – 465кГц, 10,7МГц;
Телевизиялық қабылдағыштар үшін: бейнелеу каналы – 38МГц; дыбыстық канал үшін – 31,5МГц;
Байланыс қабылдағыштары үшін – стандартты аралық жиіліктер 85, 128, 205, 465, 500, 915, 1222кГц, 12,8; 10,7; 25; 37,8; 42,8МГц.