Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №14. Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі



бет15/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №14. Сабақтан тыс уақытта және күнделікті өмірде грамматикалық нормада дұрыс сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Балабақшадағы естияр ересек балалар тобындағы оқу-тәрбие жұмысында балалардың сөздік қоры мен сөйлеу дәрежесі, программада аталған әдеби шығармаларды меңгерту-әңгімелесіп беру шығармалардың жанрын ажырата білу (әңгіме,ертегі,өлең т.б.) оқыған шығармаларды есте сақтау деңгейі ескеріледі. Ол үшін программалық шығармаларды оқу, тыңдау, әңгімелеу әңгімелетіп айтқызу (сабақта және сабақтан тыс)жұмыстары жүргізіледі. Бақылау жұмысы әңгімелесуі, әңгімелету жаттығу жұмыстарына негізделеді. Ересек балалар тобына өтілген ондай жұмыс түрлері төмендегідей:

1.Оқылған шығарма бойынша сұрақ қойып жауап алу;

Қандай шығарма оқыдың? Ертегі екенін қалай білдің? Бұл әңгімеде кім, не туралы айтылған? Сен не істер едің? деген сияқты сұрақтар қоя отырып білім деңгейін анықтау.

2. Өздеріне сөздік жұмысын орындату. Синоним, антоним және көп мағыналы сөздердің мағынасын қалай түсіндіретінін байқау. «Сыңарын тап», «Тез ойлан » т.б. ойын түрінде бақылау жасалады. Ол үшін тәрбиеші бірнеше сөз айтады, ал балалар әр сөздің сыңарын табады.

Тез жылдам, шапшаң, жедел, жаз жазу, жел мезгілі, уақыт, мерзім, мезгіл, ұзын-қысқа, үлкен-кішкене, алыс-жақын, кең-тар, қара-ер,ат,таң деген сөздер алынады. Балалар аталған сөздердің тағы қандай мағынада қалай аталатынын төмендегі кесте арқылы салыстырып айтуға тиісті.

қара (етістік) батыр

байқа ер тоқым

Қара көр Ер маған ер

ірі қара мал

заттың түсі
ат (етістік) байла

Ат жылқы Таң таң ату

адамның аты таңдану, аң-таң

(омонимдер)

3.Түбір сөздерді әр түрлі формада қолдана білуге үйрете отырып бақылау

етік (-ші) трактор (шы) қой (шы)

4. «Берілген сөздерге терең сөз табу»

Мысалы: күз-алтын күз, бала сап-сары алтындай; қоңыр күз, күн қабағын түйе бастады

5. Белгілі бір тақырып бойынша өздеріне әңгіме құрату.

а) шығарма мазмұны сәйкес әңгіме құрады.

(көйлекті маған кім берді?)

ә) «Алтын дән», «Қырманда», «Бақшада» т.б.

6. Суреттермен жұмыс «Күзгі жапырақтар», «Алтын астық» Осы суреттерге сәйкес Қ.Шаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар», Қ.Мүсіреповтің «Алтын астық» атты шығармалар алынды.

7. Экскурсия

8. Дидактикалық ойын

9. Өздеріңнің көрген-білгендері жөнінде әңгімелету. Бұл жұмыстар программаға сәйкес арнайы сабақ кезінде және сабақтан тыс (жеке бал-н) өтіледі. Ана тілінен өтілетін сабақтарда көркем шығарма оқыту, ертегіні әңгімелету, тақпақ жаттату творчестволық әңгіме құрату сияқты жұмыстар жүргізіледі. Бастапқы 3 сабақ әдеби шығармаларды оқу және талдау жұмыстарына арналады, жүйесін бұзбай әңгімелеу талап етіледі. Шығарманы оқыған соң: Қандай шығарма оқылды? Шығарма кім не жөнінде? Шығармадан түсінгендеріңді айт. Шығарманың қай жері және қандай сөзі ұнады? Деген сияқты сұрақ тапсырмалар берілді. Өлең текстері оқылғандағы баланың көңіл күйі, бақыланады, өлеңде берілген образды сөздерге бақыланады, өлеңде берілген образды сөздерге көңіл аударту шығарма мазмұнын әңгімелету арқылы іске асырылды. Балалардың қанша өлең, жұмбақ білетінін байқау үшін мынадай сұрақтар беріледі. Балалар, кім қандай өлең, жұмбақ біледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет