Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №19. Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі



бет19/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №19. Көркем әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесі.

Халықтық шығармалардағы балалар әдебиетінің өсіп жетілуімен қатар, ХІХ ғасырдың жазушылары да балалар әдебиетінің дамуына ат салысып, жетекші роль атқарды.

Егер біз фольклор балалар әдебиетінің алтын бесігі десек, «Әліппе», мен «Букварь» балалар кітабының, балалар жазба әдебиетінің негізі болды дер едік.ХІХ ғасырдан бастап-ақ қазақ балалар жазба әдебиеті өінің тұрақты педагогикалық көз-қарасы анықталған және түрлі жанрларда жазылған әдебиет болып қалыптасты.

Тұңғыш ағартушы, тамаша педагог, қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин мен ұлы ақын Абай мұндай төзімсіз жағдайларға ашықтан-ашық қарсы шықты. Чернышевский әдебиет өмір оқулығы болуға тиіс десе, осы идеяны ілгері қарай дамытқан Ы.Алтынсарин-балаға өмір танытатын әдебиет алдымен діни сөздерден, діни уағыздардан, дінді насихаттайтын үгіттерден арылуға тиіс деп күн ілгері жар салды.

Ыбырай Алтынсарин сол жылдардың өзіндік-ақ қазақ мектептерінде орыс әрпімен оқытылсын деген жаңа идея ұсынды, оның пайдалы жақтарын түсіндірді.

Орыс халқының мол әдебиетімен танысқан Ы.Алтынсарин балаларды тәрбиелеуде, оқытуда, олардың ой-санасына қозғау салып, дамытуда өзінің педагогикалық идеясын іске асыру үшін алдымен балалар әдебиетін жасауға бет бұрып, балалар әдебиеті тақырыбына жазылған орыс жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударып, таныстырады. Халықты, жастарды оқуға шақырып, «Кел, балалар оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар», «Әй, достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдерін арнады.

Оқысаңыз, балалар,

Шамнан шырақ жағылар. Кел, балалар, оқылық,

Тілегенің алдыңнан, Оқығанды көңілге

Іздемей-ақ табылар. Ықыласпен тоқылық.

деп ұран салады.

«Өнер-білім бар жұрттар» деген өлеңінде де өнер-білім, техниканың пайдасын айта келіп, балаларды мәдениетті орыс халқының қатарына қосылуға, соған жетуге, үлгі-өнеге алуға шақырады. Ғылым табыстарын мадақтайды.

Ы.Алтынсарин шығармаларын тақырыбы мен мазмұнына қарай бірнеше салаға бөліп қарастырамыз.

Еңбек тақырыбына арналғаншығармалары – «Бай баласы мен жарлы баласы», «Әке мен бала», «Байлық»,т.б.

Отырықшылыққа арналған шығармалары – «Қыпшақ Сейітқұл», «Ағаш үй мен киіз

өлеңдер жазды. Оларды өнер-білімге шақырды. Абай өз өлеңдерін еріккеннің ермегі еткісі келмей, жастарға үлгі – өнеге көрсету үшін жазатындығын ескертіп өтеді. Абай өлеңдерінің әрбір жолынан балаларға үлгі -өнеге аларлық насихат белгілері көп табылады. Абайдың жылдың төрт мезгілін, табиғаттың әсем көріністерін адам өмірімен тығыз байланыстыра суреттеу арқылы оны жастарға тіршілік тірегі деп түсіндіреді.

Ұлы орыс халқының атақты сыншысы В.Г.Белинский: «Сіз оларды тамаша дүниенің шексіз әралуан құбылыстарымен таныстыра отырып, олардың білімдерін байыта аласыз... Ал ол үшін балаларға арнап бүкіл дүниеге, бүкіл табиғатқа жан беріп, меңіреу тасты да, қоңыр желді де, гүл үстінде ұшып жүрген көбелекті де сүйіспеншілік тілмен, өмір тілімен сөйлету керек» деген. Белинский айтқандай Абай өлеңдерінің балаларға лайықты әсем түрлері алдымен осы табиғат байлығын танытудан, оны адам өмірімен, тіршілік тірегімен байланыстыра суреттеуден басталады. Өйткені «Қай жерде өмір болса, сол жерде поэзия бар» деп А.С.Пушкин айтқандай, Абай да көркемдікті қабылдаудың, сүйсінудің қайнар бұлағы өмірдің өзі деп түсінген. Оның бәрі де еңбек процесі арқылы туатынын да жақсы білген.

Адамды қуантатын да, бақытқа жеткізетін де еңбек процесі екенін практикадан да, өмірдің өзінен де көрген. Сондықтан да Абай жылдың төрт мезгілін еңбек прцесіне, қимыл-әрекетке байланыстыра суреттеген. Ол тек пейзаждық көркем көрініс емес, өмір тіршілігі ретінде сүйкімді нәрлі көрінеді. Табиғаттың әсем көрінісін суреттеуде қолданған Абайдың шешен тілі, сөздік құрамы, әсем теңеулері балаларды таң-тамаша етеді. Соған сүйсінеді, сүйсінерлік істен үлгі алады.

Абайдың байқағыштық, талғампаздық қабілеті күшті де өткір. Бұл қасиет оның барлық өлеңдерінен де байқалады. Абай қай нәрсенің болса да ең қажетті ерекшеліктерін, тым ұсақ өзгешеліктеріне дейін таба білген. Тайға таңба басқандай етіп, нанымды суреттейді.

«Әсемпаз болма әрнеге» (1894) деген өлеңінде Абай жастарды өнер білімге щақырады.

Әсемпаз бома әрнеге,-

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан –

Деп жастарға ақыл айтып жөн сілтейді. Бұл өлеңде жасөспірімдердің ойына қозғау салаларлық, ақыл берерлік, көңіл оятарлық терең ой жатыр.
Тақырып №20. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай көркем шығармаларды іріктеу принциптері. Кітаппен жұмыс істеу. Тәрбиешінің мәнерлеп оқуға даярлығы. Балаларды кітаптың мұқабасымен таныстыру. Мұқабаға педагогикалық және эстетикалық талап.

Мәнерлеп оку дегеніміз — дауыс интонациясы арқылы автордыд ойын білдіру, мазмұндық ой екпінін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды түсініп, кейіпкердіқ көділ-күйід сезіне оқи білу.

Оқушылар сөйлемдегі сөздердід мәнін (әсіресе, омоним сөздер), шығарманыд көркемдігін және оныд әсерлілігін мәнерлеп оку арқылы байқайды.

Мәнерлеп оқу үшін әр сездегі ойдың ара жігін ескере отырып, дауысты құбылтып, тиісті жағдайда сөздерге реңк беріп оқиды.

Мүғалім көбінесе өзі мәнерлеп оку арқылы оны оқушыларға үйрете алады. Мәнерлеп оқуды радио мен телевизорды, магнитофонды кед пайдалану арқылы да үйретуге болады.

Мәнерлеп оқуды үйрету үшін әр мұғалім оқу сабағына немқұрайлы қарамай, жан-жақты дайындалуы керек. Ол үшін мұғалім қандай мәселені жете білуге тиіс? Мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастыру үшід, оқушы сөйлемді немесе тексті оқығанда, қалай дем-ала білу керек, дауыс қалай шығуға тиіс, дикцияның қандай болуы қажет — осының барлығын мұғалімнің өзі айқыд білгені жөн. Өйткені мәнерлеп оқу үшін кеуде қуысына толған ауаны орынды пайдаланып, дұрыс дем ала білудің мәні зор. Өкпедегі ауаны сарықпай, оку продесінде үнемі дер кезінде дем алып, ауаны керегінше жұтып отырған оқушы мәнерлеп дұрыс оқи алуына жағдайы бар.

Мәнерлеп оқу дауыстың өзіне де қатысты. Дауыс неғұрлым таза, күшті шықса, оқу да мәнерлі болады. Ол үшін әр оқушы даусын күте білуі қажет. Дауыс желбезегіне онша күш келтірмеу, суық күпдерде далада азырақ сөйлеу, суыққа шалдықпау — дауыс күші мен оның тазалығын, үнін сақтаудың басты шарты.

Дауыстың өзіндік белгілері бар; олар: күші жоғарылығы, қарқыны (шапшаңдық), тембрі (құбылуы). Мәселен, «Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» деген сөйлемді оқығанда, «оқу», «білім», сөздері көтеріңкі дауыспен, ал «білім бұлағы», «өмір шырағы» сөздері жай, баяу дауыспен айтылады. Сөйлегенде адам бірде жылдам, бірде баяу сөйлейді. Бұлар әр адамныд дауыс қарқынына байланысты. Мұғалім жаттығу арқылы өз даусының орташа қарқынын анықтай алады. Ол жылдам сөйлеуден аулақ болғаны жөн. Егер жай сөйлей алмайтын болса, жаттығуы кажет.

Дауыстың тыңдаушыға әсерлі болуы тембріне (құбылуы) байланысты. Құбылта оқу, дауыс ырғағына келтіре оқу да жаттықтыру, дағдыландыру арқылы қалыптасады. Мәнерлеп оқуда дикцияның мәні зор. Сөйлеушінің ашық, анық, айқын айтуы соның айтқанын ұғуға, онық әсерлі болуына ықпалын тигізеді. Дикциясында ақау болса, оны арнаулы жаттығулар арқылы түзету қажет. Дикциядағы кемшілік — сөйлеу мүшелеріне дұрыс жұмыс істете алмаудық салдары. Сондықтан да сөйлеу мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруын қадағалау керек. Мәнерлеп оқу үшін орфоэпия заңдарын сақтап, сөз екпінін дұрыс қойып оқуға тиіс.

Мәнерлеп оқуда зор роль атқаратын — интонация. Интонация дегеніміз сөйлеу сазы. Ол сөйлеудің ритмі мён үнін, дауыстың бірде жоғарылап, бірде төмендеуін білдіреді. Интонация мына элементтерден тұрады: сөз бен ой екпіні, сөйлеудің қарқыны, ритмі (ырғағы), пауза (кідіріс), сазы.

Интонация жайында анығырақ түсінік беру үшін, оның кейбір элементтеріне арнайы тоқталайық.

Сөз екпіні және ой екпіні. Сөз екпіні — фразалық екпін, ал ой екпіні — логикалық екпін. Сөйлемді айтқанда я оқығанда, онық ішіндегі сөздер интонация мен мағынасына, айтылу ырғағына қарай, өзара топ-топқа бөлінеді. Ол топ синтагма деп аталады. Синтагмада бір я онан да көп сөздер болады. Әр синтагмада бір сөз көтеріңқі дауыспен ерекшелене айтылады. Міне, соны екпін түскен сөз дейміз.

Сөз екпіні түскен сөздер ой екпіні түскен сөздерден көп төмен айтылады. Кейде оларға екпін түсіп тұрғаны сезілмейтін кездері де болады. Бұдан шығатын қо-рытынды — екпін түскен сөздердін, бәрін көтеріқкі дауыспен айта бермеу керек. Тек ой екпіні түскен сөзді ғана даралай айтуға болады.

Пауза сөйлеуді сөйлемге, сөйлемді синтагмаға, синтагманы сезге ажыратып, ара жігін көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар пауза сездердің басын біріктіріп, бір синташа жасай да алады. Паузаны сактамау оқьш отырған текстің мазмұньін дұрыс түсінбеуге әкеліп соғады. Мәселен, «Ол үй смес» деген сөйлемді паузасыз айтсақ, айтып тұрғаным басқа үй деген ұғымды білдіреді, яғни ол сөзі сөйлемде үй сөзіне анықтауыш ретінде қолданылады. Ал сол сөйлемде ол сөзінен кейін пауза жасасақ, онда айтып тұрғаньш үй емес, қора немесе басқа бірдеме дегенді білдіреді. Мұнда «ол» бастауыш қызметін атқарады.

Қөркем шығарманы мәнерлеп оқу үшін, онымен алдын ала танысып, сонан сод оқығанда ғана автордың идеясын жеткізе оқып шығуға болады. Көркем шығармада адам психологиясы жан-жақты суреттеледі. Оны өз мәнінде тыңдаушысына жеткізу үшін, мұғалім окитын текстегі қай сөздің, сөйлемніқ қандай мағынаны, қандай көқіл күйді білдіретінімен алдын ала таныс бо- і

луға тиіс.

Міне, осы сияқты жэйттерге көціл беліп, дайындық жұмыстарын жүргізген мұғалімдер ғана окушыларды мәнерлеп оқуға үйрете аладын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет