Лекциялар жинағы 5В10100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


Тақырып №29. Балабақша мен отбасының арасындағы байланыс. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері



бет27/30
Дата11.06.2020
өлшемі356,5 Kb.
#73173
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
лекция

Тақырып №29. Балабақша мен отбасының арасындағы байланыс. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері.

Балабақшаға бару – бала өміріндегі шешуші кезең өмір мен іс-әрекеттің жаңа күйіне, қоғамдағы жаңа орынға, үлкендер және құрдастарымен жаңа қарым-қатынастарға көшу болып табылады.

Бала орнының өзгеше ерекшелігі оның оқуының міндетті, қоғамдық мәні бар іс-әрекет екендігінде. Оқу үшін бала тәрбиешінің, балабақшаның, үй ішінің алдында жауап береді. Баланың өмірі балабақша балаларының бәріне бірдей және қатал ережелер жүйесінде бағындырылады. Оқудың негізгі мазмұны барлық балаларға ортақ білімдерді меңгеру болып табылады.

Бала мен тәрбиеші арасында қарым-қатынастардың мүлде ерекше типі қалыптасады. Тәрбиеші баланың жақтыратын не жақтырмайтын үлкен адамдарының бірі емес. Ол балаға қоғамдық талаптар қоятын нақтылы адам болып табылады. Сабақта алынатын баға – баланың жеке өзімен қарым-қатынас емес, оның білімдерінің, оның оқу міндеттерін орындаудың нақтылы өлшемі. Жаман бағаны тіл алумен де, өкінумен де түзеп болмайды.

Топ оқушыларының арасындағы қарым-қатынастардың да балабақшада орнаған қарым-қатынастардан айтарлықтай айырмашылықтары бар. Құрдастарының тобындағы баланың орнын анықтаушы басты өлшемі - сабақта алатын баға мен жетістіктер. Сонымен бірге міндетті іс-әрекетке бірге қатынасу жалпы жауапкершілікке негізделген қарым-қатынастардың жаңа типін туғызады.

Балалардың топта алатын білімдері ғылыми сипаттта болады. Егер таяудағы уақытқа дейін оқыту ғылым негіздерін жүйелі игерудің дайындық сатысы болған болса, енді ол алғашқы топтан басталатын сондай игерудің буынына айналады.

Балабақша балаларының оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы – уақыттың әр минутына дейін есептелген сабақ. Сабақта балалардың бәрі тәрбиешілердің нұсқауларын қадағалап, оларды дәл орындауы, алаңдамуы, бөгде іспен айналыспауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет