Тақырып №30. Халық ағарту бөлімінің әдіскері мен инспекторлық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Балабақшадағы тексеру жұмыстары.
Тәрбиеші тәрбиеленушілердің күнделікті оқу-тәрбие жұмысын, демалыс уақытын ұйымдастырады. Ал бөбекжай мен балабақша тәрбиешісі мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейді, мектепке дайындайды, отбасына көмектеседі. Тәрбиеші балалардың жақын досы болуы керек. Ал еркелетуге сақтықпен қараған жөн. Бір баланы еркелету басқа баланың қызғанышын тудырады. Дегенмен, балаларды еркелету де қажет. Тәрбиеші өз талабына өз талабына ұқыпты болуы қажет. Бала тек адамның жеке басының тікелей тигізетін әсері арқылы ғана тәрбиеленеді. Балабақша тәрбиешісі жас ұрпақты жан-жақты дамытып, тәрбие беру, оны өмірге еңбекке даярлауда педагогикалық білімджі көпшілік арасына насихаттау сияқты әрі жауапты, әрі қадірлі қоғамдық міндеттер атқарады.
Балабақша тәрбиешісінің міндеттері:
а) Балаларды дұрыс тәрбиелеуді қамтамасыз ету;
ә) Өз тобындағы әрбір баланың қызығуы мен қажеттілігіне ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарайды;
б) Балалардың денсаулығын сақтауға, қоғауға байланысты дәрігер талабын орындайды;
в) Балаларды отбасында, балабақшада тәрбиелеу мәселелері туралы ата-аналарымен жұмыс жүргізеді;
г) Аудандық-қалалық әдістемелік бірлестіктерде балабақшада педагогикалық кеңестің жұмысына қатысады;
д) Балалармен жүргізілетін өз жұмыстары туралы жоспар құрады, есеп береді, әрбір сабаққа ұқыпты дайындалады.
Балалар тобын тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.
2. Тәрбиеші жас ұрпақтың бойына тәрбиенің алғашқы негіздерін қалыптастыра алатын, адамгершілігі жоғары мәәдениетті ғылым жетістіктерін дұрыс бағалай алатын, әдебиет пен өнердің,техниканың даму жайын жақсы білетін, оны түсіндіре алатын адам болуы керек. Тәрбиешінің мәдениеттілігіні көрсеткіші- әдептілігі қоғамдық орын дарда өзін сыпайы, еркін, ортаға лайықты ұстай білуі, өнегелі тәртібі, сүйкімділіг, адамдармен өзара силастыққа адалдыққа негізделген қарым-қатынасы. Ондай Тәрбиешіні балалар жақмсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, оған жақын жүргісі келеді. Оның балалар арасында беделі зор болады.
Тәрбиешінің жеке басының үлгісі – жас ұрпақ тәрбиесінде ең әсерлі әдістердің бірі. Өйткені балалар тәрбиешіге барлық жағынан еліктейді. Сол себептен де ол үнемі жинақы, таза, ұқыпты жүріп, сөйлеген сөзі мәнді, ойлы, әдемі, салмақты келіп, асықпай байыппен сөйлеуі керек. Бала еліктегіш болғандықтан жақсыны да, жаманды да тез қабылдайды.
Тәрбиешіге қойылатын талаптар:
Тәрбиеші болатын адам өзінің мінезін, жүріс-тұрысын жөнге салып, балалар іс-әрекетін дұрыс ұйымдастыра білуі керек;
Арнаулы білім, білік, білік пен іскерлік дағдыны меңгеруі керек;
Баламен еркін, жақын тарта сөйлесе білуі керек;
Ол өзінің көзқарасымен, ым-ишарасымен де өз ойын балаға жеткізіп түсіндіре алуы керек;
Жұмысты ұйымдастыра білетін, тиісті жерінде қатал талап қоя алатын болуы керек, кейде әзілдесіп, тиісті жерде көңіл аудара алатын болуы шарт;
Тәрбиешінің әрбір қимылы жүріс-тұрысынң өзі балаларға өнеге, тәлім-тәрбие берерліктей болуы тиіс.
Жаңашыл педагог Ш.А.Амонашвили тәрбиешіге төмендегідей ьалап қояды:
Педагог-тәрбиеші әріптестеріне мейірімді, жылы шырайлы, ықыласты болуы керек, Әріптестерімен қарым-қатынас жасаудың әдебін дауыс сарынын жылы үнін игеруі керек, әріптестерінің табысына қызғанышпен, күншілдікпен қарауға құқы жоқ, әріптестерімен өз тәжірибесін бөлісуге міндетті, әріптестерінен үйренуге ұялмауы керек, әріптестеріне жоғарыдан менснібей қарауға құқы жоқ, әріптестерінің ар-намысын, атақ-даңқын сақтауы керек, балаға байланысты отбасы құпиясының бәрін білуі керек, бірақ оны ешкімге шашпауы тиіс.
3.Тәрбиеші педагогтың бейнесі.
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жетік білуі.
- материалды түсінікті жеткізе білуі.
2.Сабақты өткізу әдістемесі.
- балалардың оқу тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білуі және баланың іс-әрекетін дұрыс бағалай білуі;
- тәжірибелік білім,білік, дағдыларды қалыптастыра білуі.
- Өзінің іс-әрекетін сыни тұрғыдан бағалай білу қабілеті.
Кәсіби біліктілікті жетілдіре білу қабілеттілігі;
Балалармен дұрыс қарым-қатынас орнықтыра білуі;
Ата-аналармен тіл табыса білуі;
Сөйлеу мәдениеттілігі
Балаларды арнайы қарапайым білім негіздерімен қаруландыру және дұрыс сөйлей білуге үйрету:
Өзінің эмоциялық көңіл күйін басқара алуы.
Байланыстырып сөйлеуге үйрете алуы;
Балалардың сөздік қорын молайтуға көмек көрсете алуы.
Педагогикалық терминдерді дұрыс тиімді пайдалана білу дағдысы.
4.Жас ерекшелігі психологиясы туралы білімі:
- Балалардың басым көпшілігінің қызығушылығының туғыза білуі;
- балалардың өздігінен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру
- жеке дара оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана алуы;
5. Жаңа технолгияларды пайдалан білу:
- Қазіргі іс-тәжірибелерді пайдалана білуі;
- Білім беруді дамыту бағыттарын айқындай білуі.
Тәрбиешінің өз қызметінде жетістікке жетуінің шарттары:
Сыртқы кескін келбеті
Сабақтан тыс пәндер туралы ақпараттар мен қамтамасыз етуі
Мінез-құлық және пайымдау мүмкіндіктері
Оқу тәрбие процесіндегі қарым-қатынас мәдениетін сақтай білу
Педагогикалық талаптарды орындай білуі
Әзіл қалжыңға мән бере білуі
Балалардың жеткен жетістігі мақұлдай қолдай білуі
Тәрбиешінің бойында болатын маңызды сапалары: ақылдылығы, қайырымдылығы, мәдениеттілігі, білімділігі, кәсіби шеберлігі, балаларға деген сүйіспеншіліг, тәртіптілігі шығармашылық қабілеттіліг, белсенділігі жан-жақты қызығушылығы, ұйымдастырушылық қабілеттілігі, бір нәрсемен шұғылдануы, зиялылығы, әзіл қалжыңға бейімділігі, басқаны тыңдай білуі, талдау жасай білу қабілеті, еңбексүйгіштігі мейіріміділігі, әділдігі, ашықтығы, шыншылдығы, әділеттілігі, әдептілігі, жақсылық жасай білуі.
Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін қандай нәтижеге жеткісі келетін саналы, анық және дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықтауы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құралдарының түгел болуы педагогикалық мақсатқа сәкестелінген болуы шарт. Олардың өз орныныда жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасиеттерінің бірі - педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі – балаларды сүю және қадірлей білу. Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Тәрбиеші қызметінің ерекшелігі: педагогтік әдепті игеруі, ел үшін ерлікпен еңбек ету, педагогтік бедел, педагогтің артистігі, педагогтік оптимизм, кәсіби шеберлікті үнемі шыңдап отыру т.б.
Тәрбиешінің ата-аналармен жүргізітені жұмыстарының мазмұны.
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстардың мазмұны , фомасы, әдістеріне тоқталамыз. Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: Қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуыағын сезінетін орын. Отбасында барлығы жақсы болған жағдайда – балалар жақсы жетістіктерге жетіп, өзінің даму әлеуетіне көтеріле алады. Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық – баланың қанағаттану деңгейі мен тәрбиешінің жұмысынң сапасын арттырады. Ол төмендегі жағдайларға негізделеді: өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйластық, әлемге деген түсіністік көзқарас және оның тиімділі ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік, барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді. Осы орайда балабақшаның ата-аналармен жұмысының мазмұны төмендегідей:
А) ата-аналардың педагогикалық, психологиялық білімдерін көтеру; (дәрістер оқу, семинарлар ұйымдастыру, жеке және топтық кеңестер, тәжірибелік жұмыстар т.б.)
Б) ата-аналарды оқу тәрбие жұмыстарына қатыстыру; (ата-аналар жиналысы, бірлескен шығармашылық жұмыстар, материалдық –техникалық база жасауға көмектесу).
В) Балабақшаның әкімшілігімен бірлескен жұмыстар (атан-аналар комитеті, ата-аналар кеңесі, аталар алқасы, әжелер клубы).
Ата –аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысынң әлеуетін арттыруға бағытталған болуы керек.
Ата –аналармен жұмыстың әдістері: бақылау, әңгіме, пікірлесу, тест жүргізу, сауалнама жүргізу
Достарыңызбен бөлісу: |