Тақырып №26. 1-6 жас балаларының тілінің дамуын бағалау көрсеткіштері. Бала дамуының өлшемдері. Бала тілін әр қырынан зерттеу, оның нәтижелерін сараптау тәсілдері. Мектепке барар алдында балалардың тілдік дағдыларының қалыптасу көрсеткіштері.
Мектепке дейінгі кезеңде дамитын тілдің негізгі қызметтерінің бірі – қарым –қатынас жасау қызметі. Тіпті сәбилік шақтың өзінде бала тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланады. Әйтсе де ол тек жақын немесе жақсы таныс адамдармен ғана қарым-қатынаста болады. Бұл жағдайда қарым-қатынас ересектер мен бала қатынасатын нақтылы жағдайдың есебінен пайда болады.
Әңгімелеу кездерінде жалаң, жайылма сөйлемдерді қолдана білуге үйреткен жөн. Сөздік қорындағы жиі қолданатын сөздерді әр түрлі грамматикалық формада түрлендіріп айтуына көмектескен дұрыс. Сөйлеу кезінде грамматикалық кемшіліктерді байқап, сөзді дұрыс, таза, мәнерлі етіп айтуын қадалау керек.
Тілімізде жаңа орныға бастаған – Елтаңба, көгілдір түсті ел туы, Әнұран, ұшақ т.б сөздердің мағынасын ашып түсіндіру қажет. Жалпы ұғым беретін: қала, ауыл, мал, үй, киім, ыдыс, адам, ағаш, жеміс-жидек т.б. сөздерді қалай түсінгендерін анықтап, қайталап отыру, сөздік қорындағы сөздерді әр түрлі грамматикалық формада (септеп, жіктеп, тәуелдеп, жекеше, көпше түрде) қолдана білуді қадағалап, оны әрі қарай тереңдете жалғастыруға машықтандырған дұрыс.
Ауызша сөйлескен кезде сөзді дұрыс, анық, таза, мәнерлі айтуға үйретіп, өнер шеңберлерінің үнтаспаға жазылған сөздері, кешкі ертегі сияқты хабарларды тыңдатқан жөн. Әдеби үйірмелер ұйымдастыру арқылы балалардың дара қабілеттілігін жетілдіру. Өз беттерімен әрекет жасай білуге, шығармашылыққа үйреткен дұрыс.
Баланың тілін дамытуда халық қазынасы —ауыз әдебиетінің орны ерекше. Аз сөзбен көп мағына беретін мақал-мәтел, аңыз-әңгімелер, ертегілер, эпостың шығармалар ғасырлар бойы ауыздан-ауызға таралып, жинақтала келе, бүгінгі ұрпақтың рухани азығына айналуы тиіс.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсарин де балаларды оқыту және тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес»1 - дейді.
Мектепке дейінгі педагогика мен психология ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстың құрамын меңгерту мәселелеріие жан-жақты көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырады. Өйткені ойлау процесі заттар мен құбылыстардың жалпы сипатып, заңды байланыстары мен кейбір ерекшеліктерін бейнелесе, сол заттардың шындық болмысы ойда сәулеленіп, яғни ұғым сөз арқылы танылып, ой сөйлеу арқылы білдіріледі.
Тақырып №27. Тіл дамыту жұмысын жоспарлау және есепке алу. Балабақшада тіл дамыту жұмысын жоспарлаудың маңызы. Жоспарлаудың принциптері. Жоспардағы тәрбиешінің балалармен жеке жұмысы. Календарлық және апталық жоспарлау. Тіл дамыту жұмысын есептеудің маңызы.
Әр түрлі жастағы балалардың сөйлеу дағдысының ауқымы.
Бала тілінің қызметі
Сәби өз дамуының сөйлеуге дейінгі кезеңінде сөйлеу алдындағы дауыстық реакция деп аталатын айқаймен: “Тамақ ішкім келмейді” және т.б түрлі тілектерін білдіреді. Айқайға тән түрлі ырғақтар баланың дүниеге келген алғашқы аптасында-ақ пайда болады, бала күн санап өскен сайын айқай айқындала түседі де, оның мәнін анасы ғана емес, бала мен қарым-қатынас жасайтын адамдар да түсіне бастайды. Демек сәбидің айқайы белгілі бір ара қатынастық қызмет ( қарым – қатынас қызметін ) атқарады.
Бір жарым айлығнан бастап сәби тілдің дыбысын арттыруға талпынады. Әрине алғашында бұл әлі сөйлеу алдындағы дыбыстық реакция ғана гуілдеу, ызыңдау, былдырлау, түрленген былдырлау. Сөйлеуге дейінгі реакцияның айқын бір ізділігі бар.
Баланың бұл кезеңдегі сезімталдық қарым- қатынас жасау процесі ойын сипатында болады: ересек адам мен бала кезектесіп бірін- бірі қайталайды, бір- біріне еліктейді егер ересек адам жымиса, сәби де жымияды.
Сәби буындарды түрлендіре отырып, онымен жай ғана ойнамай, оған белгілі бір мағына беретін кезде болады. (10- 12 айлығының арсында ). Ол буын қандай болса да бір сөзге қатысты:
Ми . . . – дейді ол мысықты көрсетіп және растауын күтіп ересек адамның бетіне қарайды.
Мияу, - деп үн қатады ересек адам. Сәби де қанағаттанған сезіммен:
Ми, - деп қайталайды.
Бала сөйлейді. Оның алғашқы « сөздері » - бұл өзіне таныс сөздердің « ка » ( каша ), « толь » (стол ), « көй » ( көйлек ) секілді буындары, бірақ бұл буындар жеке сөзді ғана емес, тұтас сөйлемді де бүлдіреді.
Бір жастан жеті жасқа дейінгі тіл дамуында мынадай кезеңде байқалады:
бірінші кезеңформасыз түбір- сөзден тұратын сөйлем құрау кезеңі:
1 жас 3 ай – 1 жас 8 ай. Бір сөзді буын – сөйлемдерді айта алады;
1 жас 8 ай – 1 жас 10 ай. Бірнеше буын – сөздерден тұратын сөйлемді айта алады;
екінші кезең – сөйлемнің граматикалық құрылымын меңгерген кезең:
1 жас 10 ай – 2 жас 1 ай. Сөйлемдерде толық, бірақ жалғауы дұрыс емес сөздерді қолданады.
2 жас 1 ай – 2 жас 3 ай. Сөйлемдерде қалыптасқан сөздер қолданылады: зат есім, сын есім, септік жалғауларын, етістіктің жіктік жалғауларын түсіне бастайды.
2 жас 3 ай – 3 жас. Сөйлемдерде синтаксистік қатынасты білдіретін шылау сөздерді қолданады:
үшінші кезең – орыс тілінің граматикалық жүйесін менгеру кезеңі:
3 жас – 7 жас. Тілдің граматикалық құрылымы мен дыбыстық жағы жетіле түседі, сөздік қоры баюынығң алғышарты жасалады.
Бірінші сөйлемнің синтаксистік құрылысы, сондай – ақ оның дауыс ырғағының айқындығы, екінші сөздің морфалогиялық жасалуы, үшінші сөздің дыбыстық құрамы.
Үш жас пен жеті жас арасындағы кезеңде баланың тілі граматикалық формалармен тез байиды, сөйлеу ортасының даму потенциалы жеткілікті болған кезде, бала ана тілінің граматикалық құрылысын және оның фонетикалық жүйесін жетік меңгере алады, мұның өзі сөздік қорын жылдам байытады.
Достарыңызбен бөлісу: |