Лекциялар жинағы дәріс №1 Тақырып: Кіріспе. Табиғи ресурстар және табиғатты ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың бір аспектісі Жоспары



бет14/52
Дата19.02.2023
өлшемі237 Kb.
#169310
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52
Байланысты:
ЭжӨҚ, Лекция жинағы, 2023ж.

б) Экожүйе
Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Экологиялық жүйе, немесе экожүйе - тірі организмдер жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да, қарым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез-келген бірлікті экожүйе деп атауға болады. Бұл терминді енгізген 1935ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.
Экожүйенің құрылымы: Экожүйе = биоценоз + биотоп
Экожүйе бір-бірімен қарым-қатынастығы екі негізгі құрауыштан экотоптан немесе биотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан (жанды бөлігі) тұрады. Экотопқа биоталық құрылымдар: литосфера, гидросфера, атмосфера кіреді. Биоценоз - биотопты мекендейтін продуценттердің, консументтердің және редуценттердің қауымдастығы, яғни осы тірі экологиялық құрауыштардың нақты тепе-теңдігімен сипатталатын жүйелі жиынтық.
Экожүйенің негізгі қасиеттері:
1) зат айналымына қатысу қабілеттілігі;
2) сыртқы әсерлерге қарсы тұруы;
3) биологиялық көбеюі.
Экожүйенің қасиеттері оның құрамына кіретін өсімдіктер мен жануарлардың әрекетіне байланысты
Экожүйенің деңгейлері:
1) микроэкожүйе - кішкене су қоймасы, жануарлар өлексесі олардың тіршілік ететін әртүрлі ағзаларымен бірге аквариум, жайылым, су тамшысы т.б.
2) мезоэкожүйе - орман, өзен, тоған, т.б.
3) макроэкожүйе - мұхит, континент, табиғи зона, т.б.
4) ғаламдық экожүйе - биосфера
Табиғатта бейорганикалық химиялық элементтер айналымынан басқа да, биогендік химиялық элементтер миграциясы немесе биогеохимиялық айналым жүзеге асырылады.
Экожүйе мен биогеоценоз- тірі ағзалардың және ортаның жиынтығы.
2.Қоректену тізбегі. Биогеоценозда барлық тірі иелер қоректену тізбегіне біріктірілген. Өзара қосылу және айырылу нәтижесінде белгілі буындардан күрделі трофикалық тор құрылады. Құрлықтағы қоректену тізбегі қысқа (3-4 буыннан тұрады). Мыс: ағаш- құрт- құс-жыртқыш құс. Су ортасында қоректену тізбегі едәуір ұзын: фитопланктон-зоопланктон- майда балықтар - жыртқыш балықтар - адам.
Қоректену тізбегінің бірнеше деңгейі болады:
І-трофикалық деңгей - автотрофты ағзалар-продуценттер немесе өндірушілер. Продуцентерге өздерінің денелерінің бейорганикалық қосылыстар есебінен құратын автотрофтық организмдер жатады. Олар өздерінің тіршілік етуіне қажетті органикалық заттарды күн энергиясын пайдаланып, бейорганиклық заттардан, немесе бейорганикалық заттар тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге қабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады. Мүнда автотрофты жасыл өсімдіктер органикалық заттар түзіп, алғашқы биологиялық өнімділікті түзеді.
Келесі трофикалық деңгейлерге консументтер жатады. Консументтер - бұлар гетертрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық заттарды қорек көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бұларға барлық жануарлар, саңырауқұлақтар менмикроорганизмдердің көбі, паразиттік жөне жәндікқоректі өсімдіктер жатады. Консумеиттер бірінші жөне екінші реттік болып бөлінеді:
II- трофикалық деңгей - шөпқоректі жануарлар (фигофагтар) - I- қатардағы консументтер немесс тұтынушылар, бұған есімдік қоректі жануарлар жатады.
III- трофнкалық деңгей- жыртқыш жануарлар немесе зоофагтар- II- қатардағы консументтер.
IV- грофикалық деңгей - ірі жыртқыштар ІІІ-қатардағы консументтер.
V- трофикалық деңгей - өлі организмдердегі заттарды және қалдықтарды тұтынушылар, деструкторлар, редуценттер, немесе қайта қалпына келтірушілер. Оларға микроорганизмдер жатады: сапрофаг, сапрофиттер, детритофагтар. Олардың ролі ерекше. Детритофагтар немесе сапрофагтарға - өлі органикалық заттар мен жануарлардың тіршілігінен пайда болған қалдықтармен, өнімдермен қоректенетін жануарлар (түрлі-түрлі құрттар, бунақаяқтылар) жатады. Олар экожүйені тазалау функциясын атқарады және топырақтың, жертезектің, су қоймаларының түбіндегі шөгінділерді түзуге қатысады.
Редуценттер өлі органикалық заттармен қоректенеді, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы экожүйе ортасына молекулалық азот, минералды элементтер және көмір қышкыл газы қайтарылып отырады. Ягни, редуценттер заттарды ыдыратып, қайта қалпына келтіріп, зат айналымын жалғастырып отырады.
Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп, оларды біртіндеп ыдырататын микроорганизмдері (бактериялар, ашытқы микроорганизмдері, саңырауқұлақтар - сапрофиттер) жатады. Саңырауқұлактар негізінде өсімдіктердің клеткаларын, ал бактериялар жануарлар өлімдіктерін ыдыратуға қатысады. Микроорганизмдер баска да функцияларды атқарады, олар игибиторлар (мысалы, антибиотиктер) немесе, керсінше, жылдамдытқыш - заттар (мысалы, кейбір витаминдер) түзеді, олардын экологиялық маңызы өте жоғары, бірақ та осы уакытқа дейін толығымен зерттелмеген.
Тізбектегі І-ІV дөңгейлер- жеу тізбегі; соңғы - детриттік тізбекке жатады.
Әрбір қоректік тізбектің қатарында белгілі бір трофикалық деңгей қалыптасады. Ол өзінен өтетін зат және энергия ағымының активтілігімен сипатталады.
Экожүйенің өнімділігі - трофикалық деңгейдегі көп мөлшері тыныс алуға кетеді, ал қалғаны энергия мен биомассаның өсуін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет