Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет20/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1.Гагар тәрізділердің ерекшеліктері қандай?
2.Сұқсыртәрізділер отрядының қандай ерекшеліктері бар?
3.Түтіктұмсықтылар, немесе Дауылпаздар отрядының қандай ерекшеліктері бар?

15 лекция.


Бірқазантәрізділер, немесе Ескекаяқтылар отряды-Реlecaniformes
Жоспар:
1. Фаэтондар тұқымдасы (Рһаеthontidae)
2. Бірқазандар тұқымдасы (Реlecanidae)
3. Олушалар тұқымдасы (Sulidае)
4. Фрегаттар тұқымдасы (Ғregatidae)
Лекция мақсаты: Су құстары туралы түсінік беру
Лекция мазмұны: Бірқазантәрізділер, немесе Ескекаяқтылар отряды-Реlecaniformes
Бұл отрядқа бір-бірінен өте оқшауланған 5 тұқымдасқа жататын 50-ге жуық түр бірігеді. Ескекаяқты құстар - космополиттер, десе де кейбір топтары тек төменгі ендіктерде ғана мекендейді. Қауырсындануы қалың және (бірқазандардан басқалары) денесіне тығыз жатады, қатты. Мамық птерилиялар мен аптерияларда өседі. Аптериялары жіңішке. Тұмсығы мен құйрығының пішіні алуан түрлі . Сирағы мен жіліншігі қысқа, жүзу жарғағы барлық төрт саусағын байланыстырады. Ескекаяқтылардың тілі рудиментті. Өңеш, безді және етті қарын қатты созылады, ол ірі жемтігін жұтуға көмектеседі. Қорегі - балық және басқа су жануарлары. Ұшу сипаты әртүрлі: жай қалықтап және шапшаң мәнерлеп ұшады. Жерде епетейсіз жүреді, жақсы жүзеді, кейбір түрлері жақсы сүңгиді. Моногамдар. Жыныстық диморфизм байқалмайды. Шоғыр құрып, сирек жеке жұп болып ұялайды. Қалай болса солай салынған ұяға аналығы 1-6 жұмыртқа салады. Екеуі кезектесіп шайқайды және қоректендіреді. Балапандары жалаңаш, соқыр және жәрдемсіз.
Фаэтондар тұқымдасы (Рһаеthontidae) тропикалық құстардың 3 түрін біріктіреді, олардың құйрығы сатылы, аяқтары қысқа әрі әлсіз, артына қарай орналасқан. Құстар жерде жүрмейді, нашар жүзеді және суға сирек қонады, бірақ өте әдемі ұшады. Ұяларын тік жартастарға салады, ол жерден бірден ұшады. Өкілдері: аққұйрық фаэтон (Рһ.lepturus), қызылқұйрық фаэтон (Рһ.rubricauda), бұл құстың қанат құлашы 1 м-ге жуық.
Бірқазандар тұқымдасы (Реlecanidae) барлық континентерге таралған 8 түрді біріктіреді. Бұлардың тұлғасы мығым, қанаты үлкен, аяқтары қысқа, мойны мен тұмсығы ұзын, соңғысы басының ұзындығынан 4-5 есе артық. Тұмсығының астыңғы жағында өте күшті созылатын қауырсынсыз тері қапшық болады. Бірқазандар жақсы жүзеді, бірақ сүңгімейді. Жерде еркін жүреді, жақсы ұшады және жиі қалықтайды. Қаңқасында үлкен ауа қуыста-ры болады, теріасты ауа қабаты жақсы дамыған. Моногамдар, шоғыр құрып ұялайды. Балапандары шала көзі ашылмаған әрі жалаңаш. Қызгылт бірқазан (Реlecanus onocrotalus) 11 кг тартады, қанатының ұзындығы 70 см. Басында қауырсынданбаған учаскелер: көз айналасы, ауыздың, маңдай және астыңғы жақтың түбінде болады. Балықты жиі бірлесіп аулайды, қанаттарын қағып жағаға қуады. Өзен атырауындағы қалың жерлерде ұялайды. 2 жұмыртқа салады. Бұйра бірқазан (Р. сrispus) 13 кг тартады, қанат ұзындығы 77 см. Басында және мойнының жоғарғы жағында ұзарған және бұйраланған қауырсындар болады. Маңдайы қауырсынды. Кішірек шоғыр құрып немесе жеке жұп болып ұялайды. Екеуі де Қазақстан территориясында кездеседі және Қызыл кітапқа (1996) тіркелген.
Олушалар тұқымдасы (Sulidае) Антарктидадан басқа барлық материктердің аралдарында ұялайтын 9 түрді біріктіреді. Олардың қанаттары ұзын және үшкір, құйрығы сынатәрізді. Тұмсығы конус сияқты, үшкір, оның шеті тілімделген. Езуі көзінің артына дейін жетеді. Танауларын қауырсын жапқан, олар арқылы құстар тыныс ала алмайды. Тері асты ауа қабаты болады. Қаңқасы ауа қуысты. Олушалар өте жақсы ұшады, жиі қалықтайды. Құлдилап келіп, сүңгиді. Өкілдері: қызылаяқ олуша (Sulа sulа), солтүстік олушасы (S. bassапа), оның салмағы 3 кг, қанатының ұзындығы 51 см.
Суқұзғындары тұқымдасына (Рһаlacrocoracidae) космополиттік таралу тән және 26 түрді біріктіреді. Мойны ұзын және құйрығы да ұзын әрі қатты. Қанаты қысқа әрі жалпақ, ұшы дөңгеленген. Аяқтары қысқа, артқа қарай орналасқан. Үлкен суқұзғыны (Рһаlocrocorax carbo) 3 кг тартады, қанатының ұзындығы 38 см. Жақсы сүңгиді, балықты 10 м тереңдіктенде ұстайды. Кейде бірқазандармен бірге аулайды. Жерде тік тұрады және қиын қозғалады. Жақсы ұшады. Өкілдері: Үнді жыланмойны (Апһіrga теlanogaster), Галапогосс суқұзғыны (Nannopterum harrisii). Қазақстанада үлкен суқұзғыны, кіші су құзғыны (Рһ. рygmeus) және кекілді суқұзғын (Рһ.aristotelis) ұялайды.
Фрегаттар тұқымдасы (Ғregatidae) тропикалық және субтропикалық ендіктердегі мұхит құстарының 5 түрін біріктіреді. Салмағы 1,5 кг-дай құстардың құйрығы өте ұзын әрі айрық, қанаты ұзын әрі үшкір, аяғы әлсіз, саусақтарының арасындағы жарғақтар жетілмеген. Бұлар сүңги алмайды, өте нашар жүзеді, сондықтан да олар ұшатын балықтарды аулайды, немесе олушалардың, шағалалардың, суқұзғындарының олжаларын тартып алады. Өкілдер: үлкен фрегат (Ғregata minor) және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет