Лекциялар жинағы (Жоғары оқу орындарының биология мамандықтарының студенттеріне арналған) шымкент 2016



бет21/49
Дата07.02.2022
өлшемі1,17 Mb.
#84735
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49
Байланысты:
лекция орнитология

Өзіндік сұрақтары:
1. Фаэтондар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?
2. Бірқазандар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?
3. Олушалар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?
4. Фрегаттар тұқымдасының ерекшеліктері қандай?

16 лекция.


Татреңтәрізділер отряды - Сһаradriiformes
Жоспар:
1. Якана тұқымдастары (Jacanidае)
2. Қарала шалшықшылар тұқымдасы (Наеmаtopodidае)
3. Тауқұдіреттер тұқымдасы (Scolopacidае)
4. Бізтұмсықтылар тұқымдасы (Recurvirostridае)
Лекция мақсаты: Су маңындағы құстары туралы түсінік беру
Лекция мазмұны: Отряд барлық жер шарына тараған, басым көпшілігі сумаңы және су құстарына жататын 17 тұқымдасы бар 3 отрядтармағына бірігетін 300-ге жуық түрді біріктіреді. Салмағы 20 г-нан 3 кг-ға жетеді. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі болады. Мамық птерилия және аптерия бойымен орналасады. Тұмсығы алуантүрлі. Танаулары ашық. Жіліншігі мен сирағының төменгі жағы қауырсынданбаған, артқы саусағы күшті редукцияға ұшыраған (яканнан басқаларында). Қанаттары ұзын, жіңішке әрі үшкір. Шалшықшылар, аздаған түрлерінен басқалары, жақсы ұшады. Тамаша жүзеді және сүңгиді. Қаңқаның ауаға толуы әлсіз. Өңеші оңай созылады, жемсауы жоқ. Құймышақ безі қауырсынданған. Моногамдар, полигамдар сирек кездеседі. Балапандары ширақ, десе де олар қанатына қонғанша ересектері жиі қоректендіреді.
Татреңтәрізділердің ертедегі ата-тегі тырнатәрізділер деп саналады. Қарапайым татреңтәрізділер кептертәрізділердің бастамасын береді. Шалшықшылардан шағалалар мен мұнтаздар бөлінді, олар эволюция процесі барысында біршама суда тіршілік етуге көшті.
Шалшықшылар отрядтармағы (Сһаradrіі) жер жүзіне кең тараған 13 тұқымдасқа жататын 180 түрді біріктіреді. Сумаңында тіршілік етуге бейімделген, аздаған түрлері құрғақ биотоптарды меңгерген. Тұмсығы алуантүрлі. Танаулары ашық немесе жабық. Қорегін құрлықтардан, тайыз сулардан да ұстайды. Жақсы ұшады әрі жүзеді. Әдетте моногамдар. Жеке жұп құрып немесе шашырап шоғыр құрып ұялайды. Ұяда 2-5 жұмыртқа болады. Ұясын жерге шұңқыр жасап салады. Көптеген түрлерінің балапандары жұмыртқадан шыға сала ұясын тастайды. Қызылшақа балапандар шығаратын түрлері аз.
Якана тұқымдастары (Jacanidае) тропикалық аймақтың тұщы суларында мекендейтін 7 түрді біріктіреді. Тұмсығы ұзарған, екі бүйірінен аздап қысыңқы. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі нашар жетілген. Аталығы мен аналығының қанатының иілген жерінде сүйекті тепкісі болады. Аяқтары ұзын .
Алдыңғы және артқы саусақтары ұзын әрі жіңішке, тырнақтары ұзын. Аналықтары аталықтарына қарағанда ірілеу. Ұшуы шапшаң, ұшқанда аяғын созады. Су өсімдіктерінің үстімен жақсы жүгіреді, жақсы жүзеді әрі сүңгиді. Қорегі - омыртқасыздар. Ұясын, қалқып жүзетін, суларға салады.
Біраз түрлер моногамдар: Жұмыртқаларын шайқайтын және балапандарын өрбітетін ересек құстар немесе аталығы. Кейбір түрлерінде бір аналықтың айналасында 3-4 аталық жүреді: аталығы жұмыртқаны шайқайды, балапандарын өрбітеді. Өкілдері: үнді яканасы (Меtapodius іпdicus), су қырғауылшасы (Нуdrochirurgus phasianus), африка яканасы (Асtophilornis africanus) және басқалары.
Қарақастар тұқымдасы (Glareolidае) шығыс жарты шарда тараған 15 түрді біріктіреді. Қарапайым татреңдерден бөлініп, тайыз сулар мен сусыз жерлерде мекендеуге бейімделген. Тұмсығы қысқа, үстіңгі тұмсық дөңес және езуі өте үлкен. (183 сур.) Танаулары жабық. Қазақстанда 3 түр мекендейді: дала қарақасы (Glarеоlа поrdтаппі), шалғын қарақасы (О. рratiпсоlа) және зымырақ, (Сиrsorius cursor). Қарақастардың салмағы 100 г-дай, қанаттары ұзын әрі үшкір және ұзын құйрығы айыр. Аяқтары қысқа, төртсаусақты. Сыртқы және ортаңғы саусақтарының арасында кішкентай жарғағы болады. Басқа шалшықшылардан ерекшелігі қарақастар қорегін жерден ғана емес, ұшып жүріп те аулайды. Далалы аймақта тараған, кей жерлерде шөлейтті аймақтарда да кездеседі. Әдетте олар 10-20 жұп болып шоғыр құрып ұялайды. Ұяда 2-5 жұмыртқа болады. Зымырықтардың үшсаусақты ұзын аяқтарында, ортаңғы саусақта қырлы тұяғы болады, қанаттары біршама қысқа, құйрығы шорт кесілген. Бұлар шөлейтті және шөлді аудандарда мекендейді. Ұяда 2-3 жұмыртқа болады.
Қарала шалшықшылар тұқымдасы (Наетаtopodidае) суқоймаларының жағалауларында кең, бірақ алақұла, тараған 4 түрді біріктіреді. Татреңге жақын шалшықшылардың маманданған бұтағы. Салмағы 0,5 кг-дай. Тұмсығы екі жағынан қысыңқы, ұзын, тік. Жіліншік ортан жіліктен қысқа. Аяқтары үшсаусақты, салыстырмалы түрде қысқа әрі жуан. Сыртқы және ортаңғы саусақтарының арасында жүзу жарғағы болады. Жыныстық морфизмі жоқ. Жақсы жүгіреді, жүзуі мүмкін және сүңгиді. Ұяда әдетте 2-5 жұмыртқа болады. Ересектері балапандарын 3 аптадай қоректендіреді. Қазақстанда екі түрі: қарала шалшықшы (Наетаtopus ostralegus) және орақтұмсық (Ilidоrһупсһе truthersii) мекендейді. Оның тұмсығы төмен иілген. Аяғы 4 саусакты. Жүзу жарғақтары жоқ. Орталық Азияның тау өзендерінің жағалауларында жеке жұп құрып тіршілік етеді. Бұл құс Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Татреңтектестер тұқымдасы (Сһaradriidае) 147 түрді біріктіреді. Олар ашық, кейде құрғақ ландшафтарда мекендейді. Тундраның суқоймаларының жағалауларындағы қайраңдарда, шалғындарда, батпақтарда, кейбіреулері далалы, тіпті шөлейтті жерлерде тіршілік етеді. Тұмсығы әр түрлі және ұзын, мысалы қисықтұмсық шүрілдектің тұмсығы оңға қарай иілген. Аузы үлкен. Қанаты ұзын, үшкір, шапшаң ұшуға бейімделген. Кейбір қызғыштардың қанатының иілген жерінде тепкісі болады. Жіліншігі жалпақ. Аяқтары азды-көпті ұзарған, төртсаусақты не-месе үшсаусақты. Саусақтарының негізінде әлсіз дамыған жүзу жарғағы болады. Құйрығы қысқа. Жыныстық диморфизм аздаған түрлерінде ғана анық байқалады. Әр түрлі омыртқасыздармен қоректенеді.
Кейбіреулері тек түнде белсенді. Жеке жұп құрып, сирек те болса шашыраңқы шоғыр құрып (қызғыштар - Vапеllus) тіршілік етеді. Төсенішсіз қарапайым ұясын жеpге салады. Ұяда 2-5 жұмыртқа болады. Балапандары ширақ. Екеуі бірге шайқайды, кейбір түрлерінде тек аналығы, ал алқалы татреңнің (Еиdromias тоrinellus) тек аталығы шайқайды. Қазақстанда 15 түрі кездеседі. Олар: алтынжон татрең (Рluvialis арriсаrіа), қошқылқанат татрең (Р. dотіпіса), алқалы татрең, шаушүрілдек (Сһaradrius dubius), сарысағақ шұрілдек (Сһ. аsiticus) - үшсаусақтылар, ал төрт саусақтыларға: маусымқұс (Рluvialis squatarola), қызғыш (Vanellus vanellus), тарғақ (Сһеttusia gregaria) және басқалары жатады. Соңғысы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Тауқұдіреттер тұқымдасы (Scolopacidае) біршама ылғалды ашық алаңдарда (құрғақ далаларда кездеспейді) мекендейтін 75 түрді біріктіреді, аздаған түрлері ылғал ормандарда тіршілік етеді. Тауқұдіреттердің басым көпшілігі Солтүстік жарты шардың қоңыржай және суық ендіктеріне қарай жақын орналасады. Шалшықшылардың денесінің салмағы 20 г-нан 1 кг-ға жетеді. Көпшілік түрлерінің тұмсығы ұзын, жіңішке, кейде ұшына қарай жалпақ.
Кейбір түрлерінің тұмсығы төмен қарай күшті иілген (шалшықшы), сирек жоғары қарай аздап қайқы (қайқытұмсық балшықшы). Аздаған түрлерінің тұмсығы қысқа, конустәрізді (мамырқұс). Тұмсығының ұшында әдетте көп сезгіш денелер болады. Аяқтары ұзын немесе салыстырмалы түрде қысқа болуы да мүмкін. Артқы саусағы кішкентай немесе болмайды. Кейбір түрлерінің алдыңғы саусақтарының негізінде жүзу жарғағы болады. Бір түрлерде жыныстық диморфизм жақсы байқалады. Әр түрлі жануартектес қорекпен - құрттармен, моллюскалармен, насекомдармен, майда балықтармен және т.б. қоректенеді. Көпшілік түрлер күндіз белсенді, аздағандары ымыртта және түнде белсенді. Моногамдар. Тек аздаған түрлері ғана полигамдар. Жеке жұп құрып, сирек шашырап шоғыр құрып, ұялайды. Ұясын жерге салады, ол төсеніші аз шұңқыр. Ұяда әдетте 4 жұмыртқа болады. Екеуі бірігіп шайқайды және өрбітеді немесе тек аналығы ғана қатысады. Балапандары ширақ. Қазақстанда 34 түрі кездеседі: үлкен шалшықшы (Numenius arquata), жылқышы (Scolopax rusticola), шаушалшық (Lymnocrypter тіпітus), тауқұдірет (Gallinago gallinago), маңқы (Gallinago теdіа), үлкен шырғалақ (Limosa lітоsа), мамырқұс (Асtitis hypoleucus), күржекей (Рһylomachus pugnax), тарбаң шырғалақ (Limnodromus semipalmatus) және басқалары. Соңғысы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген.
Бізтұмсықтылар тұқымдасы (Recurvirostridае) 7 түрді біріктіреді. Бұл қорегін судан табуға маманданған татреңтәрізділердің бүйір бұтағының бірі. Тұмсығы жіңішке, ұзын. Жануартектес қорекпен - шаянтәрізділермен, моллюскалармен, құрттармен, насекомдармен, майда балықтармен және т.б. қоректенеді. Қауырсындануы қалың, мамығы жақсы дамыған, ол птерилиялар мен аптерияларда өседі. Күндіз белсенді. Моногамдар. Ұяда 3-4 жұмыртқа болады. Балапандарын екеуі бірге өрбітеді. Қазақстанда 2 түрі ұялайды. (Бізтұмсықтың (Recurvirostora аvosetta) тұмсығы жоғары иілген, аздап жалпақ. Аяғы ұзын, төртсаусақты. Жүзу жарғағы жақсы дамыған, жақсы жүзеді. Әдетте топтанып, сирек жеке жұп құрып ұялайды. Жылы ендіктердің суқоймаларының ашық жағаларын мекендейді. Ұзынсирақ балшықшының (Нітапtopus himantopus) тұмсығы тіқ, аяғы өте ұзын, үшсаусақты, әсіресе жіліншігі мен сирағы ұзарған. Саусақтарының арасындағы жарғақ күшті редукцияға ұшыраған. Жеке топ құрып тіршілік етеді, жеке жұптарының қоныстануы сирек. Жылы ендіктердің суқоймаларының ашық жағалауларында мекендейді.
Қалытқылар тұқымдасы тек Солтүстік жарты шарда тараған майда шалшықшылардың (салмағы 100 г-н кем) 3 түрін біріктіреді. Қалытқылар планктонды организмдермен қоректенуге бейімделіп, тауқүдіреттерден бөлініп шығуы мүмкін.Тұмсығы ұзарған, жіңішке немесе жалпақ. Аяғының ұзындығы орташа, төртсаусақты. Әрбір саусақта терілі желбіршек болады. Қалыпты қауырсынның жанама өзегі болады. Жыныстық диморфизм жақсы байқалады: аналығы аталығына қарағанда ірі және ашық түсті. Көлдердің батпақты жағаларында ұялайды. Ұшуы шапшаң, жерде жақсы жүгіреді, тамаша жүзеді.Аналықтары күй ойнақ жасайды. Ұясын екеуі бірге салады. Ұяда 4 жұмыртқа болады. Аталығы шайқайды. Қазақстанда 2 түрі-ақтамақ және ақжағал қалытқылар ұялайды. Тұмсығының ұшы имек.
Ақ татреңдер тұқымдасы (Сһіопіdidае) Антарктика мен Субантарктиканың аралдарының жағалауларында тіршілік ететін 2 түр жатады. Салмағы 600 г-дай . Тұмсығы қысқа, аздап томпиған. Аяғы біршама қысқа, төртсаусақты.
Жүзу жарғағы жоқ, сирек және нашар жүзеді. Жемсауы жоқ.
Сукесерлер тұқымдасы (Rynchopidае) тропикада тараған 3 түрді біріктіреді. Мойны салыстырмалы түрде ұзын, басы кішкентай, тұмсығы биік және бүйірінен өте күшті қысыңқы. Үстіңгі тұмсығы астыңғысына қарағанда біршама қысқа. Қанаты өте ұзын, құйрығы айыр, қысқа. Аяқтары қысқа, жіңішке әрі әлсіз, аз жүреді. Жеңіл ұшады, сирек жүзеді. Африка сукесері (Rynchops flavirostris) - түн құсы: күндіз жағада тығылып отырады, ал қараңғы түсісімен қоректенуге шығады. Ол су бетіне жақын ұшады, астыңғы тұмсығымен суды кесіп отырады және омыртқасыздар мен майда балықтарды су бетінен ұстайды. Өкілдері: америка қара сукесері (R.nigra ), үнді сукесері (R. аlbicollis).
Мұнтаздар отрядтармағы (Аlсае) Солтүстік жарты шардың қоңыржай және суық ендіктеріндегі аралдар мен жағалауларында тараған 20-ға жуық түр жататын Мұнтаздар тұқымдасын lcidае) біріктіреді. Мұнтаздар суда тіршілік етуге бейімделу нәтижесінде шағалалардан бөлінген. Пайда болу орталығы Беринг теңізі болуы мүмкін. Бұлар нағыз теңіз құстары, құрлықпен тек көбею кезінде ғана байланысты. Дене салмағы 80 г-н 1,2 кг-ға дейін. Тұмсығы алуантүрлі, Танаулары ашық. Қанаты қысқа, үшкір әрі жіңішке. Кәрі жілік - қанат қаңқасындағы ең қысқа буын. Құйрығы қысқа, рудимент түрінда сақталған. Аяғы қысқа, артқа қарай орналасқан. Үшсаусақты, саусақтары жүзу жарғағымен байланысқан. Ұшуы шапшаң, қанат қағу жиілігі секундына 8 рет (кайралар). Бұрылу қызметін құйрығы емес, артқа созылған аяғы атқарады. Жерде нашар жүреді, бірден көтеріле алмайды, ұшу үшін жарларды пайдаланады. Жақсы жүзеді, ете тамаша сүңгиді. Су астында қозғалу қызметін қанаттары атқарады: минутына 15-20 рет қағады. Тілі бұлшық етті, көптеген қылтанды, олар жемтігін - балықты, омыртқасыздарды ұстауына көмектеседі. Су астында 1 минуттай бола алады. Шоғыр құрып ұялайды, жеке жұп болып ұялау сирек кездеседі. Моногамдар. Ұясын жерге салады. Ұяда 1-2 жұмыртқа болады, біреуінің салмағы аналықтың салмағының 10%-н құрайды. Балапандарын мамық жауып туады, ересектері оларды ұяда ұзақ уақыт қоректендіреді. Жуантұмсық кайраның (Urіа Іотvіа) тұмсығы ұзарған конустәрізді. Басқа құстармен қосылып құс "базарын" құруға қатысады. Гагарканың (Аlca torda) тұмсығы биік, ол екі жағынан өте қысыңқы. Кәдімгі мұнтаздың (Серphus grylle) тұмсығы қысқа, екі бүйірінен қысыңқы, үстіңгі тұмсығы аздап томпиған. Қанаттары доғал әрі жалпақ, ұшуы тез әрі мәнерлі. Жерде жылдам әрі епті қозғалады. Ұяларын үңгірге, жартас қуыстарына салады. Өкілдері: үлкен конюга (Аеthia cristatella), балтатұмсық (Lunda сіrrhata), тупик (Ғratercula arcrica), ипатка (Ғ. соrniculata) және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет