Өзіндік сұрақтары:
1.Эпиорнистәрізділер отрядының ерекшеліктері қандай?
2.Моатәрізділер отрядының ерекшеліктері қандай?
3.Кивитәрізділер отрядының ерекшеліктері қандай?
4.Тинамутәрізділер отрядының ерекшеліктері қандай?
№13 лекция
Жүзгіштер отрядүсті - Іmpennes
Жоспар:
1.Пингвиндер отряды
2.Пингвиндердің ірісі – император пингвині
Лекция мақсаты: Пингвиндер отряды жөнінде түсінік беру.
Лекция мазмұны: Жүзгіштер отрядүсті – Іmpennes
Пингвинтәрізділер отряды - Sphenisciformes
Саны аз және өте маманданған құстар тобы, олигоценнен белгілі. Бұған бір ғана отряд - Пингвиндер (Sрһепіsсіfоrтеs) отряды жатады, олардың қазіргі кезде 16 түрі бар. Пингвиндер (балпанайлар - шетелдік қандастар осылай атайды) ұшпайды, бірақ жақсы жүзеді әрі сүңгиді Денесін қалың әрі тығыз майда қауырсындар жапқан, бұлар жалпақ әрі жайдақ өзектен және әлсіз жетілген желпуіштерден (пәр) тұрады. Осыған орай қауырсындары қабыршақтарды еске түсіреді. Аптерия жоқ. Теріасты май қабаты (шел) жақсы жетілген, жылу сақтағыш қызмет атқарады. Сүйектерінде ауа қуыстары болмайды, сүйегі майлы. Олардың алдыңғы аяқтары ескекке айналған, су астында сүңгіген кезде иық буынында пәректәрізді айналады. Қанат сүйектері жалпақ. Төстің қыры жақсы жетілген, ал төс бұлшық еті құс массасының 1/4 бөлігін құрайды, ол көптеген ұшатын құстардан әлде қайда үлкен. Қысқы артқы аяқтары суда бағыттау қызметін атқарады. Аяқтарында 4-тен саусақтары болады, олар бір-бірімен жүзу жарғағымен байланысқан. Жіліншігі қарапайым: үш, әлі де болса бөлек, табан сүйектерінен тұрады. Аяқтары біршама артқа қарай орналасқан, сол себепті пигвиндер құрлықта жүргенде денесін тік ұстайды, бұл кезде қысқа әрі қатты құйрығы қосымша тірек қызметін атқарады. Құрлықта жай және епетейсіз қозғалады. Жылына бір рет түлейді, бұл кезде жаңа қауырсындар ескілерінің астынан шығып, оларды итереді. Ересек құстардың қорегі - балықтар, моллюскалар және шаянтәрізділер. Барлық пингвиндер - моногамдар, көптеген түрлерінде жұбы өмір бойы сақталады. Олар әдетте үйір құрайды және үлкен шоғыр құрып ұялайды. Ұясын жерге салады, оның жан-жағын майда тастармен қоршап қояды. Ұяда әдетте 1-2 жұмыртқа болады. Оларды аталығы мен аналығы бірге, немесе тек аталығы шайқайды. Балапандары қалың мамықпен жабылған, бірақ шала (соқыр әрі жәрдемсіз). Көздері екінші аптаның аяғында ашылады. Пингвиңдер оңтүстік жарты шарда: Антарктида жағалауларынан Австралия, Африка мен Оңтүстік Американың тропикалық ендіктеріне суық ағыстар енетін жерлерінде тараған. Император пингвині (Арtenodytes forteri) - ең ірі түр, бойы 100-120 см, ал салмағы 45 кг-ға жетеді. Антарктида жағалаулары бойында қыстың ортасында ұялайды. Салмағы 500 г болатын жұмыртқаны аналығы аяғының үстіне салып, құрсағының төменгі жағындағы ерекше қатпармен жауып ұстайды. Сонан соң оны аталығы алмастырады, ал аналығы қоректену үшін теңізге кетеді.Аталығы жұмыртқаны шайқау кезінде салмағының 40%-на дейін жоғалтады. Аналығы балапандары жұмыртқадан шығатын кезде оралады және оларды қоректендіреді. Галапогосс пигвин (Spheniscus mendiculus)- тропикада ұялайтын бірден-бір түр. Әсем пингвин (Меgadyptes antipodes) шоғыр құрмайды және әдетте жеке жұп құрып ұялайды. Кіші балпанай (пигвин) (Еиdyptula minor) ұзындығы бар-жоғы 40 см, Австралия жағалауларында мекендейді. Отряд өкілдері Король пингвині (Арtenodytes patagonica), Адели пингвині (Руgoscelis adeliae) және басқалары болып табылады.
Пингвиндер - ежелгі құстар тобы болып табылады, олар Жаңа Зеландия, Австралия және Оңтүстік Американың эоцен қабатынан белгілі. Филогенетикалық жағынан бұл құстар бәрінен бұрын түтіктанаулыларға жақын болуы мүмкін. Дене тұрқы 40 см-ден 120 см-ге дейін (император пингвині) ауытқып отырады. Ұша алмайды, аяқтары қысқа, тұлғаның артына қарай орналасқан, құрлықта епетейсіз қозғалады. Жақсы жүзгіштер, жүзу кезінде су қабатында жіңішке қанаттарымен (ескек тәрізді) қарқынды жұмыс жасайды және аяқтарындағы жарғақшаларының көмегімен әрі құйрығымен бағыттайды. Адели пингвині жұмыртқасын кезектесіп 35 тәулік бойы шайқайды. Балапандары ширақ, денесін мамық басқан, көзі ашық. Пингвиндердің негізгі қорегі - балық, басаяқты моллюскалар және шаянтәрізділер (криль). Қазіргі кезде антропогендік факторлардың әсерінен пингвиндердің саны біртіндеп кемуде. Ең солтүстік түр - галапагосс пингвині Галапагосс аралдарына дейін жетеді. Көптеген балапандар суықтан, аштан және жыртқыш шағалалар - поморниктерден қырылады. Үш тәуліктен соң бірнеше ондаған балапандар топқа («ясли») бірігеді. Топтарды бірнеше ересек құстар байқап жүреді. Пингвиндердің ішіндегі ең ірісі- император пингвині (Aptenodytes forsteri), ол Антарктида жағалауларында мекендейді, аталықтарының салмағы 40 кг-ға, бойы 1,10-1,20 м жетсе, ал аналықтары сәл кішірек болады.
Пингвиндер. Солдан оңға қарай: Импиратор пингвині, адел пингвині, галлопагос пингвині.
Субантарктидада басқа бір пингвин - королъ пингвині (A.patagonica) тіршілік етеді. Майда түрлерге адели, субантарктидалық Магеллан пингвиндерін жатқызуға болады. Алтыншашты пингвиндер - айдарлы Виктория пингвині, аітыншаш, үлкен айдарлы пингвиндер тобына жататын құстардың орташа денелілер (дене тұрқы 75 см-ге дейін). Бұдан бірнеше жыл бұрын Бұл құстардың коллониялары өте үлкен болған-ды, қазіргі кезде де олардың саны біршама көп. Алтыншашты пингвиндерге сарыкөз пингвин жақын, ол Жаңа Зеландияның Оңтүстік аралында және Стьюарт, Кемпбелла, Окленд аралдарында таралған. Ең майда пингвиндер (бар-жоғы 40 см) - кіші және аққанатты пингвиндер, Бұлар Австралияға жақын теңіздерде мекендейді. Галапагосс пингвині (Speniscus mendiculus) ХТҚО-ң Қызыл кітабына тіркелген.
Достарыңызбен бөлісу: |