Өзіндік сұрақтары:
1.Ұрықтың дамуы қалай жүреді?
2.Жыныстық диморфизм қалай байқалады?
№11 лекция.
Құстардың систематикасы. Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті -Neognathae
Жоспар:
1. Құстардың систематикасы
2.Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті
3.Шөлді дала құстары
Лекция мақсаты: Құстардың ситематикасымен таныстыру, түйеқұс тәрізділер жөнінде түсінік беру.
Лекция мазмұны: Қазіргі кезде дүние жүзінде кездесетін құстардың 9 мыңға (8600) жуық түрі, 33 отрядқа біріктірілген. Құстар класы, төмендегідей екі класс тармағына бөлінеді:
1. Ежелгі құстар немесе кесіртке құйрықтылар
2. Нағыз құстар немесе желпуішқұйрықтылар.
Ежелгі құстар тармағына құстардың бір ғана түрі археоптерикстер, жатады. Олардың жер қабатынан, қаңқасы мен қауырсындарының тас бетінде сақталған таңбасы ғана табылған. Нағыз құстар тармағы, өз кезегінде төмендегідей төрт отряд үсті тармағына бөлінеді:
1. Тісті құстар (гесперорнистер);
2. Ихтиорнистер;
3. Жүзетін құстар (пингвиндер);
4. Кәдімгі құстар.
Алғашқы екі отряд үсті тармағы (тісті құстар-гесперорнистер және ихтиорнистер) қазіргі кезде, жер бетінде кездеспейді. Жүзетін құстарға бір ғана отряд - пингвиндер жатады. Кәдімгі құстарды екі топқа бөлуге болады: қырсыз төстілер және қырлы төстілер. Қырсыз төстілерге, құстардың төмендегідей 6 отряды жатады:
1. Африка түйеқұстары;
2. Нанду тәрізділер;
3. Казуартәрізділер;
4. Кивнтәрізділер;
5. Эпиорнистәрзділер;
6. Моатәрізділер.
Соңғы екі отрядтың өкілдері, қазіргі кезде жер бетінде тіршілік етпейді. Эпиорнистәрізділер - ірі, страусқа ұқсайтын құстар болған олар Мадагаскар аралдарында өмір сүрген. Моатәрізділер - ірі (400 кг дейін) және майда, страусқа ұқсайтын, Жаңа Зеландияда өмір сүрген құстар. Эпиорнистәрізділер де, моатәрізділер де, біздің заманымызда (соңғы екі мың жылдықта) өмір сүрген құстар. Қырлы тістілерге жататын 23 отрядтың ішінде, жалғыз отрядтың - диатримотәрізділердің өкілдері ғана, қазіргі кезде жер бетінде тірішілік етпейді. Диатримотәрізділер - өте ірі, ұшпайтын құстар болған, олардың қаңқасы ғана табылған.
Кесірткеқұйрықты, немесе Ежелгі құстар кластармағы –Агсһаеоrпіthes Желпуішқұйрықты, немесе Нағыз құстар кластармағы -Neогпіtһеs
Тісті құстар отрядүсті - Оdоntognathae
Ихтиорнистер отрядүсті – Ісhthyornithes
Жүзгіш құстар отрядүсті — Іmpennes
Пингвинтәрізділер отряды - Sphenisciformes
Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті -Neognathae
Африка түйеқұстары отряды - Struthioniformes
Нандутәрізділер отряды - Rheiformes
Қазуартәрізділер отряды - Саsuariiformes
Эпиорнистәрізділер отряды - Аеpyornithiformes
Моатәрізділер отряды - Dinornithiformes
Кивитәрізділер отряды - Арterygiformes
Тинамутәрізділер отряды - Тіпаmiformes
Маймаққаздар, не Гагаратәрізділер отряды -Gaviformes
Сұқсыртәрізділер отряды - Рodicipediformes
Түтіктұмсықтылар, немесе Дауылпаздар отряды -Ргосеllariiformes
Бірқазантәрізділер, немесе Ескекаяқтылар отряды –Реlecaniformes
Ләйлектәрізділер (дегелектәрізділер), немесе Сирақтылар отряды – Сісопiiformes
Қазтәрізділер отряды – Апseriformes
Сұңқартәрізділер, немесе Күндізгі жыртқыштар отряды- Ғаiconiformes .
Тауықтәрізділер отряды — Galliformes
Тырнатәрізділер отряды -Gruiformes
Диатримотәрізділер отряды — Diatrymiformes
Татреңтәрізділер отряды - Сһаradriiformes
Кептертәрізділер отряды - Соlumbiformes
Тотытәрізділер отряды -Psittaciformes
Көкектәрізділер отряды -Cuculiformes
Жапалақтәрізділер отряды -Strigiformes
Тентекқұстар отряды - Сарrimulgiformes
Үзынқанатгылар отряды -Apodiformes
Көкқарғатәрізділер отряды -Caraciiformes
Тоқылдақтар отряды - Рісiformes
Торғайтәрізділер отряды - Раsseriformes
Желпуішқұйрықты, немесе нағыз құстар кластармағы - Neornithes
Қазіргі кәдімгі құстар бейнелі. Бір ескеретіні, тістері толық жойылған және мүйізді тұмсықпен алмасқан. Ми сауыты үлкен, самай шұңқыры көзшарасымен қосылып кеткен. Мойын омыртқалары гетероцельді, буын беті ершіктәрізді. Құйрығы күрт қысқарған, ал құйрық омыртқалары пигостильмен бірігіп кеткен, оған бағыттаушы қауырсындар бекиді. Қанатында үшінші саусақ жойылған, кәдімгі құстардың қанат қаңқасы қалыптасады. Жамбас сүйектері біріккен, жамбасы — ашық. Төссүйегінде қыры болады, жіліншігінің дамуы аяқталады, құрсақ қабырғалар жойылады. Юра кезеңіндегі қарапайым желпуішқұйрықты құстар әзірге табылмаған, бірақ ол кезеңде олар тіршілік еткен
Кәдімгі, немесе Жаңатаңдайлы құстар отрядүсті — Neognathae
Бордың аяғында, шамамен 70-40 млн жыл бұрын, желпуіш-құйрықты құстарда қарқынды түрде бейімдеушілік радиациясы жүрді, нәтижесінде көптеген қазіргі отрядтар пайда болды. Плейстоценде көптеген ежелгі құстардың тобы жойылды. Үшінші кезең басталысымен құстар фаунасында күрт өзгерістер жүрді. Кайнозойда құстардың гүлденуі сол эрада жабықтұқымды өсімдіктер мен насекомдардың гүлденуімен сәйкес келеді. Қоректік қордың ұлғаюы жаңа қоректік байланыстардың қалыптасуына жағдай жасады және осыған орай құстардың қарқынды түр түзілуін қам-тамасыз етті. Жаңатаңдайлы құстар авифаунасының қазіргі келбеті төменгі плейстоценде қалыптасты. Бұған кәдімгі құстар, қазіргі саны 8500-ге жуық, жатады. Олар үшін қалыпты дамыған жинақты желпуіші бар жабынды қауырсындар тән. Оларға "жаңа" типті таңдай тән, яғни қанаттәрізді сүйектердің таңдай, кішкентай өре және қос буынды шаршы сүйекпен қозғалмалы байланысы тән.
Шөлді дала құстары. Бұларға - түйеқұстар, дуадақтар, және т.б. жатады. Бұл типке жататын құстар өсімдігі аз, әрі сирек ашық даланы мекен өтеді. Осы тіршілік жағдайында пайда болған ерекшеліктеріне қарай бұл топқа жататын құстар жүрдек және тез ұшатын құстар деп екіге белінеді.
Тез ұшатын құстарға шіл және қылқұйрықтар жатады. Дене мөлшері орташа, аяғы қысқа, қанаты өте ұзын, сүйір болатын құстар. Қауіп тенгенде жерге бауырын тесеп жата қалады.
Африка түйеқұстары отряды - Struthioniformes
Отрядта қазіргі кезде тіршілік ететін бір түр - Африка түйеқұсы (Struthio camelus) жатады, ол Африканың далалары мен шөлейтті жерлерінде мекендейді. Төрттік кезеңде бұған жақын түрлер Кіші және Орталық Азияда, оның ішінде Қазақстанда, Шығыс Европада тіршілік еткен. Бұл қазіргі құстардың ішіндегі ең ірісі, массасы 75-90 кг және бойы 270 см-ге дейін жетеді. Ұшпайды, бірақ жақсы жүгіретін құстар. Түйеқұстың мойны ұзын, кішкентай басы жалпақ. Қауырсындануы борпылдақ, қауырсындары бүкіл денесінде бірдей өседі, яғни аптерия мен птерилия жоқ (балапандарында бұлар болады). Қауырсындары шашақты, жинақы желпуіш түзбейді: ілгекшелерінің болмауына байланысты 2-ші қатарлы мұртшалар бір-бірімен ілінбейді. Мойны мамықпен жабылған, аяқтары қауырсынданбаған. Кейбір динозаврлар сияқты, терісінде төс сүйелі болады. Қаңқасында ауа қуыстары жоқ, тек ортан жілікте ғана болады. Бұлар үшін төстің кішкентай болуы тән, қыр сүйегі болмайды және төс бұлшықеті де нашар дамыған.
Коракоид пен жауырын өте кішкентай және бір сүйекке бірігіп кеткен. Алдыңғы аяқтарының қаңқасы жетілмеген, айыр сүйек жойылған.
Жамбасы жабық, симфизді шат сүйектері құрайды. Артқы аяқтарында бар-жоғы екі саусағы болады. Ішегі ұзын, етті қарынның кутикуласы қалың. Қатқьл өсімдіктермен қоректенеді, кейде майда кеміргіштер, рептилия мен насекомдарды ұстап, жейді. Аталықтары мен аналықтарының көбею кезеңіндегі қарым-қатынасы осы күнге дейін белгісіз: бір деректер бойынша олар полигамдар (үйірде 6-ға дейін аналық болады), басқаларында - моногамдар. Ұяны аталығы жасайды. Оған бірнеше аналықтары, әрқайсысы 7-9-дан жұмыртқа салады. Ұяда нәтижесінде 15-20-дан (Солтүстік Африка) 50-60-қа дейін (Шығыс Африка) жұмыртқа болады. Жұмыртқаның салмағы 1,5 кг-н 2 кг-ға жетеді. Түнде жұмыртқаларды аталығы, күндіз аналығы шайқайды. Балапандары ширақ: мамықпен жабылған әрі көзі ашық. Ұрпақтарына қамқорлықты аталығы жасайды. Ұялаудан басқа кезде кішірек топ құрып тіршілік етеді. Қазақстанда қолда өсіріледі.
Нандутәрізділер отряды - Rheiformes
Отрядқа қазір тіршілік ететін түйеқұсқа ұқсас екі түр жатады, олар Оңтүстік Американың саванналары мен шөлейтті жерлерін мекендейді. Бойы 150 см-дей, салмағы 30-50 кг-дай, Түйеқұстарға қарағанда қанаты азды-көпті жетілген, бірақ ұша алмайды. Жақсы жүгіреді әрі жүзеді. Қауырсындары бос, шашақты, аптерия мен птерилия түзбейді. Басы мен ұзын мойны майда қауырсындармен жабылған, бағыттаушы қауырсындары болмайды. Қаңқасында ауа қуыстары жоқ. Төсі жалпақ, қыры жоқ, бұғанасының бастамасы ғана бар.
Жамбасы жабық, симфиз шонданай сүйектерінен пайда болған, құймышақ сүйек анық байқалмайды. Африка түйеқұстарынан ерекшелігі артқы аяқтары ұшсаусақты, етті қарынның бұлшық еті онша күшті емес және ішегі біршама қысқа. Қорегі - жапырақтар, өркендер, кесірткелер мен омыртқасыздар. Полигамдар: аталығының айналасында 3-тен 7-ге дейін аналықтары болады, олар жұмыртқаларын бәріне ортақ бір ұяға салады. Ұяда 13-тен 26-ға дейін жұмыртқа болады. Жұмыртқаны шайқайтын және ұрпағына қамқорлық жасайтын аталығы. Кәдімгі нанду (Rһеа атеrісапа) Бразилия мен Аргентинаның далаларында мекендейді, Дарвин нандуы (Rһеа реппаtа) Патагония мен Андтың таулы далаларында тараған. Қазақстанда қолда өсіріледі.
Қазуартәрізділер отряды — Саsиаrііоfoгmеs
Африка түйеқұстарына ұқсас Австралия зоогеографиялық облысының ұшпайтын құстары. Олардың қанаттары өте күшті редукцияға ұшыраған және сыртынан байқалмайды, үшсаусақты аяқтары салыстырмалы түрде қысқа. Қауырсындары екі бұтақты: қауырсынның қосымша сояуының мөлшері негізгі сабақтай. Басы шамалы қауырсынданған. 4 түрі белгілі. Дулығалы, немесе кәдімгі қазуар (Саsиаrіиs саsuаrіus) Жаңа Гвинея мен Австралияның қалың тропикалық ормандарын мекендеуші. Бұл құстьң салмағы 80 кг-ға, бойы150 см-ге жетеді. Қазуардың басы мен мойны жалаңаш, ашық түсті, басында мүйізді "дулығасы" болады және тұмсығы бүйірінен қысыңқы. Бірінші дәрежелі қақпа қауырсындары (6-8) ұзын әрі жуан мүйізді сояуға айналған. Жекелеп және аздаған топ құрып тіршілік етеді. Қорегі - жемістер. Моногамдар: мүк пен жапырақтан аталығы жасаған ұяға аналығы -3-тен 5-ке дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаны шайқау және ұрпақтарына қамқорлық жасау аталығының мойнында болуы мүмкін. Эму (Dromiceus поvаеһоllапdiae) Австралия мен Тасманияның далалары мен бұталы шөлдерінде мекендейді. Салмағы 40-55 кг-ға, бойы 170 см-ге жетеді. Қазуардан ерекшелігі тұмсығы жалпақ, басы қауырсынды. Өсімдіктердің вегетативтік бөлімдерімен қоректенеді. 4-6 құстан тұратын кішкентай топ құрып жүреді. Эму негізінен моногамды құстар. Аталығы шөп және бұтақтардан ұя жасайды. Ұяда 10-ға жуық жұмыртқа болады, оларды аталығы шайқайды, ол балапандарын ілестіріп жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |