Өзіндік сұрақтары:
1.Зәр шығару жолдары?
2.Құстардағы зәр шығару жүйесіндегі ерекшеліктер?
№9 лекция
Құстардың көбею органдары құрылысы
Жоспар:
1.Құстардың көбею органдары.
2.Жұмыртқаның сыртқы және ішкі құрылысы
Лекция мақсаты: Құстардың көбею органдарымен, жұмыртқаның құрылысымен таныстыру.
Лекция мазмұны: Құстар дара жынысты жануарлар және олардың арасынан гермафродитизм байқалмаған. барлық құстар тек жұмыртқа салушылар және оларда тірі жұмыртқа туатын әрі тірі туатын түрлері жоқ. Аталықтарында кішкене келген жұп тұқым безі болады, олар күйойнақ кезінде 1000 есеге дейін үлкейеді. тұқым жолының алғашқы бөлімі мезанефростың қалдығы (тұқым безінің қосалқысы) болп табылады, ал тұқым жолының өзі – Вольф өзегі тек бір ғана қызмет атқарады, яғни аталық жыныс өнімдерін өткізеді. Клоакаға кірер алдында тұқым жолы аздап кеңейіп, тұқым көпіршігін түзейді, ол жерде пісіп-жетілген сперматозоидтар жиналады. Көптеген құстарда пенис (аталық жыныс мүшесі) болмайды, ал шағылысу бір-бірінің клоакаларын түйістіру арқылы жүреді. Бірақ құстар, тинаму, қазтәрізділер және басқаларында клоаканың үстіңгі бүртігі бар нағыз шағылысу қосалқысы болады және оларда шағылысу аналығының клоакасына аталығының пенисінің кіруі арқылы жүзеге асады. Тұқым көпіршіктері клоакаға зәр шығару саңылауынан сәл алшақ орналасқан жыныс саңылауы арқылы ашылады.
Құстардың көбею жүйесі. Жұп бұршақтәрізді тұқым бездері бүйректің алдыңғы ұшы деңгейінде шажырқайда ілініп тұрады.
Маусымға байланысты олардың мөлшері өте күшті өзгеріп тұрады. Мысалы, көбею кезінде, тыныштық күйге қарағанда олардың көлемі 300-1000 есе өседі. Әрбір тұқым безінің ішкі шетіне эмбрионның мезонефридиалық бүйрегінің қалдығы - тұқым безінің қосалқысы жабысып жатады. Құстарда соңғысының пішіні сопақша және өте жақсы жетілген. Тұқым безінің әр қосалқысынан жұқа тұқым жолы (вольф өзегіне сәйкес) басталады, ол клоакаға құйылар жерде кеңейіп тұқым көпіршігін түзейді, онда пісіп жетілген сперматазойдтары жиналады. Шағылысу мүшесі тақ клоака қабырғасының айналасын учаскесі тек аздағн түрлерде – түйеқұстарда – страустарда, тинамуда, қаз тәрізділерде болады. Басқа құстарда ұрықтану аталық клоакасын аналық клоакасына жабыстыру арқылы жүреді. Аналығының жыныс жүйесі құрлық омыртқалыларының басқа кластары өкілдерінен тек сол жұмыртқа безінің болуымен ерекшеленеді.
Жүзімтәрізді жұмыртқа безі сол бүйрек тұсында ілініп тұрады.Жыл маусымына байланысты сары уызға бай жұмыртқа безі мөлшері өте күшті өзгереді.Жұмыртқа жолының астыңғы ұшы клокаға ашылса, ал жоғарғы ұшы, жұмыртқа безінің ортаңғы бөлімінде жатады, шанақпен дене куысына ашылады.Нағыз жұмыртқа безі бірнеше бөліктерден: белок, түтікті қылта, жатыр және қынаптан тұрады.
Көбею алдында ооциттер өздеріне сары уызды жинап, мөлшері өте үлкееді. Пісіп-жетілген жұмыртқа клеткасы фолликул қабырғасын жарып дене қуысына, одан өте үлкейген шанақпен ұсталып, жұмыртқа жолына түседі. Ұрықтану жұмыртқа жолының алғашқы бөлігінде жүреді. Осыдан кейін жұмыртқа клеткасы жұмыртқа жолы қабырғаларының жиырылуы нәтижесінде белоктық бөлімге ауысады. Бұл бөлім ұзына бойына белок бөлетін бездерге бай болады, ол өтіп бара жатқан жұмыртқаны қалың қабатпен қаптайды. Қалыптасудың келесі сатысында белок айналасында екі известті қабық (скорлупа) асты-ішкі және сыртқы-қабықтар түзіледі. Бұл жұқа түтікті қылтада жүреді. Келесі бірнеше сағатта “ісіну” процессі жүзеге асады. Бұл кезде қабық арқылы жұмыртқаға су мен тұздар өтеді. Ісіну кезеңі маңызды саты, одан соң ұзақтығы 12-ден 25 сағатқа дейін созылатын басты процесс-жатырда известті қабық тұзіледі. Жатыр-скорлупа және пигментті бездерге бай бөлім. Жұмыртқа қалыптасуының соңғы сатысында кальциленген және боялған скорлупаның кутикулярлы қабат қаптайды. Кутикуланың қызметі-жұмыртқаға бактерияның енуінен сақтау. Қынап-жұмыртқа жолының қысқа бөлімі-бұлшық етпен жабдықталған. Одан жұмыртқа клоакаға түседі және ары сыртқа шығу уақыты 12-ден 48 сағатқа дейін созылады.
Жоғарыда сипаттаудан білетініміз жұмыртқа дегеніміз сарыуыз. Жұмыртқаны толықтыратын басқа түзілістер оның қабықтары, оларды жұмыртқа безі емес, жұмыртқа жолы өндіреді. Пісіп – жетілген жұмыртқа жуан концентрлі уыз қабаттарынан тұрады, олардың арасында жұқа ақ сары уыз қабаттары орналасады. Сары уыздың анимальды полюсінде ядро мен протоплазмадан тұратын ұрық дискісі болады. Сарыуыз қоректік заттар мен судың қоры болып табылады, олар өсіп келе жатқан эмбрионға жұмсалады. Мысалы, тауық жұмыртқасының сарыуызы 50 % судан, 23% майдан, 16% протеиндерден, 11% липоидтардан тұрады. Ақуыз жартылай сұйық күйде болады. Ол нағыз жұмыртқаны, яғни саруызды механикалық соққыдан қорғайды, сонымен қатар судың маңызды көзі болып табылады. Тауық ақуызының құрамы 87 % судан, 12 % протеиннен, 1 % басқа заттардан тұрады.
Жұқа скорлупаасты қабықтары жұмыртқаның дөңгелек жағында ажыратылып, ауа камерасын түзейді. Ішкі скорлупаасты қабықтардан сарыуызға тығыз ақуыздың шумақталған жіпшелері – халаза барады. Оралмалы халазада еркін айналатын сарыуыз жұмыртқаның кез келген қалпында ұрық дискісін жоғары жақта ұстап тұрады. Скорлупа, негізінен, көмірқышқыл кальцийден (89-97%) және ағзадан басқа тұздар мен органикалық заттардан тұрады. Скорлупаның негізгі маңызы жұмыртқаны механикалық зақымдаудан қорғау. Оны тесіп өтетін майда тесіктер, оттегінің дамушы ұрыққа түсуін қамтамасыз етеді. Ұрықтың дамуына қарай, скорлупадағы тұздардың бір бөлігі қантасымалдау арнасына өтеді және қаңқаның қалыптасуына пайдаланылады.
Құстардың өсімталдығы бауырмен жорғалаушылармен салыстырғанда төмен, бұл эмбриональды және постэмбриональды өлім-жітімге ұшыраудың төмен болуына және ұрпағына қамқорлық жасауына байланысты. Мысалы, ірі жыртқыштар, қайралар, колибрлер бір жұмыртқа, бұлдырықтар мен шағалалар – үшеу, торғайтәрізділер - 5-8, үйректер 6-14 жұмыртқа туады. Ең көп жұмыртқа салатындар сұр шіл мен бөдене. Балапандарының жетіліп шығу дәрежесіне қарай барлық құстарды екі топқа – ширақ балапандылар (матуронатты) және қызылшақа балапандылар (имматуронатты) деп бөлуге болады. Ширақ балапандылардың денесін мамық басқан, көзі ашылған. Кебе сала олар жақсы жүгіреді, су құстарының балапандары жүзеді және тіпті сүңгиді, өз бетінше қорек іздейді. Бұл топқа қазтәрізділер, тауықтәрізділер, тырналар, дудақтар және басқалары жатады. Қызылшақа балапандар жұмыртқадан жәрдемсіз, көзі ашылмаған, жалаңаш немесе әлсіз мамықтанып шығады. Ұядағы кезеңнің бірінші жартысында олар пойкилотермділер. Сол себепті ересек құстар балапандарын қарқынды түрде жылытады және қоректендіреді. Бұл топқа торғайтәрізділер, кептертәрізділер, тоқылдақтәріз ділер, бірқазантәрізділер және басқалары жатады. Көптеген құстар аралық топты құрайды. Маймақ қаздар мен сұқсыр үйректердің балапандары жұмыртқадан денесін мамық бпсқан, көзі ашық болып шығады, олар жақсы жүзеді және сүңгиді, бірақ ата – аналары оларды қанатына қонғанша қоректендіреді, ал шағалалар тіпті ұшып кеткеннен кейін де қоректендіре береді.
Жұмыртқаның сыртқы және ішкі құрылысы. Жұмыртқа ақуыздан (белок), сарыуыздан және қатты қабықтан тұрады. Қатты қабық көмірқышқыл тұздары мен фосфорлы қышқыл известтен және жіпшелер түрінде жұмыртқа тірегін түзейтін органикалық заттан қалыптасады. Жұмыртқа бетінде өте майда тесіктер болады, олар қатты қабықты тесіп өтетін өзекшелерге барады. Жаңа шыққан жұмыртқаны жауып жататын мұндай беттік жарғақты қатты қабық үсті қабықша деп атайды, ол ауа өткізеді, бірақ микробтар енуіне кедергі келтіреді. Қатты қабық астында қос қабатты қабық орналасады, бұлардың арасында жұмыртқаның доғал ұшында ауа камерасы (қуысы) болады. Сарыуызды қоршап жатқан белок өзінің құрамы бойынша біртекті емес, әсіресе сарыуыз айналасында тығыз және осы тығыз белоктан жұмыртқаның полюстеріне қарай аяқбаутәрізді түзінді -халаза созылып жатады, ол сарыуызды жұмыртқаның орта деңгейінде ұстап тұрады. Сарыуызда өзінің құрылысы жағынан біртекті емес және одан сары және ақ сарыуызды қабаттарын ажыратуға болады. Қоқиқаз немесе бірқазандар сияқты су құстарының жұмыртқаларының қатты қабығы кеуекті известь қабатпен қапталған (ылғалдылыққа және су тиюге бейімдеушілік).
Достарыңызбен бөлісу: |