Психодрама. Психодраманың негізін құрған Якоб Морено. Ол бірінші болып драматикалық әдістемені жеке тұлға проблемаларын, түс көруін, арман-мұңын, мазасыздануын зерттеуге пайдаланды. Венада «ішкі сезім театрын (спонтандық театр)» ашты. Өйткені оның пікірі бойынша драмалық жағдайлар көмегімен психотерапевтикалық мәселелерді шешуге мүмкіншілік туады және психодраманың сөздік қатынас алдында көптеген өзіне тән ұтымдық жерлері бар екенін дәлелдеді. Драматизация барысында адамның мұңын зерттеу тездетіледі және жаңа мінез-құлық негізінде қатынастар құруды жеделдетеді.
Психодраманың негізгі ұғымдарырольдік ойын, спонтандық, теле, катарсис, инсайт. Основные роли в психодраме – режиссер (выступает продюсером, терапевтом и аналитиком), протагонист, «вспомогательное Я» и аудитория.
Теле (Морено бойынша сезім білдірудегі клиентпен жүргізуші арасындағы екі жақтық процесс. Мореноның анықтамасы бойынша Теле – ол адамдардың бір-бірінің сезіміне енуі арқылы түсінуі). «Теле» деген ерекше эмоционалдық байланыс арқылы барлық «эмоционалдық жағдайды тасымалдау, контратасымалдау және эмпатия» көрінісі. Егер эмпатия біржақты басқа адамның эмоционалдық жағдайын терең сезіну болса, теле – екі жақтың бір-біріне эмпатия білдіруі және алмасуы болып табылады. Теле оң белгідегі сезіммен (позитивтік теле) қатар теріс белгіде (негативтік теле) болуы мүмкін.
Катарсис. Аристотель Берген анықтама бойынша катарсис деген сезімге Жан түршігетін сезімге бөлену арқылы жан дүниені тазарту. Фрейдтің анықтамасы да осы мағнаны береді. Морено бұл ұғымның мағнасын кеңейтіп, оның әсері тек көрермендерге ғана емес, актерларғада ортақ екенін дәлелдеді. Оның айтуынша психодраманың емдік амалы көрермендерге бағытталған әсерінен (екіншілік катарсис), «драманы ойнап жүріп күйзеліс жағдайдан өзін босататын» актердің өзіне деген әсері емдік әсері зор екенін көрсетті. Сонымен қатар антикалық трағедияларда катарсис, талдауға қарағанда, екінші орында тұрса, психодрамада катарсиса бірінші ретке шығады да, оның емдік мәні сценарийіне қарағанда маңызды орынға ие болады.
Инсайт. Танымның бұл түрі проблеманы бірден шешуге немесе оны жете түсінуге алып келеді. Инсайт деген бірден көзі жарқырап ашылу, нұрлану. Психодраманың мақсаты катарсис және инсайттың барынша көрініс бергізу арқылы топтық климатты жандандыру.
Психодрама техникалары.
А. Монолог – кейіпкердің өз ойы мен сезімін аудиторияға және өзіне жеткізуге арнаған сөзі. Монолог арқылы сөз сөйлеуші өзінің әсерленген қайғы-қасіретіне басқалардың көзімен қарап, өзінің сахналық кейіпкеріне қатынасушылардың әсерленгенін зерттеуге мүмкіндік береді. Монолог әдістемесі айқын байқалатын және бүркемелі сезімдер арасындағы қайшылықтарды зерттеуде ерекше мүмкіндік туғызады.
Б. Ұқсас, немесе екінші Мен, - талданып жатқан адамның орнын басуға дайын қатысушы. Егер бас кейіпкер өз әрекетін одан әрі жалғастыра алмай қалса, оған ұқсас болған қатысушы жәрдемге келеді. Кей кезде психодрама барысында «Ұқсас» негізгі кейіпкердің «ішкі дауысының» ролін атқарып, оның құпия сезімдері мен ойларын басқаларға жеткізеді. Бұл жағдайда өз ойын дәлірек жеткізу өте маңызды, сонымен қатар «қосалқы Мен» жағдайды өзінше қалай түсінгенін және оған көзқарасын білдіреді.
Г. Бейнелеу рольдерін алмастыру әдістемесімен тығыз байланысты. Режиссер бас кейіпкерді «кейінгі қатарға» уақытша ауысып, оның ролін ұқсас дублері орындағанын байқауды сұранады. Бейнелеу әдістемесі бас кейіпкерге оны басқалар қалай қабылдайтынын түсу арқылы өзінің әлі пайдаланылмаған мүмкіндіктерін толық ашуға көмектеседі.
«Ұқсаспен монолог» жаттығуы.
Қатысушылардың біреуі ортаға шығып сөз сөйлейді. Монологта өзінің ойлары, сезімдері, қайғы-қасіреті туралы айтылады. Ол сөзбен сөйлеуші өзінің ішкі сезімін, толғанысын басқаларға жеткізуге арналған. Сондықтан ол алдын-ала даярланған емес, сол жердегі келген ойды білдіру тәсілі болғаны дұрыс.. Сөз алған Адам бөлме ішінде әрі-бері жүріп, ол бөлмеде өзінен басқа ешкім жоқтай болып сезінгені дұрыс болады.
Бірнеше минуттан соң қатынасушылардың біреуі өз еркімен ортаға шығып, сөз сөйлеушінің артына тұрып, оның дене қалпы мен қимылын, мимикасын, қылықтарын толық қайталайды. Сөз сөйлеушіге ешқендай кедергі жасамастан тек вербалдық емес қылықтарды қайталау керек. Бірнеше минуттан кейін «көлеңке» ролін басқа Адам орындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |