Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет47/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Клиникасы: тыныс демікпесінің ұстауы алдында, жоғарғы тыныс жолдарының катаралдық құбылыстары: түшкіру, жөтелу, кейде дененің аллергиялық бөртпе пайда болады. Кейде ауру ұстар алдында бала мазасызданады, тез шаршап, басының ауыратынын айтады. Тыныс демікпесі көбіне түнде ұстайды. Экспиратрлық демікпе өрши түседі, цианоз пайда болып алқынып демалады. Бала төсекте тыныс алу үшін қолайлы жағдайға көшуге тырысады, қолына сүйеніп, кеудесін көтеріп отырады. Кеуде қуысы керіліп, бөшке сияқты формаға ие болады. Тыңдағанда әртүрлі ысқырықты, құрғақ, ылғалды сырылдар естіледі. Дағдылы жағдайда тыныс демікпесі бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылады.

Диагностикасы: Жалпы қан анализінде аздаған эозинофилия, қанда тромбоцитопения, лейкопения болуы мүмкін. Жалпы қақырық анализінде эозинофил, лейкоциттер, сілемей, Шарко-Лейден кристалдары (ромб, октаэдр пішінде кристалдар), Куршман спиралдары (спираль тәрізді кілегей) анықталады. Спирометрияда өкпенің өмірлік көлемінің азаюы байқалады.

Емі:
1. Ұстама кезінде сальбутамол аэрозолын 1 дозадан 20 мин сайын 3 рет спейсер арқылы ауызына шашады, егер әсері болмаса адреналин ертіндісін небулайзар арқылы беред. Ұстама басылмаса стериойдты глюкокортикоидтар (преднизолон), ауыр ұстамада эуфиллин ертінділерісі көк тамырға егіледі; оксигенотерапия жүргізіледі.
2.Ұстамадан тыс кезеңінде сəйкес базистік емді таңдалып, сатылы түрде емделеді (беклометазон, флютиказон, салметерол ингаляторлары); жабысқақ қақырық болса қақырық жібітетін дәрілер, егер іріңді қақырық болса антибактериальды ем беріледі.
3. Дəрі-дəрмексіз ем: 
- антигендік режим;
- гипоаллергендік диета;
- дренаждық функцияны жақсарту жəне бронх терегін санациялау үшін массаж жəне ЕДШ қолданылады.

Профилактикалық шаралар:
Балаларда бронх демікпесі асқынуларының профилактикасы себептік маңызды аллергендермен қатынасты, аллергиялық емес триггерлерді жою негізінде құрылады, мүмкін болса толық элиминацияда:
- вирусты, бактериалды, саңырауқұлақты инфекциялар пофилактикасы;
- мұздауды болдырмау;
- организмді шынықтыру;
- диспансерлік бақылау реттілігі ауру кезеңінің ауырлығына байланысты, ремиссия кезінде 6 айда бір рет, орташа ауырлықта 3 айда бір рет.


Туберкулез
Туберкулез - микобактериялармен туғызылатын, мүшелерде, өкпеде арнаулы гранулемалардың пайда болуымен сипатталатын балалардың созылмалы инфекциялық ауруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет