Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»


Бронхит – бронхтардың қабынуы. Көбіне вирустармен кейде микробтармен (стафилококк, стрептококк, пневмококк) туғызылады. Клиникасы



бет44/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Бронхит – бронхтардың қабынуы. Көбіне вирустармен кейде микробтармен (стафилококк, стрептококк, пневмококк) туғызылады.
Клиникасы: ауру баяу, баланың жалпы жағдайның бұзылуынан басталады, дене қызуы көтеріледі, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді, әуелі құрғақ онан кейін жұмсақ жөтел пайда болады, жөтел баланы көбіне түнде мазалайды. Баланы тыңдағанда өкпеде құрғақ ысқырық, ызылдаған сырылдар естіледі. Емделген бала 4-5 күнде жазылып кетеді. Рахитпен, диатезбен, гиптрофиямен ауыратын балаларда бронхит созылмалы болып келеді, кейде өкпе қабынуымен асқынуы мүмкін. Кейде бронхиоллалар қабынған кезде, баланың жағдайы ауырлап, ептігіп, бала минутына 60-80 рет дем алады, ауыз-мұрын үшбұрышы көгеріп, танауы желпілдеп (керіліп) құсуы мүмкін.
Емдеу және күтуі:
1.Баланы төсекке жатқызып, жасына сәйкес тамақтандыру керек.
2.Бала жатқан бөлмені жиі желдетіп, жуып тұрған жөн.
3.Баланың тері, шырышты қабықтарын таза ұстау керек (мұрын, ауыз қуысын, көзін).
4.Қақырықты жібітетін муколитиктер беру керек: алтей тамырының, термопсистің, киікотының (дущица) қайнатпалары, бромгексин, мукалтин, амброксол және т.б
5.Витаминдер А, С, В беру
6. бронх обструкциясы кезінде сальбутамолдың аэрозолы.
7. физотерапия.
8.2 тақырып. Жедел пневмония.

Пневмония - өкпе паренхимасының жедел инфекциялы-қабыну ауруы.
Этиологиясы: әртүрлі инфекциялар, бактериялар (пневмокок, стрептокок, стафилокок) және вирустар.
Балалардың өкпе қабынуымен жиі ауруына келесі факторлар себепкер болады: бала организмінің реактивтігінің төмендеуі(қажып шаршау ,нашар тамақтану), анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, фондық аурулар (мешел,анемия,аллергиялық диатез,гипотрафия), шала туу.
Пневмониялардың жіктелуі
Пайда болуына байланысты:

  1. Ауруханадан тыс

  2. Аурухана ішілік

  3. Құрсақ ішілік, иммунодефицитпен туған балаларда

  4. Аспирациялық, энцефалопатиямен туған балаларда




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет