Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет46/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Ауруға күтім өткізу:
1. Бөлмені кең желдету.
2. Ауруға төсекте көтеріңкі жағдай жасау
3. Кішкене балаларды бос жөргектеу
4. Төсек орны мен іш киім тазалығын сақтау
5. терінің ,шырышты қабықтың тазалығын сақтап, кішкене балаларда базданудың алдын алу.
6. Көбірек қолға алу,төсектегі жағдайын жиі өзгерту.
7. Жұқпалы аурулардан аулақ ұстау.


Өкпе қабынудың профилактикасы:
1. Күн тәртібін сақтау,таза ауада серуендеу.
2. Жасына сәйкес дұрыс витаминді тамақ беру.
3. Бала организмін туғаннан шынықтыру.
4. Фондық аурулардан сақтандыру,оларды уақтылы емдеу
5. Қатты суықтанудан сақтандыру.


8.3 тақырып. Бронх демікпесі
8.4 тақырып. Муковисцидоз. Балалардағы өкпе туберкулезі.

Бронх демікпесі
Бронх демікпесі (БД) – басты патогенетикалық механизмі қабынумен негізделген бронхтардың гипербелсенділігі, ал клиникалық көрінісі – бронхтық спазм, гипербөлініс жəне бронхтың сілемейлі қабығының ісінуінен болған, тұншығу ұстамасы (экспираторлы сипаттағы) болатын бронх қабырғаларының созылмалы инфекциялық-аллергиялық қабынуы.
Балалардағы БД - үнемі немесе жүйелі түрде пайда болатын жөтел мен көбінесі түнгі жəне таңертеңгілік уақыттағы ысқырық демді қиындаған тыныс алумен сипатталады.

Жіктемесі:
1. Себептері бойынша: атопиялық, атопиялық емес
2. Ауырлығы бойынша: интермиттеуші (интермиттирующая), жеңіл персистенті (персистирующая), орта ауырлықты персистенті, ауыр персистенті;
3. Ағым фазасы бойынша: өршу, бəсеңдеген өршу, оңалу.
Этиологиясы: қазіргі кезде аллергиялық ауру деп саналады. Бұл аурудың бел алуына себепші болатын факторларға әртүрлі жұқпалы аурулар, тұрмыс жағдайының қолайсыздығы, емізу мен тамақтану режимінің бұзылуына жатады. Ауру әртүлі психикалық жағдайлардан кейін ұстай бастауы мүмкін. Бұлар пәтердегі шаң, ағаштың, гүлдің, шөптің тозаңдары т.б. Организмге аллергендердің түсуіне байланысты дамитын аллергиялық реакция-антителалар пайда болады. Сондай-ақ биологиялық белсенді заттар бөлініп шығып, бронхының спазма мен шырышты қабықтың ісінуін туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет