Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет71/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Мұрыннан қан кету кезінде баланы тыныштандырып, басын алға енкейтіп отырғызу керек. Мұрын қырына мұзды мұйық немесе салқын су қою керек. Танауға абайлап сутегінің асқын тотығында батырылған мақта турундасын енгізеді. Қан кету тоқтамаған жағдайда тану желбезектерін мұрын пердесіне 2-3 мин басу керек. Науқас ауызы арқылы дем алып, ауызына келген қанды түкіріп тастайды. Осы шаралардан нәтиже болмаған жағдайда алдыңғы және артқы тампонада жасалады. Алдыңғы тампондарын мейірбике жүргізеді. Мұрын қуысына ұзындығы 50см дәкеден жасалған турунда қойылады. Турунда 3% сутегінің асқын тотығына батырылып, везелин, май немесе қан тоқтататын препараттар (тромбин, гемофибрин) қолданылады. Мұрын қуысына құрғақ тромбин, фибрин, қан тоқтататын тығын қолданылады. Желкесіне мұзды мұйық қойылады, 5% аминокапрон қышқылы, дицинон, витамин С беріледі. Мұрын қуысына қойылған тампон 36-48 сағаттан артық қойылмайды. Тампон алынғаннан кейін мұрын қуысына облепиха немесе оливка майы құйылады. Егер қан кету алдыңғы тампондардан кейін тоқтамаса дәрігермен тампонада жүргізіледі.
Ауызынан қан кеткен жағдайда науқасты етпетінен немесе бір қырымен жатқызу керек. Ауыз қуысы ұйыған қаннан тазартылады. Жұлынған тіс түбінен қан кеткенде осы жерге 3% сутегінің асқын тотығына батырған тампон немесе гемостатикалық тығын қойылып, қатты тістеуін сұрайды. Тамақтанар алдында тампон алынады, тамақ салқын, сұйық және майда болуы керек.
Есту жолдарынан қан кеткенде дәкені конус немесе воронка түрінде бүктеп дыбыс жолдарына енгізіп, дәкеден таңу жасалады.
Өкпеден қан кеткенде баланы тыныштандырып, жартылай отырғызып, киімін шешеді. Науқасқа сөйлеуге, қимылдауға, күшенуге болмайды. Бөлмені желдетеді, кеудесіне мұз қойып, жөтелді жеңілдететін дәрілер беріледі. Өкпе тіні және қан тамырлары зақымданғанда кеудеде ауырсыну қан аралас қақырық тастайды, науқас майда мұз түйірлерін жұтып, салқын суды аздап ішеді. Арнаулы бөлімшеге шұғыл жатқызылады.
Асқазан ішектен қан кеткенде науқасқа аштық, салқын, тыныштық тағайындалады. Науқас шалқасынан жатқызылады, төсектен тұруға болмайды. Құрсақ қуысының жоғарғы бөлігіне мұзды мұйық қойылады. Дәрігерді дереу шақырады. Қан кетудің алғашқы сағаттарында тамақ қабылдауға болмайды, арасында мұз түйірлерін жұтады. Науқасқа тамақ салқын және сұйық күйінде беріледі: сүт, қаймақ, жұмыртқа белогы, сары май, көкөніс пюресі, майдаланған ет және балықпен беріледі, 1-2 күннен кейін №1а столы тағайындалады. Балаға жүруге болмайды, дәретке төсегінде шығады. Науқасты каталкада немесе носилкада тасымалдайды. Мейірбике науқас жағдайын қатаң қадағалайды: қан қысымын өлшеп, тыныс алу жиілігі мен жүрек соғысының жиілігін санайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет