Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы экономикалық қызмет



бет116/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства
pedagogicheskaya praktika, 6.2.2.4 Packet Tracer - Configuring Basic EIGRP with IPv4 Instructions, physic, physic, Новый документ в формате RTF, тжб, Клиникалық есептер. ответ (1), Клиникалық есептер. ответ (1), Тұрақтылық түсінігі, Документ Microsoft Word, 1, 1, 1, 1

1.Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы экономикалық қызмет.


Сыртқы Экономикалық Байланыс – мемлекеттің шет елдермен сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бағыттарының, нысандарының, құралдарының, валюта-қаржы және несие қатынастарының жиынтығы.
Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы.
Сыртқы экономикалық қызмет - кәсіпорынның шаруашылық қызметінің аясы болып табылады және ол кәсіпорынын өнім немесе қызметтер экспорты және/немесе импорты арқылы халықаралық кооперацияға енуіне байланысты. Қазіргі әлемдік нарықтың дамуы барысында ғылыми-технологиялық алмасудын түрлі нысандары, зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша күкыктарымен сауда жасау кеңінен таралуда, тұрақты өндірістік-технологиялық секторға, ең алдымен жоғары технологиялар секторына қызмет көрсететін тауар айналымының үлесі арта түсуде. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен мемлекет экспорттық баждыенгізеді, экспорттық тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың кедендік бақылауын қамтамасыз етеді
Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі — бұл зкспорт және импорт тауарлары мен қызметін халықаралық өндірістік және ғылыми-техникалық кооперациялармен байланысты өндірістік шаруашылық салаларының қызметтері.
Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі. Біріншіден, сыртқы экономикалық қызмет ұлттың экономиканы тұрақтандыруда қосымша ынталандырудың елеулі факторы болып табылады. Нарыққа өту кезеңінде дағдарыс құбылыстарын жеңудің бірден-бір бағыты - сыртқы экономикалық байланыстарды іске асыру. Бұл жөнінде соңғы кездерде республикамызда атқарылып жатқан жұмыстар баршылық. Екіншіден, кәсіпорын сыртқы экономикалық факторларға икемді және жедел сезіну, дүниежүзілік шаруашылық байланыстарын ұтымды пай-далану мақсатында белгілі өндірістік ресурстарды оңтайлы жұмылдыруы мүмкін. Үшіншіден, және де кері байланысы да болады: түрлі елдердің серіктестері шаруашылылық ыңтымақтастың шеңберінде Қазақстанмен кәсіпкерлікті нақтылы дамытуға елеулі ықпал етеді, оның техникалық және технологиялық деңгейінің артуы, ең ақырында экономиканың өсуіне әкеледі. Соңында, төртінші, тек ұлттық шаруашылық кешенінде тұйық оңашаланған, сыртқы пайдалы бәсекеден айырылған кәсіпкерлік, белгілі тиімділік дәрежеге жете алмайды.
Солай болғандықтан, сыртқы экономикалық қызмет ел экономикасында үлкен маңызы болғандықтан, оған мемлекет тарапынан барынша ыңталы қамқорлық жасау қажет-ақ. Мемлекет дүниежүзілік рынокқа шығатын ұлттық кәсіпорындарды реттестіреді және қолдайды. Сондықтан да, мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі — активтік төлем балансын алу және халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатындағы дүниежүзілік рынокте тауарлар мен қызметті оған әрі дамытуды қамтамасыз ететін нысаналы
саясат.
Сыртқы экономикалық қызметте экспорттық, импорттық, реэкспорттық және ыңғайласпа мәмілемелер болып ажыратылады.
Экспорт — бұл елдің кеден аумағының шекарасынан кері әкелуге міндеттемесіз шығаратын тауарлар және шетел азаматтарының қызметі мен зиялылық меншіктің нәтижесіне мүмкіндік беретін құқық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет