Лекциялар жинағы Шымкент-2019 ж. Тақырып 1 Тақырып Нарықты қалыптастыру мәні және қағидалары, теориялық негіздері


Қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы



бет72/122
Дата07.02.2022
өлшемі254,25 Kb.
#83986
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122
Байланысты:
Экономика и организация производства

Қаржы ресурстары мен активтердің өзара байланысы. Тауар және қаржы ағындарының диалектикалық байланысы кәсіпорынның өзара байланысты ресурстар сипаты мен динамикасында көрініс табады. Кәсіпорынның байланысты ресурстары деп кәсіпорынның үздіксіз өзінің әрекет етуіне қажетті тұрақты қаржылық ресурстар көлемін айтамыз. Осы анықтамадан түсінгендей кәсіпорын байланысты ресурстар айналмалы және айналымсыз активтер арасындағы екіжақты байланысты білдіреді. Ол меншікті және қарызға алынған қаражаттарымен қаржыландыру арқылы кәсіпорынның толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қажет. Кәсіпорын активтерін келесі топтарға бөлуге болады:

  1. кәсіпорынның өндіріс қуаттарына ағымдық қызмет көрсетумен байланысты активтер;

  2. бірінші топ активтерін тәуекелден қорғауға қажетті резервтік активтер;

  3. бизнес аясын кеңейтумен байланысты инвестициялық активтер;

Бірінші топта өндірісте пайдалануға үнемі дайын болатын айналымдағы және айналымнан тыс активтер деп бөлінеді. Көпжылдық тәжірибе көрсеткендей, барлығы бірдей болған жағдайда бұл талаптың орындалуы бірінші топ активтерін кәсіпорынның өз меншігіндегі капиталмен немесе, тым болмаса, ұзақмерзімді алынған қаражаттар есебінен қаржыланғанда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайды орындауға жинақталған амортизация да қиындата түседі. Амортизация кәсіпорынның істен шыққан айналымнан тыс активтерін қаржыландыру көзі бола отырып, және көбінесе кәсіпорынның уақытша бос қаржы капиталы ретінде ағымдық шығындарды қаржыландыруға пайдаланылады. Бірақта бұл осы ретте екі жайтты айта кету керек:
- жеделдетілген амортизация әдісімен жинақталған амортизациялық төлемдердің уақытша болса да өз қызметінен өзге мақсатта пайдаланудың соңы қаржылық жазалау шараларына әкеп соғуы мүмкін;
- кәсіпорынның істен шыққан құрал-жабдықты алмастыруды қаржыландыратын қаржы қаражаттары болуы тиіс және ол қаржыландыру қандай көздерден жүзеге асырылатындығы аса маңызды емес, бастысы - өзге мақсаттарға жұмсалған амортизация орнын толтыру. Құрал-жабдықтың кенеттен бұзылуы, шикізатты жеткізу мерзімінің созылуынан кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алмау жағдайларынан бірде-бір кәсіпорын сақталмаған. Осы секілді жағымсыз жайттардан сақтандыруға арналған резервтер активті сақтандыруға арналған қаражаттан қаржыландырылуы керек.
Үшінші топта күрделі салымдар ерекше орын алады. Айта кетерлігі - күрделі салымдар кәсіпорынның ағымдық емес, келешектегі өндіріс қуаттарына ықпал ететіндіктен, кәсіпорынның ағымдық қаржы тепе-теңдігі бұзылған жағдайда кәсіпорын одан бас тарта алады. Осыған байланысты, үшінші топ активтерін қаржыландырудың кем дегенде екі жолы бар:
- егер күрделі салымдар кәсіпорында жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын кеңейту мен қайта жаңғыртуға байланысты болса, онда ол сөзсіз бірінші топтағы активтерді қаржыландыру ережесімен жұмыс істеу керек. Егер инвестициялық жобаны іске асыруға кәсіпорынның шамасы келмесе, онда ол едәуір күрделі қаржы дағдарысына ұшырауы мүмкін;
- егер ұзақмерзімді инвестициялар кәсіпорында жұмыс істеп тұрған өндіріс қуаттарын кеңейту мен қайта жаңғыртуға байланыссыз болса, онда қаржыландыру көзін таңдау қатаң шектеулерді қажет етпейді, яғни мұндай инвестицияларды қаржыландыруға кейбір қысқамерзімді қаражаттар да жарайды.
Сонымен, өндіріспен байланысты активтер оңтайлы мөлшерде болғанда ғана кәсіпорынның шаруалық қызметінің ең жоғары тиімділігіне қол жеткізуге болады. Оңтайлық көрсеткіші үш актив тобының анықтамаларында-ақ берілген. Бірақ іс жүзінде оңтайлық көрсеткішінен гөрі оларды қамтамасыз ету әдістері маңыздырақ. Айналмалы капиталдың оңтайлы көлемін қамтамасыз ету қаражаттарына қаржы мөлшерлері, нормативтері мен лимиттері жатады. Кәсіпорынның байланысты айналмалы капитал көлемін оңтайлау - қаржы қызметінің ең күрделі міндеттерінің бірі. Ол қызметкерден тек кәсіпорынның байланысты активтерінің оңтайлы мөлшерін жинақтап, оны ұстап тұруды ғана емес, соған қоса аталған кәсіпорында іске асырылып жатқан бизнес-үдерісінің мәнін тереңінен ұғынуды, әрбір кәсіпорындағы қаржылық пара-парлыққа ықпал ететін сыртқы ортаның қызмет ету заңдылықтарын білуді талап етеді.

3.Бизнес жоспарлау. Меншікті және қарызға алынатын қаражаттар арасындағы оңтайлы ара қатынасты қамтамасыз ету.


Нарықтық экономика жағдайында қаржылық жағдайының беталысын анықтау қажеттілігі туындайды. Кәсіпорынға өзіндік қаржы стратегиясын құру қажет. Қаржы стратегиясы—бұл кәсіпорынның жалпы стратегиясының құраушы бөлігі болып саналады.Ол кәсіпорынды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөніндегі іс-амалдардың бас жоспарын жасау мен оны іске асыру әрекетінен көрінеді. Қаржылық стратегия теориясы іс жүргізудің нарықтық заңдылықтарын зерттейді, кәсіпорынның жаңа ортада тіршілік ету, даму үлгісін жасайды. Қаржылық стратегияға мыналар кіреді: қаржылық жағдайды талдау; кәсіпорын мүлкін оңтайландыру; табысты бөлу, қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыру, салық және баға ұстану саясаты; құнды қағаздар саясаты.
Қаржы стратегияларын басты және оралымды, басты стратегиялық мақсат және жекелеген стратегиялық міндеттерді орындау стратегиясы деп бөлінеді. Басты қаржы стратегиясы деп кәсіпорынның ұзақмерзімді кезеңге арналған қаржылық іс-әрекетін айтады.
Егер кәсіпорын өз тәжірибесінде ұзақмерзімді, қысқамерзімді және ағымдық қаржылық жоспарлау жүйесін қолданатын болса, онда жоспарлау көлемі де тиісінше бөлшектелінеді. Отандық тәжірибеде ол, негізінен: ұзақмерзімді жоспарлауда—үштен бес жылға дейін, ортамерзімді жоспарлауда—бір жылдан үш жылға дейін; ағымдық (оралымды) жоспарлауда—тоқсанға, бір айға немесе, егер қажет болса, одан да қысқа мерзімге жасалынады. Оралымды қаржылық стратегияның басты ерекшелігі—мұнда жоспарланған кезең ішінде барлық жалпы табыс пен шығыс қаражаттары қамтылады. Табыстар мен шығындарды осылай мұқият есептеп жоспарлаған жағдайда ғана ақша ағынын дұрыс үйлестіріп, пайданың шығыннан басым түсуіне қол жеткізуге болады.
Қаржының басты стратегиялық қызметі—кәсіпорынды оның мақсатын орындауға қажетті әрі жеткілікті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Қаржылық стратегия басты стратегиялық мақсатқа қол жеткізетін тәсілдер мен іс-әрекеттерді қамтиды, атап айтқанда: қаржы ресурстарды құру және оны орталықтан стратегиялық тұрғыда басқару; шешуші бағыттарды анықтап, ресурстарды сонда шоғырландыру; мақсаттарды дәрежесіне қарай бөліп, оларға кезең-кезеңмен қол жеткізу; қаржылық іс-әрекеттің кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес болуы; әрбір уақыт шегінде кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын шынайы түрде ескеріп отыру; стратегиялық резервтер құру және даярлау; кәсіпорынның және бәсекелестердің экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерін есепке алу; бәсекелестерінен жоғары дәрежеге қол жеткізу үшін күресу және әдіс- амалдар қолдану.
Демек, кәсіпорынның қаржылық іс-әрекеттегі табысы қаржы стратегиясының теориясы мен тәжірибесін ұштастырғанда, сонымен бірге, қаржылық стратегия кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда ғана толық қамтамасыз етіледі.
Қаржы стратегиясы кәсіпорынның қаржы жоспарын жасап, оны орындау үдерісінде, яғни кәсіпорын ішіндегі қаржылық жоспарлауды ұйымдастыру барысында іске асады. Кәсіпорынішілік жоспарлауды ұйымдастыруда басым бағыттың бірі—отандық тәжірибеге бизнес-жоспар жүйесін ендіру болып табылады. Бизнес-жоспар кәсіпорынішілік жоспарлау құжаты бола отырып, кәсіпорынның өндірістік және коммерциялық іс-әрекетінің барлық негізгі аспектілерін қамтиды. Кәсіпорын іс-әрекетінің барысында кездесуі мүмкін проблемаларды сараптап, соған қоса қаржылық-шаруашылық мәселелерді шешу жолдарын белгілейді. Қазіргі қолданыстағы заңнама бизнес-жоспарды міндетті етіп бекітпейді. Ал дамыған елдер тәжірибесі мен өз кәсіпорындарымыз жинақтаған әзірге тым аз тәжірибесі көрсеткендей, бизнес-жоспар құру- өмір талабы болып отыр. Осы тұста отандық кәсіпорындардың өндірістік-техникалық-қаржылық жоспарларын әкімшілік басқару жүйесінде құруы мен іске асыруын және оның маңызды құраушы бөлігі—төлемдер күнтізбесін салыстырма түрінде келтіруге болады. Төлемдер күнтізбесі кәсіпорынның барлық табысы мен шығысын өзара үйлестіре отырып, дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Күнтізбе құру міндетті емес, дегенмен, көптеген кәсіпорындардың үнемі төлем күнтізбесін жасауы оларға ауыр қаржылық жағдайы кезеңі туындайтынын алдын-ала көріп- біліп, уақытша қаржылай қиындықтарды жоюға қосымша ресурстар табу үшін дер екезінде қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарын қаржы бөлімінің төлемдер күнтізбесі секілді кәсіпорынішілік жоспарлау құжатымен салыстыруға болмайды. Олардың тек жекелеген жоспарлау әдістері ғана ұқсас. Нақтырақ айтқанда, бизнес-жоспар оралымды және ортамерзімді жоспарлау мәселелерін шешетін және стратегиялық мақсатқа ие болумен қатар, шетелдік әріптестермен іскерлік қарым-қатынас орнаған (немесе кеңейген) жағдайда, сыртқыэкономикалық мәселелерді де шешуге бағытталады. Бизнес-жоспар құрудағы шетелдік және отандық тәжірибеге сүйенер болсақ, оның ең маңызды бөлігі - қаржылық жоспарлау екендігіне көзіміз жетеді. Қаржылық бөлім (қаржылық жоспар) қаржылық нәтижелер болжамын қамтиды, бұл—қосымша инвестициялық мұқтаждық және қаржыландыру көздерін құру; дисконтталған ақша қорларының үлгісі; залалсыздық нүктелерін анықтау және т.б. құжаттар жасау деген сөз.
Сонымен қатар, қаржылық жоспар құру кезінде кәсіпорынның қаржылық дамуына қажетті қаражаттарды анықтау үшін қаржылық жоспарды инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді деп болжанады. Бұл дегеніміз - бизнес-жоспарда қарастырылған қаржы жұмсалымдары экономикалық тиімділік жағынан негізделген болуы тиіс. Жоспардың басқа бөлімдеріндегі барлық көрсеткіштердің негіздемесі болғанда ғана қаржылық нәтижелер болжамы нақты болады. Мысалы, сатудан түскен табыс болжамдық бағаға сүйеніп анықталады және түбегейлі маркетингтік зерттеулерге негізделуі тиіс. Болжамдық есептеу дәлдігіне өндіріске жұмсауы жоспарланған материалдар мен шығындар көлемі көбірек ықпал етеді. Оны анықтау кезінде жоспарлық кезең ішінде орын алуы мүмкін өзгерістерді ескере отырып, есептеулерді бірнеше нұсқада жасау қажет. Сатылым көлемін, саттылған өнімді өндірге жұмсалған шығындар, сатылымнан бөлек операциялардан келген табыс пен шығысты болжап, өндірісті дамытуға және өнімді өткізуге қажет қосымша резерв көздерін табуды көздеу керек. Мұндай қосымша мүмкіндіктер кәсіпорын іс-әрекетінің бейіміне қарай құрылған бизнес-жоспарда белгіленуі мүмкін. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық іс-әрекетін талдау нәтижесінде анықталған қосымша қаржы мүмкіндіктері шынайы бағалануы үшін оны жоспарлық кезеңнің әртүрлі мүмкін жағдайын ескере отырып, бірнеше нұсқада жасау қажет.
Дисконтталатын ақша ағындары үлгісі қаржы-шаруашылық іс-әрекет нәтижелерін болжау негізінде құралады. Бұл жағдайда жалпы қаржылық нәтиже кәсіпорынды сауықтыру қаржылық жоспарын іске асыратын әр жылдың дисконтталатын ақша ағындары және жоспарлық кезеңнен тыс ағымдық дисконтталатын құн жиынтығының реті есептеледі. Дисконтталатын ақша ағындары үлгісін құру мен оны бизнес-жоспарға енгізу қажеттілігі қаржылық нәтижелер болжамындағы шығындардың басым бөлігі төлемдер кезектілігін көрсетпейтіндігінен келіп туындайды. Дәлірек айтқанда, пайда әрқашан кәсіпорын есеп-шотындағы қаржы «артықтығын» білдірмейді, ал есеп-шотта қаржы болуы кәсіпорынға пайда түсті деген сөз де емес.
Ақша ағындары үлгісін құру арқылы болжаудың басты міндеті- ақша қаражаттары түсу және жұмсалуын белгілі бір уақыт кезінде бірдей болуын ұйымдастыру, демек, кәсіпорынның келешектегі өтімділігін қамтамасыз ету болап табылады.
Жоғарыда айтылып өткендей, бизнес-жоспарды бағалау - инвестициялық жоба ретінде бағалауды қажет етеді. Осы арада жобаны жүзеге асыру барысында (бұл-нөлдік уақыт сәті) инвестицияға жұмсалған ақша қаражаттарының орны кейінгі жылдары сол инвестициядан түскен ақшалай табыс есебінен толтырылатындығын есте ұстау керек. Осы сомалар тепе-теңдігін қамтамасыз ету үшін нөлдік уақыт аралығында жобаны жүзеге асыру кезеңі ішінде инвестицияның қосымша қаражаттар құнына түзету енгізіледі. Аталған үдеріс дисконттау деп аталады. Нөлдік уақыт аралығындағы ақша қаражаттары мөлшері ағымдық (дисконтталған, келтірілген) құнын көрсетеді. Бастапқысынан басқа іске асырылатын барлық кейінгі инвестициялар да олардың ағымдық құнына келтіріледі. Ол үшін олардың құны дисконттау коэффициентіне (ағымдық құн коэффициентіне) көбейтіледі:

ағымдық құн коэффициенті = 1/(1+p)n


мұндағы: p-таңдап алынғын дисконт мөлшерлемесі (пайда мөлшері немесе инвестор талап еткен табыс деңгейі);


n-жылдар саны.
Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорын теңдестігінің активі мен пассивінде болып жатқан барлық өзгерістерді көрсетіп отырады, ал ақша ағыны- шаруашылық іс-әрекет үдерісіндегі табысдер мен төлемдерді теңестіреді.
Қаржылық нәтиже болжамына сәйкес инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі ішінде ақша ағындарының үлгісі құрылады. Мұнда ақша ағындарының қалдық құнының ағындық (дисконтталған) құны ескеріледі. Ол барлық осы ағындардың жоспарлық кезеңнен тыс жердегі құнын білдіреді және Гордон формуласымен есептеледі:

Wост=CFn (1+g)/(r+g)


мұндағы: CFn-жоспарлық кезеңнің соңғы жылындағы ақша ағыны;


r- дисконт мөлшерлемесі;
g- ақшалай пайданың көбею қарқыны;
(1+g)- ақшалай пайданың өсу қарқыны;
Есептеулер нәтижесінде таза ағымдық (дисконтталған) құн мөлшері оң шама болуы тиіс, бұл дегеніміз—салынғын инвестициялар дисконт мөлшерлемесі деңгейінде пайда табуға мүмкіндік береді деген сөз. Сонан соң пайданың ішкі мөлшері есептеледі. Есептеуде әртүрлі дисконт мөлшерлемелері қойылып, ағымдық (дисконтталған) құн нөлдік мәнге мейлінше жуықтауы, бірақ теріс мәнге өтіп кетпеуі ескеріледі. Алынған нәтиже қандай уақыт аралығында болатындығы анықталады. Аталған кезең жоба өтелуінің дисконтталған кезеңі деп аталады. Қаржылық жоспардың осы бөлімінде несиелік қарыздарды өтеу графигі де келтіріледі.
Келтірілген құжаттарға қосымша графиктік және талдау әдістерімен залалсыздық нүктесі (табыстылық шегі) анықталады. Табыстылық шегі - кәсіпорынның сатылымнан түскен табыс бойынша залалға ұшырамайтын, бірақ пайда да келмейтін аралығы. Табыстылық шегін анықтау әдістері өте күрделі болғандықтан, іс жүзінде өзалалсыздық шегіне жетті деп тану үшін жай ғана кәсіпорынның таза пайдасы болса жеткілікті.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет