Лекциялар кешені Мамандығы: 5В010500-«Дефектолог»



бет1/4
Дата24.10.2019
өлшемі198,3 Kb.
#50548
түріЛекция
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Болашақ университеті

Педагогика факультеті

Педагогика,психология және дефектология кафедрасы



«Арнайы мектепте бейнелеу өнеріне және қол еңбекке оқытудың теориясы мен технологиясы» пәні бойынша лекциялар кешені

Мамандығы: 5В010500-«Дефектолог»


Қызылорда,2019



1 лекция тақырыбы: Кіріспе. Бейнелеу өнері, оның мазмұны мен түрлері. Бейнелеу өнерінің маңыздылығы.

Бейнелеу өнері, оның мазмұны мен түрлері.

Бейнелеу өнері, оның негізі. Жастар ұрпағын эстетикалық, көркемділікке тәрбиелеуіне біздің елімізде көп көңіл бөледі.

Эстетикалық тәрбиелеуде ерекше рөлді өнерге береді. Өнерге тән ерекшелігі шынайы өмірді көркемдік образдар арқылы бейнелеу, ол адамның санасы мен сезіміне әсер етіп, ондағы өмір ағысы мен құбылыстарына деген белгілі бір қатынасты тәрбиелейді, шынайы өмірді теренірек және толығырақ тануға көмектеседі. Өнер арқылы бақылаған құбылыстарды жалпылау іскерліктері тәрбиеленеді.

Өнер еңбектері өздерінің идеялық мазмұны мен көркемдік түрі бойынша көркемдік көзқарасты қалыптастырады, әсемділік пен сұлулықты тек өнерде ғана емес, сонымен қоса шынайы өмірден де, табиғаттанда, тұрмыстық өмірден де танып, салыстырп қалыптастырады. Әр өнер еңбектерінде көркемдік образдар арқылы бізге әсер ететін терең мазмұнды көруге болады.

Түрлі құбылыстар арқылы өмірді жалпы бейнелеу – көркемдік образдың негізгі сипаттамасының біреуі. (Мысалы, суретші В.И.Суриковтың «Боярыня Морозова» атты еңбегі. Суреттегі композиция, келісімге келмеген, өз сеніміне сүйенген, құғынға түскен боярыняны шығарып салып жатқан адамдар тобының қимылын көрсетуге бағытталған. Суретші боярыняны мақтаныш ететін, оның сөзін қолдайтын адамдардың бірлігін қөрсете білген. Суреттің ортасында – боярыня Морозованың жеңілмейтін кел беті көрсетілген).

Суретті қабылдау барысында қөрушімен алынған әсерлер оның ойлары мен сезімдеріне терең із қалдырып, өмір құбылыстарын дұрыс бағалауға көмектеседі.

Өнер адамда тек эстетикалық, әсемділік сезімін ғана оятпай, сонымен қоса адамгершілік сезімдерін де оятады, құбылыстарды түсінудің жоғары, жаңа түрлерін қалыптастыруға көмектеседі, кейін оларды оның тәртібінде, әрекеттерінде, қоршағандарға жасайтын қарым-қатынасында көруге болады.

Бейнелеу өнері дегеніміз, көру арқылы қабылданатын образдар мен шынайы өмірді, көркемдік бейнелеу. Түс, пластика немесе сурет құралдары арқылы суретші холстта, сазбалшықта немесе мәрмәрда айналадағы өмірді, адамның күшті және әдемі образдарын бейнелейді.

Бейнелеу өнері тайпа қоғамында пайда болды. Бұл уақытқа аңдар мен оларды аулау көріністерін бейнелейтін алғашқы суреттерді жатқызамыз, алғашқы мүсіндер – сүйектен кесілген және тастан қашаған адам мен жануралар фигуралары, еңбек құралдары мен тұрмыста қолданатын әшекейленген құралдар.

Ежелгі уақыттардан бастап адамдар көрінетін дүниені бейнелеу іскерліктеріне ие болған, ол туралы өз көріністерін сурет арқылы, мүсіндеу, ою-өорнек арқылы көрсетуге ұмтылған.



Бейнелеу өнерінің түрлері.

Кескіндеу өнері (живопись), графика, мүсін өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура), сәндік-қолданбалы өнер – жалпы қасиеттерімен де, бейнелеу құралдарымен де ажыратылатын бейнелеу өнерінің түрлері.


Кескіндеу өнері (живопись) дүниенің барлық байлығы мен көпшілдігін көрсетеді. Өмірді толық суреттеп көрсету еңі бойынша бірінші орынды алады. Холстта, қағазда, үйдің немесе сарайдың қабырғасында живопись құралдарымен кеңістіктегі тереңділікпен, көлемімен, түсімен, жарығымен, ауасымен шынайы дүние тұғызылады.

Түс – кескіндеу өнерінің негізгі құралы. Кескіндеу өнері (живопись) жанр байлығымен сипатталады: тарихи жанр – тарихи құбылыстарды, өткен ғасырлардағы адамдардың өмірі мен тұрмысын бейнелейді (В.Суриков, И.Репин суреттері); мифологиялық – ертегі образдары, кейіпкерлері (В.Васнецов «Аленушка»); батальды – соғыс эпизодтарын, шайқастарды бейнелейді (В.Верещагин, М.Греков); тұрмыстық - әлеуметтік өмірден үзінділерді бейнелейді (П.Федотов «Сватовство майора», И.Репин «Бурлаки на Волге»); портретті – адамның ішкі және сыртқы жан дүниесін көрсету (Ф.Рокотов, Д.Левицкий, И.Крамской, И.Репин, В.Серов). Кескіндеу өнеріне (живопиське) табиғат пен пейзажды бейнелеуде кіреді. Индустриалдық пейзаж – көпір, кемелерді бейнелейді. Кескіндеу өнерінің (живописьтің) ерекше жанры – натюрморт – жеміс-жидек, көкөніс, гүлдер мен тұрмыстық заттарды бейнелеу.

Графика бейнелеу өнерінің бір түрі. Графикалық еңбектерге: қарындаш, қалам, көмір, акварель арқылы салынған суреттер жатады, сонымен қоса оларды баспаға шығару да: гравюра, литография және басқалары да жатады. Графика еңбектері көбіне қағазда, сирек пергаментте, матада және басқа материалдарда орындалады.

Графикадағы көркемдік бейнелеу құралы болып сызық, ақ пен қараның қатынасы, жарық көлеңке, сәуле, түс саналады. Кейде 2-3 түсті қолдануды да қарастырады.

Графикалық өнерде үлкен орынды кітаптарды әшекейлеу алады (жазушының ойын ашады) (И.Билибин, Е.Чарушин; Ю.Васнецов, В.Лебедев және басқалары).

Мүсін өнері (скульптура) – құбылыстардың өмірлік бейнесін бере алатын, материалдарда таңбаланатын, әлемді пластикалық образдар арқылы игеретін кеңістіктік-бейнелеуші өнер. Мүсіндік туындыларды мәрмәр, гранит және басқа тастардан қашайды, ағаштан ойып, саз балшықпен сомдайды. Мүсіндеу заттың үшаралық бейнелеуін көрсетеді. Көбіне мүсіндеу арқылы бейнеленетін зат болып адам саналады, сирек жануарлар, жансыз заттар табылады. Көркемдік образ оның пластикалық сипаттамасымен белгіленеді.
Монументалды мүсіндеуді ажыратады атақты адамдарға және тарихи құбылыстарға ескерткіштер (И.Мартоспен жасалынған Минин мен Пожарскийге арналған ескерткіш, жауларға қарсы шайқаста орыс халқының біріккенің бейнелейді, өздерінде үлкен адамгершілік идеясын көрсетеді); станкілік мүсіндеу – портрет (адам образын көрсету) салу, осыған жанрлық мүсіндеуде кіреді - адамдар тобын немесе бір адамның фигурасын бейнелейді; тұрмыста кішкентай формалар мүсіндері таралған фарфордан, ағаштан, сүйектен, пластмасстан (ойыншықтар) жасалған кішкене фигуралар; рельеф – жазықтағы мүсінді бейне.

Сәулет өнері (архитектура) – (грекше architekton -құрылысшы) – адамның тұрғын үйге және қоғамдық орынға деген қажеттілігін өтеуге негізделген ғимараттар мен құрылыстарды салу барысында шындықтың сұлулық заңы бойынша қалыптасуы. Сәулет өнері табиғаттан бөлек, стихиялық ортаға қарсы тұратын және адамдарға өздерінің материалдық, рухани қажеттіліктеріне орай адамдарға кеңістікті пайдалануға мүмкіндік беретін тұйық утилитарлы-көркем игерілген әлем. М.В.Ломоносов бұл өнердің ерекшелігін анықтай отырып, былай деп жазды: «Сәулет өнері күш-жігерін жинақтап, зәулім ағаштар мен зіл-батпан тастарды бағындыра отырып, мекен етуге қолайлы, көз тоймайтын әдемі, ұзақ уақытқа шыдайтын берік ғимараттар соғады» (Шығ.тол.жин., 8 т., Л., 1959, 808-бет.). Сәулет өнері арқасында «екінші табиғаттың» құрамдас бөлігі – адам еңбегімен дүниеге келген және оның өмірі мен әрекеті сонда өтетін материалдық орта пайда болады.

Сәндік-қолданбалы өнер (қолөнер) өзінің табиғаты жағынан ұлтжанды, ол халықтың әдет-ғұрпынан, салт-дәстүрінен, наным-сенімдерінен туындап, оның өндірістік әрекетіне, тұрмысына жақын болады. Сәндік-қолданбалы өнер - халық өнері мен көркемдік өндіріс саласын кіргізеді: керамика, тігін, ювелирлық бұйымдарды. Мысалға үлкен сұраныспен қазақтың ою-өрнектерімен әшекейленген бұйымдар, сазбалшықтан жасалған ойыншықтар (с.Дымково, Киров облысы), ағаштан кесіп жасалған ойыншық (Мәскеу облысы, с.Богородское), Хохлома ыдысы, ыдыс, киім, ойыншықтар, ағашқа сурет салу, темірді қашау, тоқыма заттарды жасау, сүйектен кесіп заттарды жасау және тағы басқалары қолданады. Сонымен, сәндік бейнелеу – түрлі тұрмыс заттарын, плакаттарды және басқаларды әшекейлеуге бағытталған ою- өрнектерді салу болып саналады.

Сәндік-қолданбалы бейнелеудің маңызы зор, өйткені ол бірнеше құндылық қасиеттеріне ие. Халықтың сәндік – қолданбалы өнерімен шектесіп, бейнелеу әрекетінің бұл түрі оқушылардың эстетикалық, әсемділік тәрбиесін нығайтады. Өйткені ол көбіне түзетуге бағытталған арнайы мектеп оқушыларына түсінікті.


Сәндік бейнелеу объектілердің пішіні мен құрылымы туралы нақты білімдерді кажет етпейді, мысалы, затқа қарап сурет салуда сияқты. Сәндік бейнелеуде композиция (бөлшектердің орналасуы мен өзара байланысы) қарапайым болуы мүмкін. Сондықтанда жүйелік бейнелеуге оқытуды жұмыстың осы түрінен бастау қажет.

Сонымен, біз бейнелеу өнерінің түрлерімен – кескіндеу өнері (живопись), графика, мүсіндеу, сәулет қнері (архитектура), сәндік-қолданбалы өнерімен таныстық. Осылар арқылы дүниенің байлығымен көптілігін көрсетуге болады және жалпы білім беретін, арнайы түзету мектептерінде оқу-тәрбиелік процесінде қолдануға болады.




  1. Дамуында ауытқуы бар балалардың жан-жақты дамуы мен тәрбиесінде бейнелеу әрекетінің маңызы.

Бейнелеу өнері оқулық пән ретінде басқа пәндермен бірге оқушылардың ақыл-ойының, адамгершілігінің, эстетикалық, еңбек және физикалық тәрбиесіне үлкен әсер етеді. Бұл сабақтардың практикалық сипаттамасы кемақылды балалардың жағымды мүмкіншіліктерін біріктіруге жағымды жағдай тұғызады. Бірақ бұл жағдайлар өз бетімен пайда болмайды. Кемақылды балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған жұмыстың нәтижесі мұғалімге тәуелді, оның алғашқы міндеті – бейнелеу өнері сабақтарын түзетуге бағыттап ұйымдастыру. Бұл жерде сабақтардың негізгі мақсаты сыртқы нәтижеге жету ғана емес – балаларды түрлі объектілерді бейнелеуге үйрету, ал бейнелеу әрекетін максималды кемақылды бала тұлғасына толығынан әсер ететін маңызды құрал ретінде қолдану. Бейнелеудің маңыздылығын А.И.Граборов, Т.Н.Головина, И.А.Грошенков, Г.М.Дульнев, Л.В.Занков, И.М.Соловьев және тағы басқалары сызып көрсеткен.

Бейнелеу әрекеті сурет салушыдан түрлі іскерліктердің күрделі кешенін қолдануын талап етеді. Бір затты салу үшін, оны ең алдымен жақсылап қарастырып, пішінің, құрылысын, сай бөлшектерін, түсін, жазықта орналасуын анықтау қажет. Суретте көрсету үшін тек дұрыс қабылдау ғана емес, сонымен қоса арнайы іскерліктермен икемділіктерде қажет, қабылданғанды графикалық түрде дұрыс көрсету үшін, басқаша айтқанда, қол икемділігі болуы қажет, қол қимылын көз арқылы бақылау алуы қажет, графикалық материалдарды: қарындаш, қыл қаламды, бояуды және тағы басқаларын дұрыс қолдана білу қажет. Оқыту практикасы келесіні көрсетеді: оқытуды жақсы ұйымдастырып, оқытудың жетекші әдістерін қолданса көмекші мектеп оқушылары бейнелеу әрекетінің қарапайым дағдыларына ие болуы мүмкін. Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстары туралы көзқарастары жетіле түседі, зейіні, байқағыштығы, көз қапері, қабылдауы, елестетуі, қиялы, әсемдікті сезініп ұғынуы дамиды, бақылағанын саналы ұғыну, негізін белгілеу, тұтас пен оның бөлшектері арасындағы өзара байланысты белгілеу іскерліктері де дами түседі. Атақты орыс педагогі К.Д.Ушинский, оқыту дерексіз түсініктер мен дерексіз сөздерге негізделмей, балалардың тікелей қабылдауына негізделуін талап еткен. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ең алдымен олардың бақылау қабілетін қалыптастыру қажет. Бұл талап дидактикалы түрде өте маңызды болып саналады, өйткені бала «пішіні бойынша, бояу, дыбыс, жалпы сезіну арқылы ойлайды».



Бейнелеу әрекеті сабақтары көрнекі ойлаудың белсенді қалыптасуына мүмкіндік тұғызады. Суретте бейнеленетін затпен ұқсастығын көрсету талабы оқушыны, пассивті бақылауда зейн объектісі болмайтын, оның қасиеттері мен ерекшеліктерін анғаруға (байқауға) мәжбүр етеді. Бұл процесске қатысатын талдағыштардың саны көбірек болса, объектілердің пішінің, түсін, көлемін, құрылысын және басқа да қасиеттерін тануы толығырақ және дәлірек болады. Көру, сезіну, түйсіну және қабылдау қимыл-қозғалыстың бағыты мен сапасын бақылауға көмектеседі. Сабақта өткізілетін арнайы жаттығулар осы талдағыштардың үйлесімді әрекетінің дағдылануына бағытталған.

Кемақылды балаларда қимыл үйлестігінің едәуір бұзылуы, саусақтарының және қолдарының бұлшық еттерінің дамымауы байқалынады, ол балалардың жазу техникасын игеруін қиындатады. Осыған байланысты бейнелеу әрекетінің ролі жоғарлай түседі, өйткені сабақ барысында айтылған кемшіліктер басыла түседі. Көпшілікті жаттығулар едәуір баланың көз мөлшерін (көзбен шамалап анықтауын) дамытады, қолды саналы және дәл қимылдарды жасауға үйретеді, оның иілгішті, икемді және тұрақты (табанды) болуына көмектеседі. Нәтижесінде жазу мен сурет салу дағдыларының дамуына жағымды жағдайлар туғызылады.

Бейнелеу әрекеті сабақтары оқушылардың эстетикалық қабылдауының дамуында да едәуір орын алады. Кемақылды оқушылар өздерінің ақыл-ойы мен эмоционалдық жетілмеуі салдарынан алғашқы уақытта сұлулықтың қарапайым белгілерін ғана қабылдайды.

Бейнелеу әрекеті сабақтарында, басқа да оқулық пәндер сабақтарында және сыныптан тыс уақытта жүргізілетін түзету-тәрбиелеу және жалпы білім беру жұмыстың әсері бойынша олардың сезімдік танымдарының аумағы кеңейеді. Ойлау мен сөйлеу тілінің дамуы негізінде қарапайым эстетикалық (әсемділік) пікірлерін қалыптастыруға мүмкіндік туғызылады. Эстетикалық әсерленушілік түсті, түс қосындысын (түрлі түстердің үйлесушілігін), ырғағын сезінуді дамытуға көмектеседі.

Кемақылды балалардың эстетикалық қабылдауын дамыту үшін, ерекше маңызды болып, бейнелеу өнері сабақтарында олардың ұғынуына түсінікті көркемдік еңбектерді (суреттердің, мүсіндердің, сәндік-қолданбалы бұйымдардың және тағы басқалардың репродукцияларын) көрсету табылады. Оларды эмоционалды қабылдау арқылы көмекші мектеп оқушылары, ептеп өздерінің сана сезіміне түсінікті қоршаған орта құбылыстарын эстетикалық бағалауға үйренеді.

Бейнелеу әрекетіне оқыту процесінде оқушылар реалистикалық (шындыққа негізделген) сурет негізі туралы кейбір білімдерді, затқа қарап сурет салу мен сәндік сурет салу дағдыларын игереді. Сурет салу іскерлігі (икемділігі) кемақылды оқушыларға басқа оқулық пәндер бойынша алатын білімдерін жақсы меңгеруге (ұғынуға) көмектеседі, өйткені байқағыштығын тереңдетіп белсендіреді.

Сурет салу басқа да оқулық пәндер сабақтарында кең қолданылады. Балалардың суреттері мұғалімнің санау мен жазуға үйрету міндетін жеңілдетеді. Суретте заттар мен құбылыстарды көрсете, оқушылар айналадағы болмысты тереңірек тани түседі.

Бейнелеу өнері сабақтарының басқа пәндермен өзара байланысы оқушылардың сарамандық (практикалық) жұмыстарының мақсатталуына, саналы және қызықты болуына мүмкіндік береді. Бұнын нәтижесінде оқулық пәндердің түзету-тәрбиелік және жалпы білім беру маңызы едәуір жоғарланады. Сонымен қоса, сурет салу сабақтары кемақылды оқушылардың кейбір жеке ерекшеліктерін анықтауға көмектеседі, балаларға сурет салуға тақырып берілсе, салып жатқаны туралы әңгімелеу ұсынылған жағдайда, бұл анық байқалынады. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін білу мұғалімге оқу мен түзету-тәрбиелеу жұмысын дұрыс құрастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен, бейнелеу әрекеті сабақтарының барысында қолайлы, жақсы нәтижені алу, бейнелеу өнері сабақтарының кемақылды бала тұлғасына толығынан түзету-дамыту әсерін күшейту, тек осы оқулық пәнінде бар барлық мүмкіншіліктерді үнемді (рационалды) қолдану жағдайында ғана болады.



  1. «Білім берудің арнайы ұйымдарында бейнелеу әрекетіне үйрету технологиясы және теориясы» оқу пәні ретінде, оның міндеттері мен мазмұны.

Бұл курсты оқу барысында болашақ маман-дефектолог, бейнелеу әрекеті сабақтарының барысында, кемақылды балалардың психикалық және физикалық кемшіліктерін алуға немесе төмендетуге бағытталған, оларда жағымды тұлғалық сапаны қалыптастыруға, өмірге, еңбек әрекетіне даярлауға бағытталған түзету жұмысының тәсілдері мен әдістерін игеруі қажет. Курс міндеттерінің бірі – кемақылды балалардың бейнелеу әрекетінің ерекшеліктерін көрсету, олармен орындалған еңбектердің өзгешелігімен, осы өзгешелікті туғызатын себептерді ашу.

Едәуір орынды сабақтың әр түрінде қолданылатын түзете-тәрбиелеу жұмысының мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістемесі туралы сұрақтар алады. Курсты өту нәтижесінде бейнелеу өнерінің теориялық негіздері, кемақылды оқушылардың бейнелеу әрекетінің ерекшеліктері, көмекші мектептегі бейнелеу өнері сабақтарын жүргізу әдістемесі, бейнелеу сауатының сарамандық (практикалық) дағдылары, шрифт және сәндік - әшекейлеу еңбегінің кейбір түрлері қарастырылады.



Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 2-11, 14,18-25, 27.

Қосымша әдебиеттер: 33-37, 41-43.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.

Интернет көздері: 55-60.



  • 2 лекция тақырыбы: Көмекші мектеп оқушылары-ның бейнелеу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

Лекция тезистері

1. Кемақылды оқушылардың сурет салуға деген қызығушылығы және сурет тақырыпшалары.

Балаларды бейнелеу өнеріне оқыту процесін дұрыс құрастыру үшін, мұғалімге кемақылды оқушылардың дамуының жалпы психологиялық – педагогикалық заңдылықтарын ғана біліп қоймай, сонымен қоса олардың бейнелеу әрекетінің ерекшеліктерінде білу қажет.

Көмекші мектеп оқушыларының көпшілігі сурет салуды ұнатады және бір нәрсе салындар деген ұсынысқа ынтамен кіріседі. Ал егерде оқушыларға нақты тақырыпқа сурет салуды немесе затқа (натураға) қарап сурет салуды ұсынсақ, онда үлкен ынта мен қызығушылық оларда көрінбейді. Осыдан келесі тұжырым шығады: оқушылар ынтамен тек өздері сала білетіндерін ғана бейнелейді. Олардан қажетті білімдер мен іскерліктер талап етілсе, оларда енжарлық, пассивтік, жұмысқа деген теріс қатынас байқалынады. Бейнелеу әрекетіне қызығушылықтың және белсенділіктің төмендеуі кейде жоғары сынып оқушыларында да байқалынады, ол бірнеше себептермен түсіндіріледі: 1) жас ұлғайған сайын кемақылды оқушылар өз жұмыстарына сыншыл қарай бастайды, ал төмен дамыған іскерліктері заттардың образдарын (бейнесін) графикалық түрде



жеткілікті дәлдеп көрсетуіне кедергі жасайды; 2) «ақыл-ойдың еңжарлығы, пассивтігі» байқалынады (Л.С.Славина), өйткені оларда өз уақытында оқулық жұмысына қызығушылық қалыптаспаған, оның ішінде бейнелеу өнері сабақтарына;

  1. бейнелеу объектісі оқушылардың сезімдеріне әсер етпесе, әсерленгіш сезімін туғызбаса, тапсырманы орындауға ынтасының, қызығушылығының болмауы байқалынады. Бейнелеу әрекетіне қызығушылықтың төмен болуы суреттердің тек сапалы жағына теріс әсер етпей, сонымен қоса олардың тақырыптарына да әсерін тигізіп, тақырыптар шеңберін шектейді.

Оқушылар суреттерінде өздеріне жақын және жиі кездестіретін заттарды бейнелемей, өздері үйреншікті салу білетін және жолдастарынан көшіріп салып алған заттарды салады. Бұндай суреттен суретке кішкене өзгерістермен қайталанып отыратын жаттанды бейнелер болып: үй, машина, ұшақ, гүлдер және т.б. саналады. Бұл жерде әр суретте бірдей қателер қайталанып, шынайы болмыс пен бейне арасындағы сәйкеспеушілік сақталады. (Мысалы, бірнеше қабатты үйде оқушы оның биіктігіне сай бір есікті бейнелейді (1 сурет)).





  1. сурет

Оқушыларға қағаз бетін, арасындағы байланысын бейнелемей, екі – үш затпен толтырып қою тән, оларды мазмұны қызықтырмайды – олар көбіне игерген пішінді салу процесімен айналысып кетеді.

Сурет тақырыпшаларының шектелуі оқушылардың «графикалық штамптарды» қолдануымен де белгіленеді, басқаша айтқанда жаттанды суреттерді бейнелеуімен. Бірақ жоғарғы сынып оқушыларының сурет тақырыпшалары кішкене кең. Қалыпты суреттер арасында мектеп өмірі туралы, ұшақ, ракета, космонавттар және т.б. туралы әңгімелейтін еңбектерде кездеседі. Қандай тақырыпқа салынған сурет болса да, оған тәуелсіз, жоғарғы сынып оқушыларында да бейнелеу іс-әрекетінің деңгейі төмен болатындығын айтып өту қажет.



  1. Бейнелеу әрекетіне көру-қимыл-қозғалысының дайындығы.

Әр түрлі суретті орындау үшін бейнеленетін заттар мен құбылыстар туралы нақты көріністердің болуы қажет, сонымен қоса ол көріністерді графикалық түрде бір бояу затпен (қарындашпен, фломастер, гуашь және т.б.) салу іскерліктері де болуы қажет. Сурет салу процесі түйсік сезімдерімен, қол мен саусақтардың бұлшық еті мен буын жұмысымен тығыз байланысты. Бұл процессте көру-кимыл-қозғалыс бейімделуінің күрделі механизмдері қатысады.

Құрал – саймандарды қолданып қол әрекетінің күрделі түрлеріне ауысу баланың моторикасына (қимылына) жоғарланған жаңа талаптарды қояды. Бейнелеу әрекетіне қажетті графикалық іскерліктер мен дағдылар жеңіл және күрделі әрекеттерді жасауды, көру мен қимыл-қозғалыстың бейімделуінің бірлестігі мен өзара байланасын талап етеді.

Суретті орындауға бағытталған қимыл әрекеттер өз бетінше пайда болмайды және бейнелеу процессінің өзімен бағытталып отырмайды. Сурет техникасына балаларды оқыту қажет.

Кемақылды оқушылардың дамуы ауытқу негізінде пайда болатындықтан, оларда көру арқылы қабылдау мен моторикасында ауытқулар байқалынады, сонымен қоса түрлі дәрежедегі қимыл-қозғалыс аумағының жетілмеуі тән. Бұл дәл, үйлесімді қимылдарды жасай алмауында, олардың күшін, жылдамдығын, ырғағымен үйлесімдігін және т.б. бақылап, реттей алмайтындығында анық көрінеді. Зерттеушілердің көбі, ең алдымен, саусақтары мен қолдарының реттелінетін қимылдарының, ұсақ моторикасының бұзылуын айтып өтеді. Бұл әріптер мен сандарды жазуға, сурет салу іскерлігінің дамуына теріс әсер етеді. Осы бұзылулардың табиғатын аша отырып, Е.Н.Правдина-Винарская оларды үлкен жарты шарының қабықшасының және оған жақын орналасқан қимыл-қозғалыс аймағының зақымдануымен туғызылатындығын айтады. Кемақылды оқушылар қимылының баяу болуы, нервтік процестер қимылдарының жеткіліксіздігімен түсіндіріледі, ал қимылдарының дәл болмауы – олардың реттелмеуімен түсіндіріледі. Олигофрен-балалардың көбіне бас ми нервтері мен аяқ-қолдарының орталық салдарының жеңіл көрінетін түрлері тән.

Кемақылды оқушыларда түрлі көз ақауларыда кездеседі, көбі астигматизмнен азап шегеді, ал кейбіреулерінде көрудің әлсізденуінің үдейе түсетіндігі байқалады, жүре пайда болатын қылилықта кездеседі.

Көмекші мектеп оқушыларындағы еңбек қимылдарының дамуын қиындататын себептердің бірі болып, жалпы бейімделу әрекетінің бұзылуы табылады. Жаттығу мақсаттарын сана-сезімі арқылы түсініксіз қабылдау, қиындықтармен кездескенде алдына қойған міндеттен ауытқу, алынған нәтижелерге жеткіліксіз сыншыл қатынас жасау қимыл-қозғалыс бейнесін (образын) қалыптастыруын қиындатады. Бұған баса себептер өз үлесін қосады, мысалы: еңбек қабылетінің бұзылуы(шаршағыштық, әрекеттің тұрақтылығының төмендеуі, қимылын бақылауын жоғалту және т.б.). Көз мөлшері дағдыларының дамымауы, көру арқылы арақашықтық пен бағыттың сәйкестіруін қиындатады.

Көмекші мектептегі суре салуға фронтальдық оқыту оқушылардың графикалық дайындық деңгеиін көбіне есепке алмай ұйымдастырылады. Кейбір жағдайларды жеке оқушылардың қимыл – қозғалыс функцияларының ерекшіліктері көңілге алынбайды. Жүйелі сабақтар алдында барлық сыныптарда фронтальды (жалпы) тексеріс өткізу қажет, бұл әр баланың графикалық дайындығын анықтауға көмектеседі.

Қол моторикасының және көру-қимыл-қозғалыс бейімделуінің даму жағдайы жасына тәуелді, сонымен қоса кемақылды оқушылардың бейнелеу әрекетіне дайындық дәрежесі арнайы зерттеуге түсті (Грошенков И.А.). Арнайы сабақтар 1-4 сынып оқушылар арасында жүргізілді. Зерттеу нәтижесі оқушылардың бірнеше тобын айқындауға көмектесті.



1 топты – көрсету мен сөздік инструкция бойынша қарапайым графикалық тапсырмаларды басқалармен салыстырғанда жеңіл орындайтын балалар құрайды. Бұл оқушылардың әрекеттері табанды, мақсатталған (өздеріне сенімді), жеткілікті еркін. Суреттерді бояғанда қарындаш қимылы нақты және үйлесімді, ол бояу сапасының жақсылығын қамтамасыз етеді (сызықтары біркелкі жасалады). Бұл топқа кемістіктің негізгі түріндегі олигофрен-балалар кіреді, олардың танымдық әрекеттерінің төмендеуі түрлі талдағыштардың күрделі зақымдануымен немесе ми бағанасы аумақтарының алғашқы едәуір зақымдануымен қосақтаспайды.

2 топқа – жалпы қимыл-қозғалыстың ауытқуымен, тынышсыз, сурет салу барысында артық, қажетсіз қимылдарды жасайтын, асығыс жұмыс істейтін балалар жатады. Олардың қол қимылдары тез, шапшаң, шашыранды, кейде импульсивті. Асықпай, жай жұмыс жасау мен қарындашты тура, дәл қолдану, суреттің контурын, сызықшаларын дұрыс сақтап бояу бұл оқушыларға өте қиын. Олардың графикалық әрекеттерінде жеткілікті үйлесімділік жоқ. Қимыл ырғағы тұрақсыз, тапсырманың аяғына қарай, көбіне, жоғарлай түседі. Бұл топқа негізгі нервтік процестері арасындағы байланыстың бұзылуы тән, қозу процесі тежелу процесін оза түседі.



3 топтағы оқушыларға - тежелу мен әлсіздік тән. Графикалық жаттығуларды орындағанда бұл балалардың қол қимылдары тоқталып қалады, күштелген, баяу болады. Ұсынылған тапсырмаларды оқушылар жігерсіз, сенімсіз, әлсіз, пассивті орындайды. Сызулары әзер көрінеді, қимыл бағытын көбіне жоғалтады, ал өзі де әлсіз темп тапсырманың аяғына дейін одан сайын әлсіздене түседі. Қолдың ұсақ қимылдары нашар бейімделген.

Әр сыныптағы оқушылар топтары бір бірінен ажыратылады, сондықтанда техникалық іскерліктерін, икемділіктерін қалыптастыруда түзету-тәрбиелік жұмысты жіктеу қажет.

Сонымен, бөгеттердің көптігіне қарамастан кемақылды балалардың қимыл-қозғалыс икемділіктерін қалыптастыруға болады.


  1. Қабылдау ерекшеліктері мен бейнеленетін заттардың пішіндерін көрсету.

Бейнеленетін заттарды қабылдау мен олардың пішіндерін бейнелеу ерекшеліктері. Суретті салу үшін жетекші рөлді қабылдау орындайды, оның сипаттамасынан және сапасынан бейнелеу сапасы тәуелді болады. Мақсатталған қабылдау – шынайы дүниенің заттары мен құбылыстарын суреттерде толық бейнелеу үшін қажетті шарт. Арнайы зерттеулермен баланың қабылдау процесінің танымдық сипаттамасы анықталған, ол үзілместей ойлаумен және сөйлеу тілімен тығыз байланысты. Сурет салу барысында балалар алдында арнайы міндеттер пайда болады. Міндеттердің біреуі болып заттың пішінің анықтау саналады, ойткені бұл белгі тану барысында, талдағанда, салыстырғанда өте маңызды. Сонымен қоса қабылдау процесінде заттың басқада қасиеттері анықталады: көлемі, құрылысы, түсі. Бұлар да бейнелеу үшін маңызды рөл атқарады. Дамыған, барлығын қамтитын қабылдау нәтижесінде объект (бейнеленетін зат) туралы нақты және толық көріністер түзеледі.

Психологтар қатарының зерттеулерімен кемақылды оқушылардың сезім арқылы тануының (танып білуінің) қалыптыдан едәуір ауытқуы белгіленген. Оларға келесіні жатқызамыз: қабылдау процесінің баяулығын, заттармен олардың кеңістіктегі қатынастарын анықтағанда талдау мен синтездің әлсіздігін. Сонымен қоса шынайы объектілерді, олардың бейнелерін қабылдаудың жеткіліксіздігі, бір жақтылығы, толықсыздығы, жіктелуінің және саналы қабылдаудың жеткіліксіздігі анықталған. Байқағыштығының баяу дамуы көмекші мектептің кемақылды оқушыларына тән сипаттама. Кемақылды оқушылар қалыпты дамыған құрдастарынан гөрі заттық сурет салуды едәуір кеш меңгереді. Мысалы, көмекші мектептің төменгі сынып оқушыларымен орындалған үй, тал, адам сияқты дәстүрлі суреттер, объектілер ерекшеліктерін толық ьейнелеу дәрежесі бойынша, графикалық құралдарды қолданып оларды көрсету деңгейі бойынша мектепке дейінгі жастағы қалыпты балалардың суреттерінен аспайды. Бұндай суреттердің сипаттамалы қасиеттері қарапайымдылық, схемалылық, статикалық, стереотиптік.

Бейнелеудің қарапайымдылығы мен схемалылығы заттардың жалпы құрылысы мен пішіндерін жеңілдетіп (оңайлатып), негізгі бөлшектері мен детальдерін ескермей, көрсетілмеуінде көрінеді. Суреттерге сәндік-әшекейлік тән, көлемінің және сәуле мен көлеңке үйлесімділігінің болмауы тән, ал пішіні бойынша таныс геометриялық фигураларға жақындатылған. Көру арқылы талдаудың әлсіздігінен оқушылардың көбісі бейнеленетін объектінің пішінің (нұсқасын) анықтай алмайды. Сондықтанда суретті «бұлдырлатып» жібереді , кейде өрескел бұрмалануы да байқалынады.

Бейнелеудегі статикалық сюжетті суреттерде көрінеді, адам мен жануарларды бейнелегенде. Көмекші мектеп оқушыларының суреттерінде тірі объектілер қимылсыз, көбіне фронтальді (қарсы алдынан) жағдайда қатып қалған адам фигурасы салынады. Тіпті сурет мазмұны қимылды көрсетуді (мысалы, хоккей ойыны, шанада тебу, жүгіру және т.б.) талап етсе де, кемақылды оқушылардың оны графикалық көрсетуге ынтасы болмайды. Көмекші мектептің 1-4 сынып оқушыларының суреттері бала бақшаның ортанғы топтағы қалыпты балалардын суреттеріне сәйкес келеді.

Бейнелеудің стереотиптігі – жатталған сурет салу әдісі суреттен суретке өзгеріссіз қайталана беретіндігімен сипатталады. Оқушылар бұл пішінді өзгертуге, жетілдіруге болатындығын ұғынбайды (түсінбейді). Бұл оқушылардың таным енжарлығының (пассивтігінің) нәтижесі болып саналады, көбіне ол затқа қарап сурет салуда байқалынады. Суретті бастап, бала, пайда болып келе жатқан суретті қабылдауымен бағытталып, бап (инерция) жетегіне түсіп бір пішінді, бөлшекті (детальді) қайталай береді (Сакулина Н.П., Занков Л.В., 1953). Мысалы, оқушы екі шардың орнына төртеу салады. Бұдан да көп салушы еді, бірақ қағаз бетінде бос орын қалған жоқ.

Егер объект бірнеше бөлшектерден тұрса (мойыншақтың көздері, пирамиданың дөңгелектері және т.б.) сурет элементтерінің саңдық жағы бұзылады. Сонымен қоса көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылары затқа (натураға) көңіл бөлмейді дерлік және оны алып қойғанында білмей қалады.



Заттың пішіні мен құрылысы азды-көпті болса да дұрыс берілген жағдайда баланың ақыл-ой дамуының жоғарғы деңгейде екендігін дәлелдейді. Кейде шынайы заттар құрылысы өзгеше және шындықтан алыс болып бейнеленеді. Кемақылды оқушыларға заттардың (натураның) кей элементтерінің маңызын түсінбеуімен жіберілетін қателіктер тән (2 сурет).





  1. сурет.

Объектіні қарастыру кезенінде көмекші мектеп оқушылары өз зейіндерін (назарларын) объектінің кішкентай элементтеріне аударады, олардың көз қарасынан маңызды болып саналады. Балалар оларды жақсылап (анықтап) салып көлемдерін ұлғайтады. Мысалы, сағаттың қоңырау кнопкасы, есіктің тұтқасы (3 сурет).





  1. сурет.

Натурада жоқ қосымша детальдерді (бөлшектерді) де салып қояды. Көп балалар салынған суретпен шынайы бейнелеу объектісі арасындағы айырмашылықты таба алмайды. Мысалы, екі аяқты жануарлар, сегіз және одан да көп аяқты құстар және т.б. 1-2 сынып оқушылары геометриялық формаларды да ажыратқанда қателіктер жібереді. Бір сыныптың оқушыларымен заттар пішіні түрлі сипатта берілуі балалар құрамының біркелкі еместігін, бейнелеу қабілеттерін меңгерудегі олардың әр түрлі мүмкіншіліктері туралы дәлелдейді. Танымдық әрекетінің жетілмеуі терең болса, балалар заттық сурет салуды кеш және үлкен қиыншылықпен игереді.

Терең миақысы (дебильность) бар оқушылардың бейнелеу әрекетін түсіну мүмкіншіліктері шектелген болып келеді. Бұл міндет миғұла (имбецильность) дәрежесіндегі балалармен одан да қиын шешіледі. Кемақылдылықтың күрделі түріндегі (имбецильность) 8-10 жасар балалар арасында, ең қарапайым үлгіні де көшіріп алалмайтындары аз емес. Мысалы, (4 сурет).



4 сурет. а) Үй; б) Алмұрт; в) Алма; г) Шырша.

Сонымен, түрлі пішінді салу барысында көмекші мектеп оқушылары әр түрлі қиындықтарға ұшырайды. Олардың дәрежесі оқушылардың ақыл-ойының төмендеуінің әр түрлі деңгейімен, жасымен, олардың графикалық әрекетіне дайындығымен, сонымен қоса бейнеленетін объект структурасымен (құрылысымен) қамтамасыз етіледі. Бұнын барлығын сурет салу сабағында түзету-тәрбиелік жұмысын жүргізгенде есепке алу қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет