Лекциялар кешені Мамандығы: 5В010500-«Дефектолог»



бет4/4
Дата24.10.2019
өлшемі198,3 Kb.
#50548
түріЛекция
1   2   3   4

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1-9, 13-19, 25.

Қосымша әдебиеттер: 34, 41-43.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.

Интернет көздері: 55-60.



  • 8 лекция тақырыбы: Тақырыптық сурет салу және оның өзгешелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Лекция тезистері

  1. Тақырыптық сурет салу және оның өзгешелігі. Тақырыптық сурет салу сабақтарындағы түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Тақырыптық сурет салу сәндік сурет салумен, затқа қарап сурет салуға қарағанда көмекші мектептің оқу бағдарламасында қарапайым орынды алады. Бұл кемақылды балалар үшін күрделі сабақ түрі, өйткені ол бұрын қабылданған көрнекі бейнелерге, көріністерге негізделеді. Көріністерді есіне түсірудің, елестетудің физиологиялық негізі болып бас ми қабында алдындағы тітіркендірушілерден қалған ізді қайта жұмысқа келтіру саналады.

Баланың психикалық өмірінде көріністердің, есіне түсірудің ролі зор: есте сақтау, ойлау, процестері, эстетикалық сезімдері және еркін әрекеттері көріністерді есіне түсірусіз болмайды. Сондықтанда кемақылды оқушылардың дамуында тақырыптық сурет салу ерекше маңызды. Олар іс-әрекеттің ұйымдастырушы және тәртіп сақтаушы формасы болып саналады. Тақырыпқа сурет салу қоршаған өмірден алынған есіне түсіру арқылы жеке заттарды және сюжеттерді бейнелеуін, әдебиет еңбектерінен алынған мәтіндерге сурет салуды көздейді.

Бұндай жұмыс балалардан тәжірибені мобилизациялауды, белгіленген мақсатқа сәйкес қиялды белсендіруді талап етеді, өйткені берілген тақырыптың объектілерін бейнелеу үшін олардың құрылысын, пішінін, түсін және т.б. естеріне түсіру қажет. Сурет композициясы бойынша міндеттерді шешуге балалардан көптеген күш салу талап етіледі.

Сәйкесті оқытусыз орындалған тақырыптық суреттердің сапасында байқампаздықтың, қиялдың, көру арқылы есте сақтаудың жетіспеушіліктері білінеді. Балалар сюжеттегі қажетті суреттерді бейнелемей, тек өздері білетін суреттерді салады. Сонымен қоса берілген тақырыпқа сурет салу барысында кей бейнелерді өзекті етіп кетеді, кейде тіпті тақырыптан тыс кетеді.

Мұғалімнің міндеті келесіде - балалардан күш салып сурет салуды талап ететін мазмұнды таңдау. Берілген тапсырманың балаларға қызықты болуы да маңызды орын алады.

Берілген тақырыпқа сурет салуды «еркін» тақырыпқа сурет салудан ажырату қажет, ол жерде балалар өздерінің ойлары бойынша, жалпы берілген инструкция бойынша «Өздерін салғыларын келетін тақырыпқа сурет салындар» сурет салады. Бұл жағдайда оқыту мүлдем жүрмейді, ал оқушылармен жіберілетін қателіктер түзетілмей, қарама қайшы бекітіледі. СондықтандаО «еркін» сурет салу тақырыптық сурет салуды алмастырмауы қажет.

Тақырыптық сурет салу сабақтарындағы түзете-тәрбиелеу жұмысының мақсатты ұйымдастырылуы, оқушылар алдына қойылатын міндеттердің нақты және түсінікті болуында ғана мүмкін.

Целенаправленная организация коррекционно-воспитательной работы на уроках тематического рисования может быть достигнута при условии посильности и конкретности выдвигаемых перед учащимися задач.



Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1-9, 24, 25.

Қосымша әдебиеттер: 34, 41-43.

Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.

Интернет көздері: 55-60.



  • 9 лекция тақырыбы: Көмекші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері еңбектерімен таныстыру.

Лекция тезистері

1. Көмекші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері еңбектерімен таныстыру.

Бейнелеу өнері туралы әңгімелер. Өнер туралы әңгімелер – оқушылардың идеялық және көркемдік тәрбиеленуінің маңызды құралы. Олар едәуір

дәрежеде балалардың эстетикалық тәрбиеленуіне көмектеседі, олардағы түсініктер мен ұғымдарды анықтауға көмектеседі, оларды жаңа білімдермен және мәліметтермен қамтиды, сөйлеу тілінің және ойлаудың дамуына үлкен көмек береді. Мысалы, суретшілермен күз көрінісін бейнелеуі, бұл сабақтың мақсаты: оқушыларға суретшілердің куз көрінісін бейнелеген суреттеріне талдау жасату. Әрбір туындының шынайы да нанымды бейнелеуі әрі табиғи өзгерістердің әсерлі көріністерін табуы оқушыларға ықпал жасайды. Бұл жерде балаларға берілетін тапсырма болып әр түрлі иллюстрациялық материалдар үйлестіру арқылы талдау жүргізу саналады. Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге жаттықтыру, тілін дамыту, сөздік қорын кеңейту. Қысқаша өздеріне түсінікті дәрежеде мазмұндама жазғызу арқылы оқушылардың өзіндік көз қарасын аңғару. Сабақ барысында келесі көркем шығармаларды пайдалануға болады (бағдарлама бойынша) И.Левитанның «Алтын күзі», Г.Алиевтің «Күмістелген кең даласы», Ү.Әжиевтің «Күзі», П.Поповтың «Жауынөшашынды күні», В.Власюктің «Күз ырғақтары», О.Таңсықбаевтың «Күңгірт қызыл күзі», т.б.

Әр сабақ қуаныш пен шаттыққа, эстетикалық ләззатқа толы, қызықты да әсерлі болуға тиіс. Ұстаз әрдайым шәкіртті ынталандырып отыруы үшін шығармашылық ізденіс үстінде болуы қажет. Шәкірт бойындағы кейбір жаттанды, құрғақ білім алу дағдысын жоятын жағдай туғызу қажет. Әрбір оқушының жеке көзқарасына, дүниетанымына тікелей әсер ету керек. Көркемөнерге деген ләзаттық сезім шәкірт жүрегінде терең ұялауы тиіс. Сонда ғана оқушылар зерделі түрде білім алады.

1-3 сыныптарда сабақтар көркем еңбектерінің репродукцияларын қарастырумен және олар туралы қысқаша әңгімелеумен, балаларға арналған кітаптардағы суреттерді талқылаумен шектеледі. Бастауыш сыныптарда бұндай жұмыс үшін жеке сабақтар бөлінбейді, тек сабақ басында не аяғында 10-15 минут бөлінеді. Осы уақыт ішінде 1-2 суретті қарастыру қсынылады немесе 3-4 иллюстрацияны және 4-5 сәндік-қолданбалы өнердің заттары қарастырылады.

Әгімені жүргізу барысында қызыл күндерді, жыл мезгілдерін, оқу сабағындағы, тіл дамыту, пәндік сабақтарындағы материалдардың, мазмұнын есепке алу қажет, топсеруендерге шығу қажет.

Егерде мұғалімде мектеп бағдарламасымен қарастырылатын суреттердің репродукциясы болмаса, оларды басқалармен алмастыруға болады, бірақ олар көмекші мектеп міндеттеріне жауап берулері керек және осы сынып оқушыларына түсінікті болуы қажет.

Көмекші мектеп оқушыларының қабылдау процесі бейнелеу өнерінің еңбектерімен танысу барысында қалыпты балаларға қарағанда баяу өтеді. Сондықтанда суреттерді қарастыру үшін уақытты көбейту керек.

Бейнелеу өнерінің еңбектерін түсінуге оқушыларды даярлау үшін балалардың көру арқылы қабылдауын (әліппедегі, кітаптардағы, журналдардағы суреттер мен кестелерді қарастыру) дамытуға бағытталған иллюстрациялық материалмен жүйелі жұмыс жасау үлкен роль атқарады. Иллюстрацияларды қарастыру пәндік сабақтармен тығыз байланыста болуы қажет.

Өнер туралы әңгімелесу барысында дыбыс шығару кемшіліктерін түзету бойынша, сөздік қорын толықтыру мен оқушылардың сөйлеу тілін дамыту бойынша түзету жұмысын ұмытпаған жөн.

Сурет бойынша әңгімені келесі көрсеткендей жүргізуге болады:


  1. Оқушылар суретті дербем қарастырады (сабақ алдында іліп қою).



  1. Мұғалімнің суретте не бейнеленгенін түсінуге көмектесетін сурақтарды қоюы.



  1. Оқушылар суретке баға береді (ұнай ма, жоқ па, неге), көркем құралдарын анықтайды.

  2. Мұғалім сурет мазмұны туралы әңгімелейді.



  1. Мұғалімнің сұрақтары бойынша жаңа материал бекітіледі.

Балаларда қызығушылықпен сөйлеуді туғызатын балаларға таныс суреттерді қайта қарастыру маңызды роль атқарады. Егерде бірінші көргенде кей бөлшектер көрінбей қалса, екінші рет көру барысында оқушылар оларды көре бастайды. Бұл бейнелеу өнері бойынша білімдердің мықты болуының маңызды шарты.

Әңгімені жүргізу барысында диафильмдер, диапозитивтер, видеобейнелер, слайдтар, журналдардағы репродукциялар қолданылады, мұражайларға, көрмелерге, шеберханаларға саяхат жүргізуге болады.



Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1-9, 12-19, 25.

Қосымша әдебиеттер: 34, 41-43.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.

Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.

Интернет көздері: 55-60.


  • 10 лекция тақырыбы: Көмекші мектептегі бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс жұмыстар.

Лекция тезистері

1. Көмекші мектептегі бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс жұмыстар.

Балалармен жүргізілетін сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс қызығушылықты белсендіру мен мақсатты бағытты болуын, тұлға сұранысының қалыптасуын көздейді.

Бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс жұмыстың негізгі міндеттері болып келесілер саналады:


  • балалардың эстетикалық дамуын болмыстың және бейнелеу өнерінің түрлі құралдарымен жүзеге асыру;

  • балаларда бейнелеу өнеріне, сұлулыққа деген қызығушылықты, махаббатты дамыту;



  • бейнелеу өнері сабақтарында оқушылармен игерген білімдерді, іскерлік пен дағдыларды дамыту мен әрі қарай жетілдіру;

  • балалардың көркемдік қабілеттерін, дарындылығын анықтау мен дамыту.

Балалармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстың бір түрі болып көркем шығармашылық үйірмелері саналады. Көбіне бұлар сурет салу, кескіндеу, композициялау, мүсіндеу, сәндік-қолданбалы өнер үйірмелері. Бастауыш сыныптардағы үйірмелер бастауыш сынып оқушыларын біріктіреді.

Үйірме бағдарламалары балалармен сабақта алынған оқу материалының көлемін кеңейтеді. Кеңінен бейнелеу құрадарын қолдану ұсынылады: түсті борлар, гуашь, қара және түсті тушь, түсті қағаз, сазбалшық, ермексаз және т.б.

Балалар үйірмеде бейнелеу мен сәндік-қолданбалы өнердің еңбектерімен тереңірек танысады. Оқушылар үйірме сабақтарында шығармашылық альбомдар құрастыруды жақсы көреді. Олар суретшілердің суреттерін жинақтайды, белгілі ақындардың тақпақтарын жазады, өз суреттерін де

кіргізеді. Бірақ бұл жерде мұғалімнің жетекшілігі керек. Срнымен қоса үйірмелерде сурет салудың дәстүрлі емес техникаларымен де танысады, бұл балаларда суретке деген қызығушылықты туғызады.

Оқу-тәрбиелік жұмыстың маңызды түрі болып көркем мұражайларға, көрмелерге, суретшілердің шеберханаларына, табиғатқа саяхаттар саналады. Олар балалармен сабақта алынған білімдерін кеңейтіп, эстетикалық сезімталдықты, шығармашылық қиялды дамытады. Саяхатты жүргізу үшін педагог алдын ала экспозициямен танысуы қажет. Бұл оқушылармен оларды көру барысында қажетті экспонаттарға көңіл аударуға көмектеседі.

Сыныптан тыс жұмыстың бір түрі болып бейнелеу өнері туралы әңгіме өткізу саналады. Үйірме сабақтарында балалар сурет, суретші туралы мәліметтерді толығырақ түсінікті дәрежеде алады№ Әңгіме тақырыптары мұғаліммен балалардың ерекшеліктерін есепке алаып таңдалады

Сонымен қоса тәрбиелік маңызды болып көрмелерді ұйымдастыру, оқушылардың көркемдік жұмыстарын қарастыру, ең жақсы сурет конкурсын өткізу, суретшілермен кездесулер өткізу, өнер кештерін ұйымдастыру саналады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Болашақ» университеті

Педагогика, филология және тарих факультеті

Педагогика, психология және дефектология кафедрасы

5В010500 – «Дефектология» мамандығының студенттеріне арналған

«Бейнелеу іс-әрекеті және оны оқыту әдістемесі» пәнінен практикалық

сабақтарға әдістемелік нұсқау

Семинарлық сабақтар жоспары

Әдістемелік нұсқаулар (барлық сабақтар үшін):

Лекция конспектілерінің, электрондық курс пен ұсынылған әдебиеттер тізіміне сүйеніп берілген сұрақтарға ауызша толық жауаптарды даярлау, тапсырмалар жазбаша



түрде, графикалық тапсырмалар сурет альбомдарында орындалады.

Кіріспе. Бейнелеу өнері, оның мазмұны мен түрлері. Бейнелеу өнерінің маңыздылығы.

Сұрақнама:

  1. Бейнелеу өнері, оның маңызы мен түрлері.



  1. Дамуында ауытқуы бар балалардың жан-жақты дамуы мен тәрбиесінде бейнелеу әрекетінің маңызы.

  2. «Білім берудің арнайы ұйымдарында бейнелеу әрекетіне үйрету технологиясы және теориясы» оқу пәні ретінде, оның міндеттері мен мазмұны.

Тапсырмалар:

  1. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептің (кемақылды балаларға арналған) бейнелеу өнері бойынша бағдарламасымен, оның тарауларымен танысу, түсініктеме хатын конспектілеу.



  1. Альбомдарға түстер кестесін салу (ахроматикалық, хроматикалық, негізгі, қосымша, жылы және суық түстер).

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Бағдарламаның түсініктеме хатын конспектілеу барысында мектеп курсымен көзделетін бейнелеу өнерінің негізгі міндеттеріне көңіл бөліңіздер. Бағдарламаның өзіне қандай тарауларды кіргізетіндігі, олардың мазмұны, сыныптар, оқу жылдары бойынша әр сабақ түріне бөлінетін сағат көлемін қарастырып кесте құрастырыңыздар.



  1. Түстер кестесін салу үшін келесі әдебиеттерді қолдануға болады: Косминская В.Б., Халезова Н.Б. Основы изобразительного искусства и методика руководства изобразительной деятельности.- М., 1987; Қайдаров Ә., Ақтамбердиев З., Омірбеков Б.; Түр-түстердің тілдегі көрінісі (Алматы, 1992). Жұмыс үшін сурет салу альбомы, графитті қарындаш, түсті қарындаштар немесе акварель бояуы, сызғыш, өшіргіщ, суы бар ыдыс, палитра, қылқалам қажет.

Көмекші мектеп оқушыларының бейнелеу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері. Сұрақнама:

  1. Бейнелеу іс-әрекетінің балалардың сенсорлық, ақыл-ойының, эстетикалық, адамгершілік-құлық және еңбек тәрбиесіне әсер етуі.



  1. Көмекші мектептегі бейнелеу өнері сабағында дидактикалық принциптердің жүзеге асырылуы.

  2. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін мектептердегі бейнелеу өнері сабағы.



  1. Сурет салу сабағында танымдық процестерді белсендіру үшін сөйлеу тілінің маңыздылығы.

  2. Сурет сабағындағы түзете-тәрбиелеу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімнің атқаратын ролі.

Тапсырмалар:

  1. Сабақ конспектісін құрастыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Сабақ конспектісін құрастыру барысында маңызды болып дидактикалық талаптарды сақтау саналады. Жұмыс түріне тәуелсіз сабақтың бірнеше кезеңдерін көрсетуге болады, оларды сіздер сабақ конспектісін құрастырғанда қолдануларыңыз керек.



  1. Дайындық бөлімі

  2. Ұйымдастыру кезеңі (балаларды жалпы ұйымдастыру, қажетті оқу жабдықтарын дайындау).



  1. Кіріспе әңгіме (зейіндерін мобилизациялау, эмоциялық қызығушылықты туғызу, оқушылардың бейнелеу іс-әрекетінің мотивациясын жоғарлату).

  2. Жаңа мен өткен материал арасындағы байланысты жүргізу (жаттығуларды жүргізу, өткенді бекіту немесе қайталау).

  1. Негізгі бөлім



  1. Бейнелеу объектісін талдау (натураны немесе үлгіні) пішіні, көлемі, құрылысы, түсі, кеңістікте орналасуы бойынша немесе сурет сюжетін анықтау бойынша (тақырыптық сурет салуда).



  1. Сурет салудың бірізділігін анықтау (іс-әрекетін жоспарлау).



  1. Жұмыс басындағы нұсқаулар (сурет композициясы және оны орындау техникасы бойынша, жіберілетін қателіктерді алдын ала айту).

  2. Оқушылардың сурет салуы мен бейнелеу іс-әрекеттері процестерін жетекшілік ету (фронтальді, дифференциалды және жеке жетекшілік ету; балалардың назарын бейнелеу объектісіне қайта аудару; көріністерін өзектілеу, оқушылардың іс-әрекетін белсендіру мен стимуляциялау; сурет салу техникалық тәсілдерін қосымша көрсету және т.б.).

  1. Қорытынды бөлім



  1. Сабақ қорытындысын жасау (оқушылардың іс-әрекетін жалпылау; жұмыстарын қойылған міндеттер тарапынан қарастыру және талдау; балалардың зейінін жіберілген қателіктерге және сурет жетістіктеріне аудару; оларды оқушылармен және мұғаліммен бағалау)

  2. Үйге тапсырма (5-6 сыныптарға).



  1. Сабақтың ұйымдастырылып аяқталуы.



  1. Сабақ конспектісін құрастыру барысында арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептердің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасын, Рсалдинова А.К. бейнелеу өнері бойынша құрастырылған (Алматы,2004) жұмыс дәптерін жетекшілік ету қажет.

Бейнелеу әрекетіне оқытудағы пропедевтикалық кезеңіндегі түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Сұрақнама:

  1. Бейнелеу әрекетіне оқытудағы пропедевтикалық кезеңіндегі түзете-тәрбиелеу жұмысы



  1. Сурет салуға оқытудың пропедевтикалық кезеңінің дидактикалық және түзету-тәрбиелеу міндеттері қандай?

  2. Оқушыларда заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша тану, ажырату мен атау іскерліктерін қалыптастыру үшін қандай ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады?

  3. Оқушыларда заттар арасындағы кеңістіктегі қатынастар туралы ұғымдарын қалыптастыру үшін қандай ойындар мен жаттығуларды қолдануға болады?

  4. Пропедевтикалық кезеңінде сурет сабақтарында оқушылар қандай білімдерді, іскерліктерді, икемділіктерді және дағдыларды меңгереді.

Тапсырмалар:

  1. Бағдарламамен жұмыс жасау. Арнайы мектепте (кемақылды балаларға арналған) пропедевтикалық кезеңін еңгізудің қажеттілігі (пропедевтикалық кезеңіне бөлінген сағат көлемін анықтау, сарамандық (практикалық) тапсырмалар түрлері).



  1. Ойын графикалық жаттығуларды орындау – тігінен сызылған сызықтар – шарлар ұшып кетпеу үшін оларға жіптерді саламыз, биік бағаналар; тік көлденең сызықтар – сымдар, жолдар, түсті жіптер; қисық сызықтар – қия жауған жаңбыр, ара тістері, биік таулар; жабық шеңбер сызықтары – жіпті домалатып орайық, әуе шарлары, түрлі түсті дөңгелектер; заттарды көлемі бойынша тану мен ажыратуға бағытталған ойын графикалық жаттығулар («биік және төмен бағаналар», «түрлі-түсті шарлар – үлкен және

кішкентай», «шыршалар- биік және төмен», «лента- жалпақ және жіңішке»), пішіні бойынша (дөнгелек формалы заттар- доптар, алмалар, апельсиндер; сопақша формалы-қияр, алхоры (слива); төрт бұрышты формалы – қорабтар, терезе; тікбұрышты формалы альбомдар, сызғыш; үшбұрышты формалы- тулар, туристік палатка); түсі бойынша (жасыл және көк доптар).

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Бағдарламамен жұмыс істеу барысында (0)-1 сыныпта дайындық сабақтарына бөлінетін сағат санына, тоқсан, жыл аяғында балалардың білімдері мен іскерліктеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.



  1. Ойын түріндегі графикалық жаттығуларды орындау үшін келесілер қажет: сурет салу альбомы, графитті қарындаш, түсті қарындаштар немесе акварель, гуашь бояулары, сызғыш, өшіргіш, суы бар ыдыс, палитра, қылқалам



  1. Көрнекіліктерді дайындау барысында арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептердің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасын, Рсалдинова А.К. бейнелеу өнері бойынша құрастырылған (Алматы,2004) жұмыс дәптерін, Төлебиев В.С. Сурет салуды үйрен.(Алматы, 1993) атты кітапті жетекшілік ету қажет.

Ұсынылған әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер: 1-9, 25.


Қосымша әдебиеттер: 34, 38, 41-43.
Мерзімдік әдебиеттер (басылымдар): 44-50.
Электрондық оқулықтар мен оқу құралдары: 51-54.
Интернет көздері: 55-60.
Қолданбалы-сәндік өнері және оның ерекшелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы. Сұрақнама:

1. Қолданбалы сәндік өнері және оның ерекшелігі. Қолданбалы сәндік өнері сабағындағы түзете-тәрбиелеу жұмысы.



  1. Сәндік сурет салу сабақтарында қандай арнайы міндеттер шешіледі?



  1. Арнайы мектеп оқушыларын оқытудың алғашқы кезеңінде сәндік сурет салудың басқа еңбек түрлеріне қарағанда артықшылығы неде?

  2. Сәндік сурет салудың оқушыларды сенсорлық тәрбиелеуде және ұсақ моторика мен техникалық іскерліктерін дамытуда алатын орны?

  3. Сәндік-қолданбалы жұмыстарды орындауға оқушыларды оқыту барысында қандай әдістер қолданылады?

  4. Сәндік сурет салу сабағында оқушылар қандай білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгереді.

Тапсырмалар:

  1. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасымен жұмыс жасау. Бағдарламаға сүйене сәндік сурет салу қандай сыныптарда жүретіндігін анықтап, сыныптар бойынша сәндік сурет салуға бөлінетін сағат көлемін, сарамандық жұмыстарды, олардың күрделілігін тоқсаннан тоқсанға дейін, сыныптан сыныпқа дейін, әр сынып оқушыларының білімдері мен іскерліктеріне койылатын талаптар, оқытудың дидактикалық принциптерін сақтау, кемісті баланың жан-жақты дамуында сәндік сурет салудың маңызын талдап дәптерге қысқаша жазып отыру керек.



  1. Көлемді заттардың жазықтық бейнелеуін орындап, оларды ою-өрнектермен әшекейлеу, шеңберде, төрт бұрышта, жолақшада өрнектерді салу, қазақ оюларын, городец, хохлома, дымково өрнектерін орындау. Заттарды әшекейлеу (тақтаны, кесені киімді, ожауды, дәленкені).

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Жұмысты орындау үшін келесілер қажет: сурет альбомы, графитті қарындаш, түсті қарындаштар немесе акварель, гуашь бояулары, сызғыш, өшіргіш, суы бар ыдыс, палитра, қылқалам.



  1. Ою-өрнектерді салу үшін заттарды таңдау бойынша алууға болады.

Көрнекіліктерді дайындау барысында арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептердің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасын, Төлебиев В.С. Сурет салуды үйрен.(Алматы, 1993) атты кітапті жетекшілік ету қажет.

Сабақ тақырыбы № 5: Затқа қарап (натурадан) сурет салу және оның өзгешелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Сұрақнама:

  1. Затқа қарап (натурадан) сурет салу және оның өзгешелігі. Затқа қарап (натурадан) сурет салу сабағындағы түзете-тәрбиелеу жұмысы.



  1. Затқа қарап (натурадан) сурет салу бейнелеудің реалистикалық (шынайы) негіздерімен танысу әдісі ретінде.

  2. Затқа қарап (натурадан) сурет салудың көмекші мектептің арнайы міндеттерінің шешілуі үшін маңызы.

  1. Көмекші мектептегі затқа қарап (натурадан) сурет салуға үйретудің әдістемесі.



  1. Затқа қарап (натурадан) сурет салу сабақтарының жабдықталуы.

Тапсырмалар:

  1. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасымен жұмыс жасау. Бағдарламаға сүйене затқа (натураға) қарап сурет салу қандай сыныптарда жүретіндігін анықтап, сыныптар бойынша затқа қарап сурет салуға бөлінетін сағат көлемін, сарамандық жұмыстарды, олардың күрделілігін тоқсаннан тоқсанға дейін, сыныптан сыныпқа дейін, әр сынып оқушыларының білімдері мен іскерліктеріне койылатын талаптар, оқытудың дидактикалық принциптерін сақтау, кемісті баланың жан-жақты дамуында затқа қарап сурет салудың маңызын талдап дәптерге қысқаша жазып отыру керек.



  1. Затқа (натураға) қарап жазықты (көлемсіз) пішінді заттың суретін салу (түрлі пішінді жапырақтар – емен, қайын жапырағы немесе көбелекті салу, таңдау бойынша).

  2. Затқа (натураға) қарап көлемін көрсетіп суретін салу (үй өсімдігі) графитті қарындашпен.

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Жұмысты орындау үшін келесілер: сурет альбомы, графитті қарындаш, түсті қарындаштар немесе акварель бояуы, сызғыш, өшіргіш, суы бар ыдыс, палитра, қылқалам қажет.



  1. Көрнекіліктерді дайындау барысында арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептердің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасына және ұсынылған әдебиеттерге сүйеніңіз.

Тақырыптық сурет салу және оның өзгешелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы. Сұрақнама

  1. Тақырыптық сурет салу және оның өзгешелігі. Тақырыптық сурет салу сабақтарындағы түзете-тәрбиелеу жұмысы.



  1. Тақырыптық сурет салу сабақтарында қандай арнайы міндеттер шешіледі?



  1. Тақырыптық сурет салудың оқушыларды сенсорлық тәрбиелеуде және ұсақ моторика мен техникалық іскерліктерін дамытуда алатын орны?

  2. Тақырыпқа сурет салу сабағында оқушылар қандай білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды меңгереді.




  1. Арнайы (түзету) жалпы білім беретін мектептегі тақырыпқа сурет салу сабақтарының түзету-тәрбиелік маңызы.

Тапсырмалар:

  1. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасымен жұмыс жасау. Бағдарламаға сүйене тақырыпқа сурет салу қандай сыныптарда жүретіндігін анықтап, сыныптар бойынша тақырыпқа сурет салуға бөлінетін сағат көлемін, сарамандық жұмыстарды, олардың күрделілігін тоқсаннан тоқсанға дейін, сыныптан сыныпқа дейін, әр сынып оқушыларының білімдері мен іскерліктеріне койылатын талаптар, оқытудың дидактикалық принциптерін сақтау, кемісті баланың жан-жақты дамуында тақырыпқа сурет салудың маңызын талдап дәптерге қысқаша жазып отыру керек.



  1. Адамды бейнелеу. Адам фигурасын схемалы салу.



  1. Бағдарлама бойынша тақырыпқа сурет салу (алдынғы, артқы қатардағы заттарды).

Әдістемелік нұсқаулар:

  1. Адам фигурасын схемалы салу үшін келесі әдебиетті қолданыңыз: Косминская В.Б., Халезова Н.Б. Основы изобразительного искусства и методика руководства изобразительной деятельности.- М., 1987; жұмысты орындау үшін келесілер: сурет альбомы, графитті қарындаш, сызғыш, өшіргіш қажет.



  1. Тақырыптық суретті алдынғы және артқы қатарда орналасқан заттар тобын кіргізіп салу қажет, көрнекілікке, бейнелеу өнері бағдарламасына, ұсынылған әдебиеттерге сүйені қажет; жұмысты орындау үшін келесілер: сурет альбомы, графитті қарындаш, түсті қарындаштар немесе акварель бояулары, суы ьар ыдыс, қылқалам, палитра, сызғыш, өшіргіш қажет.

Көмекші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері еңбектерімен таныстыру. Сұрақнама:

  1. Көмекші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері еңбектерімен таныстыру.

  2. Бейнелеу өнері еңбектерімен таныстырудың міндеттері мен түзету-тәрбиелеу маңызы.

  3. Көркем-сурет еңбектері бойынша әңгіме өткізу әдістемесі.



  1. Әңгіме мен оқушылардың практикалық жұмысын біріктіру. Бейнелеу өнері бойынша әңгімелердің тақырыпшалары.



  1. Бейнелеу өнері сабақтарында ОТҚ қолдану.

Тапсырмалар:

  1. Арнайы (түзете) жалпы білім беретін (кемақылды балаларға арналған) мектептің бейнелеу өнері бойынша бағдарламасымен жұмыс жасау. Бағдарламаға сүйене бейнелеу өнері еңбектерімен таныстыру қандай сыныптарда жүретіндігін анықтап, сыныптар бойынша бейнелеу өнері туралы әңгімелерге бөлінетін сағат көлемін, сарамандық жұмыстарды, олардың күрделілігін тоқсаннан тоқсанға дейін, сыныптан сыныпқа дейін, әр сынып оқушыларының білімдері мен іскерліктеріне койылатын талаптар, оқытудың дидактикалық принциптерін сақтау, кемісті баланың жан-жақты дамуында бейнелеу өнері туралы әңгімелер маңызын талдап дәптерге қысқаша жазып отыру керек.



  1. Бейнелеу өнері бағдарламасы бойынша бір сыныпты алып, тоқсанды қарастырып бейнелеу өнері туралы әңгімелер бойынша сабақ тақырыбын таңдап оған сәйкес суретшінің суретін, репродукциясын таңдап оған мәтін-сипаттама жазып тапсырыңыз.

Әдістемелік нұсқаулар:

Мәтін-сипаттама құрастыру үшін оқу, қазақ тілі, ана тілі кітаптарынан материалдарды, үзінділерді, жыл мезгілдерінің сипаттамасын қолдануға болады, таңдалған сынып оқушыларына іріктелген материалдың түсінікті болуы шарт.


Әдебиеттер тізімінің мазмұнына: негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі кіреді:

Негізгі әдебиет:

  1. Болатбаев Қ.Қ. Бейнелеу өнері дәптері.- Алматы, 1998.



  1. Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе.- М., 1994.

3.Головина Т.Н. Изобразительная деятельность учащихся вспомогательной школы.- М.- 1974.

3.Грошенков И.А. Уроки рисования в 1- 1У классах вспомогательной школы.-М., 1975.



  1. Грошенков И.А. Коррекционно-развивающая направленность обучения рисованию во вспомогательной школе. Глава 4. - В кн.: Психологические проблемы коррекционной работы во вспомогательной школе /Под ред. Ж.И.Шиф, В.Г.Петровой, Т.Н.Головиной.- М.,1980, с.141-154..



  1. Грошенков И.А. Основные принципы работы по развитию познавательной деятельности у умственно отсталых школьников в процессе рисования.- // Дефектология, 1980, с.18-24.

  2. Грошенков И.А. Изобразительная деятельность во вспомогательной школе.-М.,1982.



  1. Грошенков И.А. Изобразительная деятельность в специальной /коррекционной/ школе УШ вида-М., 2001.



Қосымша әдебиет:

  1. Живопись. /Под ред. Парамонова А.В., Червонной С.М.- М., Просвещение, 1981.

2.Ильенко Л.П. Интегрированный эстетический курс для начальной школы: пособие для учителя.- М.. 2000.

3.Казахский орнамент: Альбом для раскрашивания.- Алма – Ата, 1986.



  1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңы.-Алматы, 2003.

  2. Неменский Б.Н., Фомина Н.Н. Изобразительное искусство и художественный труд в 1-4

классах.- М., 1991.

  1. Нұрманбетова Ұ.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар. – Қарағанды, 2003.



  1. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар.- Қарағанды, 2005.



  1. Тебенова Қ.С., Нұрманбетова У.Е., Омарова Н.Н. Мамандыққа кіріспе.- Қарағанды, 2006.



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Болашақ» университеті

Педагогика, филология және тарих факультеті

Педагогика, психология және дефектология кафедрасы



5В010500 – «Дефектология» мамандығының студенттеріне арналған

«Бейнелеу іс-әрекеті және оны оқыту әдістемесі» пәнінен студенттердің

оқытушымен орындайтын өзіндік жұмыстары

Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студент-тердің өзіндік жұмыстары боцынша өткізілетін сабақтардың жоспары

Әдістемелік нұсқаулар (барлық сабақтар үшін):

Глоссарийді жазу үшін келесі көздерді (материалдарды) қолдану қажет:

Грошенков И.А. Изобразительная деятельность во вспомогательной школе, - М., 1982. Грошенков И.А. Изобразительная деятельность в специальной (коррекционной) школе УШ вида. – М., 2001.

Косминская В.Б., Халезова Н.Б. Основы изобразительного искусства и методика руководства изобразительной деятельностью детей. - М., 1987. Костерин Н.П. Учебное рисование. – М., 1980.

Неменский Б.Н., Фомина Н.Н. Изобразительное искусство и художественный труд в 1-4 классах.- М., 1991.

Ералин Қ., Болатбаев Қ., Сәндік қолданбалы өнер сабақтары.-Алматы, 1999.

Қайдаров Ә., Ақтамбердиев З., Омірбеков Б.; Түр-түстердің тілдегі көрінісі.- Алматы, 1992.

Әлмұхамбетов Б.; Балкенов Ж., Сурет салу және бояумен жұмыс устеу әдістері.-Алматы, 1987.

Төлебиев Ә., Сурет сала білесің бе?- Алматы, 1990.

Әлмұхамбетов Б.; Балкенов Ж., Сурет салу және бояумен жұмыс устеу әдістері.-Алматы, 1987.



Төленбаев С., Өмірбекова М., Қазақтың ою-өрнектері.-Алматы, 1993.

Кіріспе. Бейнелеу өнері, оның мазмұны мен түрлері. Бейнелеу өнерінің маңыздылығы. Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі ұғымдары бойынша глоссарий жазу: кескіндеу өнері, графика, мүсіндеу, сәулет өнері, сәндік-қолданбалы өнер, натюрморт, қарындаштар, акварель, гуашь, өнердегі техника, палитра, тушевка, штрихтау, хроматикалық түстер (негізгі және туынды), жылы, суық, ахроматикалық түстер.



  1. Тақырып бойынша терминдер мен ұғымдарды қолданып кроссвордты құрастыру.

  2. Ақкарель техникасындағы жаттығулар. Бір түсті екіншінің үстіне салу, қою түстен ашық түске ауысу бір түстен екіншіге ауысу және т.б.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру, орындалған жаттығуларды тексеру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Кроссвордта қолданылатын ұғымдардаң саны 10 кем болмауы керек.



  1. Жұмысты орындау үшін: графитті қарындаш, сызғыш, өшіргіш, акварель бояулары, палитра, суы бар ыдыс, қылқалам (колонок № 2, № 6) қажет.

Көмекші мектеп оқушылары-ның бейнелеу іс-әрекеттерінің ерекшеліктері.

Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі ұғымдары бойынша глоссарий жазу: бейнелердің қарапайымдылығы мен схемалығы, бейнелердің статикалығы, бейнелердің стереотиптігі дизайн, дизайнер интерьер, колорит, композиция, контур, мольберт, мотив, нобай (набросок), халық көркемдік өнерлері, перспектива, пропорциялар, көмір, фломастер, сангина.



  1. Конспекті талқылау.

  2. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың бейнелеу іс-әрекетінің ерекшеліктері бойынша ғылыми мақалаларға аннотация жасау.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Конспект тақырыбы 2.6.1 тарауында п.1. берілген.



    1. Аннотацияны оқылғанды қысқаша мазмұндау деп түсінеміз.

Көмекші мектептегі түзете-тәрбиелеу жұмысы жүйесіндегі бейнелеу әрекеті.

Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі ұғымдары бойынша глоссарий жазу: стилизация, сюжет, трафарет, фон, шрифт, эскиз, эстамп, этюд, аннотация, конспект, реферат.

  2. Сурет салуды мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму динамикасын анықтау құралы және көрсеткіші ретінде қолданудың мысалдарын келтіріңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Мысалдарды ғылыми зерттеу бағыттары бойынша ғылыми мақалаларды іздестіру негізінде келтіріңіздер.

Кем ақылды оқушыларды бей-нелеу әрекетіне оқыту принциптері, әдістері және оқытуды ұйымдастыру жұмыстары.
Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі терминдері бойынша глоссарий жазу: ақыл-ой тәрбиесі, сенсорлық тәрбие, адамгершілік-құлық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, оқыту түрлері, сабақ, сабақ типі, сабақ құрымы, топсеруен, бояулы контраст, перспектива, линейлік перспектива, ауа перспективасы, гравюра.



  1. Арнайы (түзете) сабағына қатысып, оның

жалпы білім беретін мектептің (кемақылды балаларға арналған) сурет талдауы жасау.

жеке әңгімелесу, кеңес беру.



СОӨЖ өткізу түрі:

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Арнайы мектептегі сурет сабағына қатысу барысында сабақты талдау үлгісіне көңіл аударыңыз (2.6.тарау 4 тақырыпқа қара).

Бейнелеу әрекетіне оқытудағы пропедевтикалық кезеңіндегі түзете-тәрбиелеу жұмысы. Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі терминдері бойынша глоссарий жазу: симметрия, трафарет, шаблон,

штрих.

  1. Геометриялық кескіндердің, көкөніс, жемістердің трафареттері мен шаблондарын жасау.



  1. Линейлік суреттін орындалу кезеңдерін салу. Көбелекті (жапырақты) бірізділікпен салу. Бейнеленген жапырақты штрихтау.



  1. Қолдың ұсақ моторикасын дамыту үшін сергіту сәттері мен гимнастикалық жаттығуларды іріктеу.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру, тәжірибелік жұмысты тексеру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Трафарет пен шаблондарды жасау үшін қатырма қағаз, түсті қатырма қағаз, қайшы, жай және түсті қарындаштар немесе гуашь, суы бар ыдыс, қылқалам, сызғыш, өшіргіш, скотч, немесе желім, жазу қағазы қажет.



  1. Линейлік суретті салу үшін сурет альбомы, жай қарындаш, сызғыш, өшіргіш қажет.

  2. Сергіту сәті мәтінің, жасалынатын жаттығулардың, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға бағытталған гимнастикалық жаттығулардың орындалуын жазбаша түрде көрсету қажет

Қолданбалы сәндік өнері және оның ерекшелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі терминдері бойынша глоссарий жазу: бордюр, сәндік-қолданбалы өнер, халық көркем өнері, ою, ритм, өрнек, стилизация, симметрия.

  2. Шаршының ішіндегі өрнек. Бірізділікпен салу (схемасын альбомға салу).

  3. Заттарды (тақта, ожау, дәленке, кесе, киім) бояу халық өнерінің өрнек элементтерімен әшекейлеу (хохлома, дымково, городец, қазақ оюлары).



  1. Рефераттарды талқылау.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру, тәжірибелік жұмысты тексеру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Тәжірибелік жұмысты орындау үшін сурет альбомы, жай және түсті қарындаштар немесе гуашь, суы бар ыдыс, қылқалам, сызғыш, өшіргіш, скотч, немесе желім, жазу қағазы қажет.



  1. Реферат тақырыптары 2.6.1 тарауында п.п.2, 3, 4 берілген.

Затқа қарап (натурадан) сурет салу және оның өзгешелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы. Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі терминдері бойынша глоссарий жазу: табиғи затқа қарап сурет салу, натура, натюрморт, нобай (набросок), эскиз, сәуле (свет), блик, көлеңке (тень), жартылай көлеңке (полутень), құлама көлеңке (падающая тень), рефлекс, фон, композиция.



  1. Затқа қарап сурет салу (2-3 заттан тұратын натюрморт: ыдыс, көкөніс, жеміс-жидек (кескіндеу өнері)).



  1. Конспектті талқылау.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру, тәжірибелік жұмысты тексеру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар:

  1. Тәжірибелік жұмысты орындау үшін сурет альбомы, жай және түсті қарындаштар, акварель немесе гуашь, суы бар ыдыс, қылқалам, сызғыш, өшіргіш, скотч, немесе желім, жазу қағазы қажет.



  1. Конспект тақырыптары 2.6.1 тарауында п. 5 берілген. Конспект жазу үшін 2.6 тарауында 7 тақырып бойынша ұсынылған көздерді қолдануға болады.



Тақырыптық сурет салу және оның өзгешелігі. Түзете-тәрбиелеу жұмысы.

Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі терминдері бойынша глоссарий жазу: сюжет, колорит, композиция, перспектива, пропорциялар.

  2. Бейнелеу өнері сабағындағы жеке және дифференциалды ықпал ету проблемалары бойынша мақалалардың аннотацияларын құрастыру.



  1. Тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындау.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру, тестілеу. Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар

  1. Аннотацияны оқылғанды қысқаша мазмұндау деп түсінеміз.

Көмекші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері еңбектерімен таныстыру.

Тапсырма:

  1. Тақырыптың негізгі терминдері бойынша глоссарий жазу: сурет (картина), кескіндеу өнері, натюрморт, репродукция, сюжет.

  2. Рефераттарды талқылау.

  3. Тақырып бойынша тест тапсырмаларын орындау.

СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру, тестілеу.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар 1. Реферат тақырыптары 2.6.1 тарауында п.п.6, 7 берілген.

Көмекші мектептегі бейнелеу өнері бойынша сыныптан тыс жұмыстар.

Тапсырма:

  1. Тақырып бойынша мақалалар каталогын құрастыру. СОӨЖ өткізу түрі: жеке әңгімелесу, кеңес беру.

Өзіндік жұмыстарды орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар

  1. Мақалалар каталогы келесі мәліметтерге ие болуы қажет: Авторы. Мақала тақырыбы. // Журнал атауы. – жылы. - №. – беті.

Әдебиеттер тізімінің мазмұнына: негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі кіреді:

Негізгі әдебиет:

  1. Болатбаев Қ.Қ. Бейнелеу өнері дәптері.- Алматы, 1998.



  1. Воронкова В.В. Воспитание и обучение детей во вспомогательной школе.- М.,

1994.

  1. Головина Т.Н. Изобразительная деятельность учащихся вспомогательной школы.- М.- 1974.



  1. Грошенков И.А. Уроки рисования в 1- 1У классах вспомогательной школы.-М., 1975.



  1. Грошенков И.А. Коррекционно-развивающая направленность обучения рисованию во вспомогательной школе. Глава 4. - В кн.: Психологические проблемы коррекционной работы во вспомогательной школе /Под ред. Ж.И.Шиф, В.Г.Петровой, Т.Н.Головиной.- М.,1980, с.141-154..

  2. Грошенков И.А. Основные принципы работы по развитию познавательной деятельности у умственно отсталых школьников в процессе рисования.- // Дефектология, 1980, с.18-24.

  3. Грошенков И.А. Изобразительная деятельность во вспомогательной школе.-М.,1982.



  1. Грошенков И.А. Изобразительная деятельность в специальной /коррекционной/ школе УШ вида-М., 2001.

Қосымша әдебиет:

1. Живопись. /Под ред. Парамонова А.В., Червонной С.М.- М., Просвещение, 1981.

2.Ильенко Л.П. Интегрированный эстетический курс для начальной школы: пособие для учителя.- М.. 2000.

3.Казахский орнамент: Альбом для раскрашивания.- Алма – Ата, 1986.



  1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық –педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңы.-Алматы, 2003.



  1. Неменский Б.Н., Фомина Н.Н. Изобразительное искусство и художественный труд в 1-4 классах.- М., 1991.

  2. Нұрманбетова Ұ.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар. – Қарағанды, 2003.



  1. Тебенова Қ.С. Дамуында ауытқуы бар балалар.- Қарағанды, 2005.



  1. Тебенова Қ.С., Нұрманбетова У.Е., Омарова Н.Н. Мамандыққа кіріспе.- Қарағанды, 2006.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет