Әдебиет №3, 14 – 18 беттер.
Кез келген қатты дененің еркін қозғалуын шектейтін әсерлер байланыстар деп аталады. Ол байланыстарды тудыратын басқа денелер әдетте тіректер деп аталады.
Байланыстар мен олардың реакциялары. Механикада еркін және еркін емес денелер қарастырылады. Кеңістіктегі кез келген бағытта қозғала алатын дене еркін дене деп аталады. Егерде дененің кеңестіктегі қозғалысы қандайда бір басқа денемен шектелген болса, онда ол еркін емес дене деп аталады. Берілген дененің қозғалысын шектейтін денені байланыс деп атайды. Дененің байланысқа әсер ететін күшін қысым күші деп атайды, ал байланыстық денеге әсер күшін байланыс рекциясы немесе жай ғана реакция дейді.Өз ара әсер заңы негізінде, бұл түзудің бойымен қарама-қарсы бағыттала әсер ететін күштер. Сонымен қатар бұл күштер әр денеге түскендіктен күштер жүйесін құра алмайды.
Денеге әсер ететін күштер актив және реактив күштер болып екіге бөлінеді. Тыныштықтағы денені қандай да бір қозғалысқа келтіре алатын күшті актив күш деп атаса, осы қозғалысқа кедергі болатын күшті реактив күш деп атайды. Актив күштің модулі мен бағыты алдын ала беріліп және тәуелсіз болса, реактивті күштердің шамалары мен бағыттары көп жағдайда алдын ала белгісіз және денеге әсер етуші актив күштерге тәуелді болады. Актив күшті жиірек жүктеме деп атайды.
Статиканың көптеген есептерін шешкенде еркін емесе денені еркін дене ретінде қарастырады. Ол мүмкіндік байланыстар аксиомасы немесе дененің босану ережесіне негізделген. Бұл аксиома былай тұжырымдалған: байланыстарды алып тастап, оларды реакциялармен алмастыру арқылы кез келген еркін емес дене актив және реактив күштер әсеріндегі еркін дене ретінде қарастыруға болады.
Реакциялардың модульдері мен бағыттары алдын ала белгісіз, модульдері актив күштердің модульдеріне тәуелді болса, бағыттары байланыстардың дененің қандай бағыттағы мүмкіндік қозғалысын шектейтіне байланысты.
Енді конструкцияларда кездесетін байланыстардың негізгі түрлеріне тоқталып, олардың реакцияларының мүмкін болатын бағыттарын көрсетейік.
Достарыңызбен бөлісу: |