Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет13/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51
в)

1) Идеал жылтыр бет. Идеал жылтыр беттің реакциясы әр уақытта да жанасушы беттерге ортақ нормаль бойымен бағытталады (16,а – сурет).

2) Иілгіш байланыс. Мұндай байланысқа абсолют созылмайтын және салмақсыз деп құрастырылатын жіп, арқан және шынжыр жатады. Иілгіш байланыстар тек созылған жағдайда ғана жұмыс істейді сондықтан реакциялары олардың бойымен байланыстардың ілінген нүктелеріне қарай бағытталады (16,б,в – сурет).

3) Жылжымалы топсалы тірек. Жылжымалы топса дененіңз тіреу жазықтығымен қозғалыс жасауына кедергі келтірмейді де оған перпендикуляр бағыттағы қозғалысын шектейді. Сондықтан да оның реакциясы әрдайым тіреу жазықтығына перпендикуляр бағытталады (17,а,б – сурет).


Жылжамалы топсалы тіректерідің шартты белгілену түрлері 17,в,г – суреттерде көрсетілген.

4
) Жылжымайтын-топсалы тірек. Мұндай тірек денеге топсаны емін еркін айнала қозғалуына мүмкіндік береді де, оның топса өсіне перпендикуляр кез келген бағыттағы ілгерлемелі қозғалысын шектейді (18,а – сурет).

Демек, жүктелген дененің топса осіне перпендикуляр жазықтықта қандай бағытта тіркке әсер ететіні алдын ала белгісіз. Сөйтіп, реакциясын бұл жазықтықта кез келген бағытта болуы мүмкін (18,а – сурет) Бағыты да, шамасы да белгісіз, толық реакцияның орнына әдетте оның координаталық өстердегі проекциялары анықталады. Егер және проекциялары белгілі болса, онда толық реакцияның шамасы мен бағытын 4-аксиома бойынша анықтауға болады. 18,б – суретте жылжымайтын-топсалы тіректің шартты кескіндеуі көрсетілген.

5
) Жылжымайтын сфералық топсалы тірек. Бұл топса денеге кеңестікте әсер ететін жағдайда пайдаланылады. Сфералық топса дененің бір нүктесін қозғалмайтын етіп бекітеді. Дене осы бекітілген нүктесі арқылы өтетін өспен айнала алады. Қозғалмайтын нүктедегі реакция кеңестікте кез келген бағытта болуы мүмкін. Сондықтан да ол өзінің проекциялары арқылы ізделінеді(19.а – сурет).



6) Жылжымайтын өкшелі тірек. Бұл тірек цилиндірлік топса мен жазықтық беттің байланысынан болады. Реакцияның бағыты да, шамасы да алдын ала белгісіз, оның орны мен шамасы координаталық өстердегі жіктеулері арқылы анықталады (19,б – сурет).


7) Қатаң байланыс. Бұл тірек өзіне бекітілген дененің екі (жазық және тік) бағытта қозғалуына және дененің тірекке қарағанда бұрылуына мүмкіндік бермейді (20,а – сурет). Қатаң тіректің шартты кескіндеуі 20,б-суретте көрсетілген. Мұндай тіректің үш реакциясы бар: тік бағыттағы , жазық бағыттағы және момент . Бұл реакциялардың бағыттары мен шамалары алдын ала белгісіз болады.


8) Қатаң шыбық немесе шыбықты байланыс. Мұндай байланыс, ұштарында топсасы бар, салмақсыз түзу шыбықпен жүзеге асырылады және сыртқы күш тек оның ұштарына түсетін болса, оның реакциясы тек шыбық бойымен бағытталады (20,в – сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет