Бойлық күш, тік кернеу және деформациялардың эпюрін тұрғызу.
Созылған немесе сығылған сырықтарды беріктікке және қатандыққа есептеу үшін оның көлденең қимасындағы бойлық күштердің, тік кернеулердің және деформациялардың ең үлкен мәндерін табуға тура келеді. Практикада сырықтарға бір мезгілде бірнеше сыртқы күштер әсер етуі мүмкін сондықтан бойлық күш, тік кернеу және деформациялар сырықтың әртүрлі қимасында әртүрлі мәндерге еге болады. Осындай жағдайда олардың ең үлкен мәндерін табу үшін эпюрлерін тұрғызу қажет болады. Сырықтардың деформацияларын анықтау, кейін статикалық анықталмаған есептерді шешу үшін-де керек болады.
Мысал ретінде үш аралықтан түратын 34 — ші суретте көрсетілген сырықты қарастырайық Суретте кескінделген сырық сол жақ ұшынан қатаң бекітілген Сыртқы күштер мен сырықтың геометриялық өлшемдері келесі мәндерге тең:
F1 = 40кН; F2 = 90кН; F3 = 30кН; Сырықтың барлық аралығының ауданы бірдей А = 5см2; Аралықтардың ұзыңдықтары l1 = 20 см; l2 = 30 см; l3 = 15 см; Сырықтың материалы болат серпімділік модулі Е = 2*104 кН/см2 . Кейбір есептерде аралықтардың материалдары әртүрлі болуы мүмкін ондай жағдайда олардың серпімділік модульдері-де әртүрлі болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |