Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Материалдардың механикалық касиеттері



бет31/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51
Материалдардың механикалық касиеттері.

Машина бөлшектерін беріктікке есептеу сол бөлшектер жасалған материалдың механикалық қасиеттеріне сүйене отырып жасалады. Материалдар кедергісі пәнінде (жалпы беріктікке есептеулерде) материалдың екі түрлі механикалық қасиеттері кең қолданылады, олар материалдың беріктік және пластикалық қасиеттері. Материалдың беріктік касиеттерін негізінен келесі үш кернеу сипаттайды:



sпш (tпш) - материалдың пропорционал шегі МПа, кН/см2

sаш (tаш) - материалдың аққыштық шегі МПа, кН/см2

sбш (tбш) - материалдың беріктік шегі МПа, кН/см2

Ал материалдың пластикалық қасиеттерін келесі екі коэффициент сипаттайды:



- салыстырмалы жіңішкеру коэффициенті, және

- салыстырмалы ұзару коэффициенті.

Материалдардың механикалық қасиеттері мемлекеттік стандарттарға сай жүргізілген лабораториялық сынақтар арқылы анықталады. Сынақ түрлері өте көп соның ішіңде негізгі сынақтар болып материал үлгілерін созуға, сығуға және қиюға сынау болып табылады. 37 - суретте созуға сыналатың үлгі кескінделген.






37 – Сурет.
Үлгінің бастапқы үзындығы мм, ал бастапқы диаметрі мм болады. Үлгі жылжымалы ілгектің жылдамдығы 4мм/мин қозғалыспен сыналады. Үлгінің созылуы кезіндегі оған түсірілген күш пен сол күшке сәйкес үлгінің ұзару деформациясы арасындағы байланыс график түрінде қағазға автоматты түрде жазылып алынады, ол график материал үлгісінің созылу диаграммасы деп аталады. Осындай диаграмма болаттан жасалған үлгі үшін 38 - суретте келтірілген. Созылу диаграммасын өндеу арқылы материалдың механикалық қасиеттері анықталады.

Диаграмманың ОВ аралығы серпімді деформация аралығы, ал ВС аралығы

материалдың аққыштық қасиеті байқалатың аралық болып табылады. СД аралығы шындалу, ал ДЕ аралығы қирау аралығы деп аталады. Диаграммадан табылған күштер мәнін үлгінің бастапқы қима ауданына бөліп материалдың беріктік қасиеттерін сипаттайтын кернеулерді табамыз:

кН/см2 - пропорционал шек

кН/см2 - аққыштық шек

кН/см2 - беріктік шек

Беріктік шартындағы мүмкіндік кернеу пластикалық материалдар үшін

[s] = sбш /1.5, ал морт материалдар үшін [s] = sбш /3.0 өрнектерімен анықталады. 1.5 және 3.0 сандары беріктік қоры коэфициенттері деп аталады.

Материалдың пластикалық қасиетін сипаттайтың шамалар келесі формулалармен есептеледі.



- салыстырмалы ұзару

- салыстырмалы жіңішкеру
Д

С Е


В


О


38 – Сурет.

Бақылау сұрақтары:



  1. Сырықтардың созылуы немесе сығылуы дегеніміз не?

  2. Сырықтардың созылуы немесе сығылуы кезінде қандай ішкі күштер туындайды?

  3. Бойлық күш оң таңбалы болса ол не?

  4. Бойлық күштің эпюрі дегеніміз не, жалпы эпюр дегеніміз не?

  5. Күш факторларының эпюрі не үшін тұрғызылады?

  6. Толық, тік және жанама кернеулер қалай анықталады?

  7. Материалдардың механикалық қасиетіне нелер жатады?

  8. Материалдардың механикалық қасиеттері қалай анықталады?

  9. Сырықтар созылуы немесе сығылуы кезінде беріктікке қалай есептеледі?

  10. Мүмкіндік кернеу не, ол қалай анықталады?

9 Лекция. Өсі бойымен созылған немесе сығылған сырықтарды есептеу

Қарастыратын сұрақтар:


  1. Өсі бойымен созылған немесе сығылған сырықтарды беріктікке есептеу.

  2. Өсі бойымен созылған немесе сығылған сырықтарды қатаңдыққа есептеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет