Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі


Нақты құрылым элементтерінің схемаларын құру



бет25/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51
Нақты құрылым элементтерінің схемаларын құру.

Жүк көтеруші құрылымдардың беріктігін, қатаңдығын және орнықтылығын есептеу үшін нақты инженерлік құрылымдардың, көпірлердің және азаматтық ғимараттардың есептеу схемаларын қарастырады. Бұл схемаларда құрылымдардың элементтерін, бір-бірімен байланысын, тіректерін, сыртқы күштерді идеалды түрге (оңайлатылған түрі) келтіріп алады, себебі құрылымның элементтерінің барлық геометриялық өлшемдері мен формасын және бір-бірімен әсерлесуінің түрін дәл және толық ескеріп есептеу өте үлкен қыйындықтар туғызады, кейде тіпті мүмкін болмайды.

Құрылымның схемасы дегеніміз оның нақты түрінің, оған түсірілетін жүктемелердің ерекшеліктерін және құрылымның осы әсерге қарсы тұру мүмкіндігін ескеріп сызылатын оңайлатылған кескіні. Мысалы арқалық және бағана сияқты сырықтар тәрізді құрылым элементтері схема түрінде олардың өсімен сәйкес келетін түзу сызықтармен көрсетіледі. Құрылымның есептеу схемалары әртүрлі жүйедегі түрде көрсетілуі мүмкін: топсалы-сырықтар жүйесі, рама тәріздес, пластина тәріздес т.с.с. Есептеу практикасында қажетті дәлдікке байланысты бір құрылымның өзіне әртүрлі есептеу схемаларын қабылдауға тура келеді. Әдетте алдын-ала есептеулерді жүргізу үшін жүйенің оңайлатылған схемасын, ал ақтық есептеулер үшін күрделі түрдегі дәл схемалар қарастырылады.

А)


б)

в)

31 – Сурет. а) – нақты құрылым, б) – топсалы-сырықтар түріндегі есептеу схемасы, в) – қатаң түйінді дәл есептеу схемасы.


Нақты құрылымның көрнекі мысалы ретінде 31(а) суреттегі ферманы айтуға болады, оның элементтерінің қосылған түйіндері (узлы) дәнекерленген қосылыстар болып табылады. Осы ферманың оңайлатылған есептеу схемасы 31(б) суретте кескінделген топсалы-сырықтар жүйесі болса, ал күрделі және дәл схемасы қатаң түйіндермен қосылған рамалар жүйесі, 31(в) сурет, болып табылады.

Оңайлатылған есептеу схемасын қолмен есептеуге болады, ал күрделі дәл есептеу схемасын тек электронды есептеу машинасының көмегімен есептейді, өйткені бұл жағдайда жоғарғы дәрежелі алгебралық теңдеулер жүйесін шешуге тура келеді. Егер құрылымның элементтерінің ұзындығы оның қима өлшемінен он есе және одан-да жоғары болса, яғни 10h < l шарты орындалса, 1 – ші суретте көрсетілген нақты құрылымды оңайлатылған есептеу схемасы бойынша есептеу жеткілікті дәлдіктегі қорытынды береді.

Құрылымның қаңқасы, оның құраушы элементтерінің бір-бірімен салыстырғандағы орналасуына байланысты, жазық және кеңістік болып бөлінеді. Жазық құрылымдар практикада сирек кездеседі, бірақ олар кеңістік құрылымдардың құраушысы ретінде оңайлатылған есептеу схемасын құрып, кеңістік құрылымдарды есептеуге мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:



  1. Материалдар кедергісі дегеніміз не?

  2. Беріктік дегеніміз не?

  3. Қатаңдық дегеніміз не?

  4. Машина бөлшегі мен құрылым элементтерінің орнықтылығы дегеніміз не?

  5. Сыртқы күштер қайдан пайда болады?

  6. Сыртқы күштердің түрі қандай?

  7. Сыртқы күштердің өлшемі қандай болады?

  8. Ішкі күштер дегенініз не?

  9. Ішкі күштер қайдан пайда болады?

  10. Ішкі күштер қалай анықталады?

  11. Ішкі күштерді анықтау не үшін қажет?

  12. Қима тәсілі дегеніміз не?

  13. Қима тәсілі қалай орындалады?

  14. Нақты құрылымдарды неге схема түрінде көрсетеміз?

  15. Нақты құрылымдардың схемасын құрғанда қандай талаптар орындалуы керек?

  16. Кернеу дегеніміз не?

  17. Кернеулердің қандай түрлері болады?

  18. Басты кернеулер дегеніміз не?

  19. Орын ауыстыру дегеніміз не?

  20. Деформация дегеніміз не?

8 Лекция. Статикалық анықталған жүйелердің (сырықтардың) созылуы немесе сығылуы.

Қарастыратын сұрақтар:


  1. Сырықтардың өз өсі бойымен созылуы немесе сығылуы кезіндегі ішкі күштер мен кернеулер.

  2. Ішкі бойлық күштердің және кернеулердің эпюрі.

  3. Сырықтың көлденең және көлбеу қималарындағы кернеулер, жанама кернеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет