Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет23/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51
Ішкі күштер. Денеге әсер ететін сыртқы күштер оның бөлшектерінің арасында қосымша күштердің пайда болуына (туындауына) соқтырады, ол күштер ішкі күштер деп аталады. Ішкі күштерді анықтау материалдарды беріктікке, катаңдыққа және орнықтылыққа есептеудің негізі болып табылады. Материалдың беріктігі ішкі күштер шамасымен бағаланады. Яғни машина бөлшектері мен құрылым элементтерінің қималарындағы ішкі күштерді анықтау оларды беріктікке есептеудің алғы шарты болып табылады. Ішкі күштер материалдар кедергісі пәнінде кең таралған қима тәсілімен анықталады.

Қима тәсілі. Бұл тәсілдің орындалу жолы 30 – шы суретте көрсетілген. Суретте кескінделген кез келген бір дене тепе-теңдік жағдада болсын. Ішкі күштерді аныктау үшін оны, сол ішкі күштерді анықтайтын қимадан, m жазыктығымен ойша қиып екіге бөлеміз.

Кез келген бір бөлігін ойша алып тастап келесі бөлігінің тепе-теңдігін карастырамыз.

Мысалы сол жак бөлігін жеке алып қарастырайық, Қиманың ауырлық орталығынан координаттар өстерін жүргіземіз.

у

x



z

30 – Сурет.

Ойша алып тастаған бөлік пен қарастырып отырған бөліктердің бір-біріне әсері ішкі күштермен сипатталады (белгіленеді). Ол күштерді қиманың ауырлық орталығына келтірілген басты күш Ғ және басты момент М арқылы көрсетуге болады. Бұл басты ішкі күштерді олардың өстердегі құраушыларына жіктеп Qx, Qy, Nz деп белгіленген өстерге паралель күштермен және mx, my, mz деп белгіленген өстер айналасындағы моменттермен алмастыруға болады.

Машина бөлшектерін беріктікке есептеуде ішкі күштердің осы алты құраушысын анықтау жеткілікті болады. Олардың мәнің анықтау үшін теориялық механикада қарастырылған статиканың тепе-теңдік теңдеулерін пайдаланамыз, олардың-да саны алтау екені белгілі.

1)SМх = 0 осы теңдеуден mx табамыз

2)SМу = 0 осы теңдеуден mу табамыз

3)SМz = 0 осы теңдеуден mz табамыз

4)SFх = 0 осы теңдеуден Qx табамыз

5)SFy = 0 осы теңдеуден Qy табамыз

4)SFz = 0 осы теңдеуден Nz табамыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет