Лекциялар конспектісі жинағы ш ымкент, 2021 ж. ҚАзақстан республикасының білім және ғылым министірлігі



бет22/51
Дата13.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#125892
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Сыртқы күштер

Машина бөлшектерінің және құрылым элементтерінің бір-бірімен әсері олардың арасындағы күштер арқылы белгіленеді. Ол күштер сыртқы күштер деп аталады себебі бір денені екінші денеге әсері олардың беттері арқылы беріледі.

Сыртқы күштерді яғни дене бетіне әсер ететін күштерді келесі үш түрге бөліп қарауға болады екен. Оларды бұлай бөлу есептеу жұмыстарын оңайлату үшін жасалады.

1) Шоғырланған күш ол F - әрпімен белгіленеді, Ньютон (Н) өлшемімен өлшенеді, бағыты стрелкамен көрсетіледі (бұл ұғым теориялық механика пәнінде егжей - тегжей қарастырылған) ол 28 – ші суретте көрсетілген.

Күш әсер ететін алаңша өте аз болғандықтан бұл күш бір нүктеге әсер етеді деп қарастыруға болады. Мысал ретінде вагон дөңгелегінің рельске жанасу кезінде олардың арасында пайда болатын күшті айтуға болады.
Ғ

Вагон дөңгелегі


Темір жол рельсі
28 – Сурет.
2) Таралып әсер ететін күштер. Бұл күштер дененің белгілі бір ұзындығына немесе белгілі бір ауданына (бетіне) әсер ететін күштер, бұл күштер қарқындылығымен сипатталады, яғни q = [Н/М], ұзындыққа немесе р=[Н/М2] аудан бірлігіне әсер ететін күштер шамасын сипаттайды, олар тұрақты, яғни біркелкі, немесе айнымалы, яғни әркелкі таралған болып келеді. Олардың мысалы 29 – суретте көрсетілген.

q p

29 – Сурет.


3) Шоғырланған момент ол М әрпімен белгіленеді-де [Н . м] өлшемімен өлшенеді. Ол дененің бір қимасындағы немесе бетіндегі жұп күштердің әсері болып табылады. Чертеж бетінде моменттер


М немесе М түрінде көрсетіледі.

Бұл моменттер сағат тілі жүрісіне бағыттас (бұл жағдайда ол статиканың теңдеуіне теріс таңбамен қосылады) және сағат тілі жүрісіне кері бағыттас деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет