фольклортану ғылымында қазақ эпосына қатысты Р.Бердібай, С.Қасқабасов, Ш.Ыбыраев
т.б. жаңаша зерттеулерімен танылды. Батырлық эпос шығу мерзімі жағынан түркі
қағанаты,
оғыз-қыпшақ, ноғайлы дәуірлерімен ерекшеленеді. Батырлық жырлардың
классикалық үлгілері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбарлар» болса,
тұтастану құбылысына жауап беретін «Қырымның қырық батыр» жырлары бар. Эпикалық
батырлық жырларды жырлаушы көптеген өнер өкілдерінің есімдері мәлім. Жырлану
барысында эпостық
жырлар бірнеше нұсқаға айналып, бірнеше варианттарына
байланысты версиялар құрайды. Типологиялық жағынан көптеген ұқсастықтар бар. Ұқсас
жерлер,
тізбектеле жырлау, негізгі мифтері ғажайып туылу,
жедел өсу, үйлену, жекпе-
жек, соғысу, түс көру, мұратына жету т.б. болып келеді. Көркемдік жағынан аллитрация
мен ассонанс, гиперболла мен литота, теңеу мен эпитет және т.б. батырлық эпостан мол
ұшырасады.
Достарыңызбен бөлісу: